Сайтқа кіру Тіркелу

Шыншылдық – Адамдықтың белгісі

Сабақтың тақырыбы: Шыншылдық - Адамдықтың белгісі.
Мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
- шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету;
- өзара адал қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құрал: кітап, интерактивті тақта.
Шаттық шеңбері:
Балалар шеңбер құрып, мұғаліммен бірге Қадыр Мырза Әлидің «Болады - болмайды» өлеңін айту. Мұғалім оқиды, балалар өлең жолдарына « болады» немесе «болмайды» деп қосылып айтады.
Болады - болмайды (өлеңін айту)
Қ. Мырза Әли
Күйші болуға (болады), Пысық болуға (болады),
Биші болуға (болады). Кішік болуға (болады),
Ерке болуға (болады), Әкім болуға (болады),
Серке болуға (болады). Ақын болуға (болады).
Маман болуға (болады),
Жаман болуға (болады),
Айтпақшы,
Жаман болуға (болмайды)!
Олай болса балалар, бүгін сендермен Шыншылдық - Адамдықтың белгісі тақырыбын өтеміз.
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім мәтінді оқу барысында әрбір оқиғадан кейін кідіріс жасап, сұрақ қою арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып отырады. Оқулықтағы «түлкі мен ешкі» ертегісін оқып беру.
Түлкі мен ешкі
(ертегісі)
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
- Ей түлкі батыр, не қылып тұрсың?- депті.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп - тұнық суы бар екен,- депті.
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, түлкі шын айтып тұр ма
Мұны естіп ешкі: « Мен де салқындайын, әрі су ішейін» деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкіекең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, ырғып апаннан шығып жөніне кетіпті. «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген осыдан қалыпты.
Түлкінің әрекеті дұрыс па?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Тыныштық сәті
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Дәйексөз
Мұғалім тақтаға « өтірік өрге баспайды» деп жазып қояды және осы халық даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
- Балалар, адам өтірік атқанда өтірігін біреу біліп қоя ма, деп қиналады. Шындық ашылып қала ма, деп сезіктенеді. Расында, өтірік ұзаққа бармайды, шындық қашанда жеңіп шығады да, өтірік айтқан адам ұятқа қалады. Ал шындықты айтқан адамның жүрегі ауырмайды, қашанда жарқын, адамдар арасында сыйлы болады. Сондықтан да дана халық « Өтірік өрге баспайды»,- деп өсиет қалдырған.
Балалар дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазады.
Тапсырма
Мұғалім өтіріктің жағымсыз қылық екенін ұғындыру мақсатында тапсырма береді. Тапсырма бойынша балалар оқулықта ұсынылған сөйлемдерді өз ойларымен жалғастырады.
Өтірікші алдымен өзін....
... шын сөзі зая.
Жағдаяттарды талдау
Балалар топқа бөлініп, төмендегідей жағдаяттарды өз топтарында талдайды және әр топ өз шешімдерін айтып шығады.
1 - жағдаят. Нұрсәуле анасының жақсы көретін моншағын үзіп алды.
2 - жағдаят. Анасы Айбарға балыққа жем ал деп ақша берді. Ол ақшаны ойыншыққа жұмсап қойды.
Мұғалім жағдаяттарды таныстырып, мына сұрақ бойынша талдау жасайды:
Балалардың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
Дәптермен жұмыс
Мұғалім дәптермен жұмысты түсіндіреді.
Дәптер бетінің екі шетіне «Шындық» және «Өтірік» деген сөздер, ал олардың ортасына бақыт, қуаныш, ұят, сенімділік, сенімсіздік, махаббат, реніш сөздері жазылған. «Шындық» неге жеткізеді?, ал «өтірік» ше? Осыларды анықтап, түсу сызық арқылы бағыттап көрсету тапсырылады.
Жүректен жүрекке
Мұғалім плакаттағы шың суретінің ең биік жеріне от алауының суретін жапсырып, өзі қорытындылайды:
-«Шындық шыңында» от лаулап мәңгі жанып тұрады, өйткені ол - шындық. Шындық оты біздің де жүрегімізде лаулап тұр. Қанекей, шеңбер құрып, қолдарымызды көтерейік те, бір - бірімізге алақанымызды жақындатайық, шындық «жалынын» сезінейік.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Түлкі мен ешкі ертегісі

Түлкі мен ешкі ертегісі

Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті....
Түлкі мен ешкі ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі

Түлкі мен ешкі ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі

Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегілер халқымыздың...
Түлкі мен ешкі ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі

Түлкі мен ешкі ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі

Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегілер халқымыздың...
Шыншылдық - адамдықтың белгісі

Шыншылдық - адамдықтың белгісі

Шындық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу...
Шыншылдық - адамдықтың белгісі

Шыншылдық - адамдықтың белгісі

Өзін - өзі тану Сабақтың тақырыбы: Шыншылдық - Адамдықтың белгісі. Мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, математика, математикадан сабақ жоспары, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету