Сайтқа кіру Тіркелу

Аққу, Шортан һәм Шаян (4 сынып)

Тақырыбы Аққу, Шортан һәм Шаян. И. В. Крылов. Аударған А. Байтұрсынұлы.

Мақсаты
Мысал мазмұнын өмірмен байланыстыра талдау арқылы идеясын түсінуге мүмкіндік жасау.
Міндеттері  Шығармашылық жұмыстарды оқушының таным деңгейін көтеру, тілін, сөздік қорын дамыту мақсатында пайдалану, талдау тапсырмаларды өмірдегі жағдайларға сай қолдана білуге дағдыландыру;
 Бірлік, келісім, ынтымақ туралы түсініктердің маңызын ашуға мүмкіндік беру..
Күтілетін нәтиже  топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағытталады, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;
 мысалды талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізе, дәлелдей білу, өзгені тыңдай, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
 әр оқушы өз - өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.
Көрнекіліктері Тақта, маркер, плакат, мақал - мәтелдер
Түйінді түсініктер
 бірлік, келісім, ынтымақ

САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ
Сабақ кезеңдері, модуль Мұғалімнің әрекеті Тапсырма мазмұны Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
І Кіріспе
(оқу бағдарламасын анықтау: балалар нені оқып - үйренеді және сабақта жоспарланған жұмыс формаларының нәтижесінде қандай әрекеттерді игереді)

Модуль: жаңа әдіс - тәсілдер
Әдісі: топқа бөлу тренингі
Уақыты: 3мин
Модуль: Бағалау
Әдісі: өзара бағалау Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа қатысуын қадағалау.
Бүгінгі сабақтың мақсат, міндеттерін қою.
Оқушыларды топқа бөлу.
Ұйымдастыру кезеңін жүргізу, үй тапсырмасын қорытындылау
Алдын - ала бағалау парақтары ұсынылады.
Оқушылар өзара бағалау әдісімен жұмыстанады.
Оқушылардың «Жан біткен қалпақ» мәтін желісі бойынша салып келген суреттерін қорғайды. талдау. Сабаққа даярланады, жинақталады, жаңа сабаққа ден қояды.
Топқа бөлінеді, топ ережелерін бекітеді.
Салған шығармаларынан түйген ойларын қосады.
Оқу құралдары
Интер. тақта, оқулық, дәптер

СТО
1. Қызығушылықты ояту
Мультфильмнен үзінді көру Тақтаға немесе плакатқа маркермен жазылған, толықтыруды қажет ететін мақал - мәтелдер іледі.
Оқушы жауабын толықтырады. Тақтаға немесе плакатқа маркермен жазылған, толықтыруды қажет ететін мақал - мәтелдер ілінеді.
1. Бірігіп көтерген.......
2. Бірлік..., тірлік....
3. Бөлінгенді... жейді.
5. Ырыс алды -.... Мақал - мәтелдер бойынша топтарға бөлініп отырады.
Әр топ мақал - мәтелдерін толықтырып жазып, сол мақал - мәтел бойынша ойларын жазады.
Кіші топта талқылап, әр топтан ұнағанын сынып алдында дауыстап оқиды. Оқу құралдары
Интер. тақта, оқулық, дәптер
2. Мағынаны тану
АКТ
«Сиқырлы қалпақ» мультфильм
«Кубизм» Зерттеу жұмысын жүргізеді.
Әр топқа тосын сұрақтар қояды:
- Аққу, шортан, шаян жүкті неліктен үш жаққа тартады?
- Жүктің баратын жеріне жетпеуіне қайсысы кінәлі?...
Тақырыбы: Аққу, Шортан һәм Шаян
Авторы: И. В. Крылов. аударған А. Байтұрсынұлы
Жанры: мысал
Негізгі ойы: Бірлік болмай, тірлік болмайды.

Тақырып тақтаға жазылып, тапсырма беріледі. Автормен, аудармашымен таныстыру, қысқаша тоқталып өту.
1 - топқа: Мысалды іштей оқу. Мазмұнын әңгімелеуге дайындалу.
2 - топқа: Мазмұнды түсініп оқу. Түсініксіз сөздерді теру.
3 - топ. Мазмұнын түсініп оқу. Өлең мазмұны бойынша қорытынды ой болатын шумақты іздеп табу.
4 - топ. Мазмұнды түсініп оқу. Сабақ басында жазылған мақалдар мен мысалдың байланысын түсіндіріп айту.
Мәтіннің тақырыбынан бастап, «Болжау» стратегиясы арқылы оқып шығады.
Бөліктер бойынша берілген тәртіп бойынша жұмыс жасайды. Сөздік жұмысын жүргізеді.
Мәтінді әр түрлі бағытта түсіндіруге тырысады.
Топқа берілген тапсырманы алдымен жұпта, топта талқылап, қорытындыға бір оқушыны шығарады.
Сабақ басында жазылған мақал - мәтелдерге қайталап мән беру арқылы мысал идеясын ашады.
Сергіту сәті Сергіту сәтінде «Қаражорға» биін билейді.
4. Ойтолғау.
«Семантикалық карта» стратегиясы Оқушы ойын тыңдау.
- Бүгінгі тапсырмалар мен жұмыстарды сендер қалай орындадыңдар?
- Ендеше біріге отырып жұмыс жасаудың сендер үшін қандай жақсы, нашар жақтары бар екенін талдап көрелік. 1 - топ – Жоспар құру.
2 - топ – Мысалды суретпен бейнелеу.
3 - топ – Өмірмен байланыстыру арқылы эссе жазу.
4 - топ – Мысал туралы білетіндерін топтау арқылы түсіндіру.
Аққу, Шортан һәм Шаянға хат жазу тапсырылады. Оқушылар бірігіп жұмыс жасау арқылы сабақта қолайлы атмосфера болатынын атап өтеді. Ал жайсыздық туралы да атап өтуі мүмкін.
ІҮ Сабақты қорытындылау
(оқушылардың оқып - үйренгендерінің нәтижесін бағалау) Бүгінгі сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беріледі.
Уақыты: 5 минут Әр топ оқушыларын өзара бағалау парағы арқылы бағалату. (қалыптастырушы баға) «Бүгінгі сабақтан алған әсерім...» рефлексия жазу Үйге тапсырма: сурет салу, өлең құрастыру Оқу құралдары
Кері байланыс
(оқушылар рефлексиясы) Бүгін мен не үйрендім?
Маған не ұнады/ұнамады?
Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Аққу, шортан һәм шаян

Аққу, шортан һәм шаян

Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн, Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін. Тартады Аққу көкке, Шаян кейін, Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін....
«Әйел-ана»  Ақселеу Сейдімбек

«Әйел-ана» Ақселеу Сейдімбек

Жалпы мақсаттар: Ертегінің негізгі идеясын ашу, өз ойларын еркін жеткізу. Мәтінмен жұмыс жасата отырып сыни тұрғыдан ойлауға икемдеу...
Қыстырма сөздердің тыныс белгісі (4 сынып)

Қыстырма сөздердің тыныс белгісі (4 сынып)

Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Узденбекова Жанаргүл Кенжетайқызы...
Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы "Аққу, Шортан һәм Шаян"

Атырау қаласы, Томарлы селосы, Қ. Смағұлов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Каримова Ақөрік Сафиоллақызы...
Аққу, шортан һәм шаян

Аққу, шортан һәм шаян

Гарифоллаева Алмагул Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Аққу, шортан һәм шаян. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ахмет Байтұрсынұлы аударған И. А. Крыловтың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×