Сайтқа кіру Тіркелу

Балалар шығармашылығы

БҰЛАҚ КӨРСЕҢ КӨЗІН АШ» АЙДАРЫНДА 3 - сынып оқушылары шығармашылығы

Күзгі табиғат.
Жаз мезгілі кетіп, күз басталды. Күн салқындады. Түн ұзарып, күн қысқарды. Күн бұлыңғырланып, аспанға қара бұлт шоғырланды. Жаңбыр сіркіреп жауып тұр. Ағаштардың жапырақтары сарғайып, қалықтап жерге түсіп бейне бір түсті кілемдей айналаға көрік беріп тұр. Алыстан керуен түзеген тырналардың қиқулаған дауысы естіледі. Көк жүзінде өрнек сызған басқа да құстар жылы жаққа бет бұрып, күздің келгенін есімізге қайта - қайта салғандай. Соны түсінген диқандар да егінді жинап, мол өнімге қарық болып, қуаныштары тасып жүр.
Күз – береке, күз - мереке. Байлығы мен шашуын ала келетін күзгі табиғат өте әдемі. Сондықтан да маған күз мезгілі өте ұнайды.
Майрашова Жанетта. 3 - сынып оқушысы

Алтын күз
Біздің мектепте»Алтын күз» мерекесі қызықты, мазмұнды өтті. Мереке барысында әртүрлі сайыстар болды. «Алтын күз» мерекесінде бастауыш сыныптар да сайысқа түсті. Сайыстың шарты бойынша барлық сыныптың ханшайымдары әдемі көйлектерін киіп, өз өнерлерін көрсетті. Біздің сыныптың барлық оқушылары «Алтын күз» мерекесіне қатысты. Олар өзінің өнерлерін көрсетті. Біреулері өлең, тақпақ айтты. Енді біреулері күзгі салат жасаса, екіншілері біздің сыныппен істеген «Күз кереметі» атты гүлшоғын қазылар алқасына тақпақ жырлармен жеткізді. Біздің сыныптың ханшайымы Жанетта болды. Ол сахнаға шығып өз өнерін көрсетіп, мәнерлеп күз туралы өлең оқыды.
«Алтын күз» мерекесі өте қызықты өтті. Біздің сынып өзінің ұйымшылдығы мен белсенділігі арқасында І орын иеленді. Біз сыныбымыздың осы жетістігімен мақтанғымыз келеді. Осы сайыста сынып оқушыларының түгелі шама - шарқы келгенше өз үлестерін қосуға тырысты. Осылайша біздер тағы бір рет өз өнерлерімізді сахна төрінде шыңдадық.
Нурканова Фатима. 3 - сынып оқушысы.

Әдептілік деген не?
Сонау ықылым заманнан бастап данагөй халқымыз « Әдепті бала, арлы бала, әдепсіз бала, сорлы бала» деп ұрпақтарын әдепті, ізетті, инабатты, үлкенді сыйлай білетін, қайырымды, мейірімді болуға үндеген. Халық санасына әдептілікті сіңіре білген, болашақ ұрпақтарын әрқашанда биязылыққа, әдепті болуға тәрбиелеген. Әдепті болу дегенді өзіңді - өзін сыйлау деп түсінемін. Ең алдымен, өзіне әдеппен қарап басқан қадамыңды ойлап өз ісіне есеп бере білсең, басқа адамдарда саған әдептілік танытары сөзсіз!
Әр адамның тұрмысында бойына сіңірген әдептілік - жарқын болашаққа барар жол деп ойлаймын. Әдепті болу ең алдымен отбасынан басталып сені айналадағы қоршаған ортамен байланыстырады.

Балдырған
Біз балдырған баламыз
Шырқап әнге саламыз
Туған жердің төрінде
Нұр болып біздер жанамыз. Сабина

Туған жер
Туған жерім, асқар тауым, бұлағым,
Шалқар көлім, жасыл орман, құрағым.
Сағыныштан жан жүрегім елжіреп,
Көрікті ойдан жыр алқасын құрадым.
Нурсайн

Көңіл тербеп, сезім қылын шертеді.
Қандай байлық бір өзіңе жетеді.
Жоғалтса да бар арманын бабалар,
Туған жерін сақтап, аманат етеді.
Нұралы

Талай жылдар жылжып өмір өтеді,
Қанша ұрпақ келіп, кетіп, өшеді.
Туған жерге деген сезім, сағыныш
Ән, жыр болып ғасырларға көшеді.
Айдын

Туған жердің аспанында самғаймын,
Күндіз - түні бір өзіңді аңсаймын.
Жүрсем - дағы алыс елде, жырақта,
Туған жерді қызғыштайын қорғаймын.
Сабина
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×