Сабақтың тақырыбы: Отанымды сүйемін
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Отанын сүюге, патроиттық тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: буклет, түрлі - түсті суреттер, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал - жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады. II. Тыныштық сәті:
А. Еңсеповтың «Балалық шақ» күйі ойнап тұрады. Мұғалім Отан туралы қысқаша шығарма оқиды, оқушылар көзін жұмып, денелерін бос ұстап, тыңдап отырады.
- Оқушылардан тыныштық сәтінен алған әсерлерін сұрау.
- Интербелсенді тақтада сабақ тақырыбы, мақсаты шығады
- ҚР Гимні орындалады.
III. Ойланайық, пікірлесейік.
Сұрақтарға жауап алу:
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Картадан көрсет.
- Қазақстан Республикасы Астанасы?
- Картадан көрсет.
- Біз тұратын жер қалай аталады?
- Картадан көрсет.
Біз қандай теңіздің жағасында орналасқанбыз:
- Картадан көрсет.
- Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
VI. Слайд арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
V. Мәтінмен жұмыс.
Оқулықтың 118 - бетіндегі «Біздің Отанымыз - Қазақстан» тақырыбын оқушылар 4 топқа бөліп оқиды. Сұрақ - жауап арқылы оқушылардың түсініктерін мұғалім толықтырады.
VI. Жаңа ақпарат
Біз Қазақстан Республикамыздың азаматымыз. Отанымызда түрлі ұлттар бір - бірімен дос, тату - тәтті өмір сүреді. Біз Отанымызды сүйеміз, мақтан етеміз.
VII. Сергіту сәті.
«Көңілді күн» әнінің әуеніне оқушылар би - қимылдарын жасайды.
VIII. Тапсырма.
Өзің тұратын жер несімен көрікті? 4 топқа суреттер арқылы постер құру тапсырылады.
1 - ші топқа: «Каспий теңізі, аққу, балық, шағала» суреттері беріледі.
2 - ші топқа: «Мұнай, газ, тас, Ақтау теңіз порты» суреттері беріледі.
3 - ші топқа: «Отпан тау, Бекет ата. Шерқала, Тамшалы» суреттері беріледі.
4 - ші топқа: «Үй жануарлары» суреттері беріледі.
IX. Дәйексөз
Интербелсенді тақтада «Отан оттан да ыстық» мақалы жазулы тұрады.
Мұғалім дәйексөздің мағынасын түсіндіреді.
X. Тапсырма.
Интербелсенді тақтада «Отанымызды мақтан етейік!»
4 - топқа мақалдар құрастыру жұмысы тапсырылады.
Отан үшін отқа түс күймейсің.
Отан от басынан басталады.
Отан – қуат,
Отбасы – шуақ.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Туған жердің түтіні де тәтті.
Туған жерің түсіңе кіреді.
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Туған жердің жуасы да тәтті.
XI. Суретпен жұмыс.
Оқулықтың 121 - бетіндегі суретке қарап «Отан» туралы әңгіме құрастыру. 4 - топтан 4 оқушы шығып өз ойларын айтады.
XII. Қорытынды бөлім. Жүректен жүрекке.
«Отанға тілек» оқушылар жүректен шыққан Отанға деген жылы сөздерін гүлдерге жазып, ағашты гүлмен безендіреді.
«Жаса мәңгі Қазақстан!» әні орындалып, сабақ аяқталады.
Отанымды сүйемін
- Мендигуль Корабаева
- 2 қыркүйек 2019
- 34892
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Отанымды сүйемін, отан, Қазақстан, Отанымды сүйемін тәрбие сағат
Ұқсас жаңалықтар:
Отан туралы мақал-мәтелдер топтамасы
Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас....Отан оттан да ыстық
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл Аманбайқызы...Біздің Отанымыз - Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Білімділік — оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Егеменді ел жетістіктерімен таныстыру; Дамытушылық — туған елі, Отаны...Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан...«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.