Сайтқа кіру Тіркелу

Төрт тілек К.Ушинский

Сабақтың тақырыбы: Төрт тілек. К. Ушинский.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Митяның тілегі мен көңілі барлық балаларға тән екендігін, табиғаттың кез келген мезгілінің әдемілігін көре білу керек екендігін түсінуге жағдай туғызу.
Дамытушылық: оқушыларды Табиғат - ананы сүю жай ғана сөз болмау керектігін ойландыру, проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік беру.
Тәрбиелік: айналаға көз жіберу арқылы жанашырлық сезімдерінің оянуына себепші болу.
Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: К. Ушинскийдің портреті, жыл мезгілдерінің суреттері, буклет, сөзжұмбақ, жұмбақтар, қима қағаздар, ребус, кесте, сызбалар т. б.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
ә) Үй жұмысын тексеру.
С. Сейфуллин «Қызыл шұнақ» өлеңді жатқа айту. Сұрақтарға жауап беру.
С. Сейфуллин қай жылдары өмір сүрді?
Қызыл шұнақ қандай мағынаны білдіреді? т. б.

1. Қызығушылығын ояту.
а) Ақ, сары, жасыл, қызыл түсті парақшаларға жазылған сөзжұмбақ, ребус, сөз құрау, жұмбақ шешу арқылы тақтаға ілінген тапсырмаларды орындау.
а) Сұраққа жауап ала отырып сөзжұмбақты шешу.
1. Аз сөзіне қарама қарсы сөз. (көп)
2. Үй құсы. (үйрек)
3. Күз айы (қазан)
ә) Ребусты шешу. Жауабы: (жаз)
б) Сөздердің алғашқы әріптерінен жаңа сөз жаса.
Кітап, өрмекші, кірпі, теңіз, емен, мектеп – көктем.
в) Жұмбақ шешу.
Аппақ - аппақ айнала, шыршамыз тұр жайқала.
Аязы мен бораны соғады, бұл қай кезде болады? (қыста)
- Балалар, осы түстердің қайсысы қай жыл мезгілін бейнелей алады деп ойлайсыңдар? Тақтада қыстың тұсына - ақ, көктемнің тұсына... түстер қойылып, содан кейін неліктен ол түстер таңдалып алынғанын оқушылар дәлелдейді. Ал осы
2. Мағынаны тану.
- Балалар, бүгін біз сендермен Константин Дмитриевич Ушинскийдің «Төрт тілек» деген мәтінің оқимыз.
Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы Тула қаласында чиновниктің жанұясында дүниеге келді. Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов губерниясының Новгород Северск қаласына жақын жерде орналасқан әкесінің шағын жекеменшігінде өтті. Орта білімді Новгород – Северск гимназиясында алады.
Оқулықпен жұмыс.
1. Оқушылар дауыстап, тізбектей оқып шығады.
2. Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қою:
- Митя қыс кезінде не деді?
- Көктем келгендегі әңгімені жалғастыр?
- Жаз да шықты. Жаз қандай екен?
- Күз қандай? Митя әкесіне не деді?
- Әкесі не істеп отырды?
- Әңгімені естігенде сендерде қандай сезімдер пайда болды?
Сергіту сәті. АКТ арқылы би қимылдарын көрсету.
3. Ойтолғау.
Пікірталас үшін берілетін тапсырма:
- Кімге қандай мезгіл ұнайды, неліктен?
- Шыңғыс, сен жазды ұнатады екенсің, ал басқа маусым ұнамай ма?
- Балалар, табиғаттың бораны, қақаған аязы, дауылы сендерге ұнай ма? (Оқушылар пікірін тыңдау керек.)
- Қалай ойлайсыңдар, Митя табиғаттың тосын мінезін ұнатар ма еді? Ал мен сендерге Қасым Аманжоловтың «Дауыл» деген өлеңінен үзінді оқиын. Осы дауылға ақынның көзқарасы қандай екенін анықтап көріңдер.
... «Дауыл! Дауыл!» дегенге,
Шықтық үйден дүркіреп.
Аспан тұрды төбемде
Аласұрып күркіреп..
Мен дауылдың ұлымын,
Тұра алмаймын дауылсыз.
Қарсы алуға дайынмын,
Соқса да дауыл дамылсыз.
Ендеше, осы дауылды ақын өте жақсы көреді. Ол дауылсыз тұра алмайтынын жырлап, өзін осы дауылдың ұлымын дейді. Сондықтан табиғатты қандай күйінде болса да, Митя сияқты, ақындар сияқты сүйе білу керек.
4. Бекіту.
БББ кестесін толтыру.
Білемін Білдім Білгім келеді

5. Қорытындылау.
Жыл мезгілдеріне байланыста бес жол өлең құру.
Қар
Аппақ, ұлпа
Жауады, ериді, жылтылдайды
Жапалақтап қар жауып тұр
құбылыс
6. Үй тапсырмасы.
Мәтінді оқу.
Жыл мезгілдері, табиғат құбылыстары туралы мақал - мәтелдер, жұмбақтар жазып келу.
7. Бағалау.
Оқушыларды мадақтау, бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×