Сабақтың тақырыбы: Шамалар мен олардың өлшем бірліктері
Сабақтың мақсаты: Балалардың шамаларымен және олардың өлшем бірліктерімен таныстыру. Үлкен бірлікті кіші бірлікке айналдыру жолын меңгерту. Берілген есептердің шығарылу жолын меңгерту. Берілген есептердің шығарылу жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу, ұтқыр ойға ұтымды жауап беруге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: «Алтын қақпа» ойын сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын, ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық
Математика – ғылым бұл.
Сондықтан да, балақай,
Сол ғылымның тілін біл.
Балалардың сабаққа керекті құрал - жабдықтарын алдыру. Балалардың назарын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырманы балаларға оқыту. Дұрыстығын тексеру.
Кім жылдам?
250 + 14000 + 9 = 14 259 230484 – 80 – 400 = 230 004
78478 – 70000 - 8 = 8040 450020 + 3000 +8 = 453028
12320 + 2000 + 30 + 5 = 14355 5000 + 100000 + 500 = 105 500
986235 – 80000 200 = 906035
ІІІ Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту
«Ойлан тап»
Мына мысалдарды шығарып, сандардың астына тиісті әріпті жазсаң, бүгінгі сабағымызға қатысты сөз шығады.
1 2 3 4 5 6 7
ш а м а л а р
(88 – 80): 4 = 2
27: (99 - 90) = 3
(79 – 34): 9 = 5
(27 + 22): 7 = 7
5) (73 – 72 )= 1
6) ( 9+ 3): 3 = 4
7) 25 * 0 + 6 = 6
Мағынаны ашу
Бүгінгі сабағымыз шамалар және олардың өлшем бірліктері
Километр---------Тонна---------- Ғасыр,
Метр---------------Центнер--------Жыл,
Дециметр-------Килограмм------Ай,
Сантиметр--------Грамм--------- Апта,
Миллиметр-----------------------Тәулік,
Сағат
Минут
Секунд
Енді, балалар, бүгінгі сабағымыз ойын сабақ. Сабағымызды «Алтын қақпа» ойыны түрінде өткіземіз, «Алтын қақпаға» жету үшін мысалдарды, тапсырмаларды дұрыс орындайық.
І қақпа. «Ағаш қақпа»
Оны ашу үшін тақтадағы мысалды қарайық.
1 – мысал (қажетті сөз бен сандарды қой)
1 сағатта 60 минут бар. 1 аптада 7 күн бар.
1 жылда 12 ай бар. 1 минутта 60 секунд бар.
1 сағатта 3600 секунд бар. 1 ғасырда 100 жыл бар.
1 минутта 60 секунд бар. 1 сағат 3600 секундқа тең.
168 сағат 7 тәулікке тең. 1 жылда 365 күн бар.
2 – ші қақпа «Тас қақпа» ашылу үшін есептеулерді орындаймыз.
5 ц 82 кг – 98 = ц кг 90 ц 25 кг: 5 = кг
3 м 27 см + 2 м 61 см = м см 3 ғ. – 73 ж. = ғ ж
3 т 95 кг + 51 т 263 кг = т кг 3 т – 150 кг = ц кг
14 сағ 12 мин – 35 мин = сағ мин 4 кг 600 г * 9 = кг г.
3 - ші қақпа «темір қақпа» ашылу үшін есептердің шешуін табуымыз керек. 4 – есеп.
а) Адамның өкпесі арқылы тәулігіне шамамен 10 000 л ауа өтеді. 1 айда адам өкпесі неше метр ауаны өткізеді және тазалайды? 1 жылда ше?
ә) Спортшылардың тамыры минутына 60 рет соғады, ал спортпен айналыспайтын адамдардың тамыры минутына 78 рет соғады. Спортшының жүрек бұлшық еті 1 сағатта неше рет жиырылады? Спортпен айналыспайтын адамның жүрек бұлшық еті ше? Олардың әрқайсысының жүрек бұлшық еті 1 тәулікте неше рет жиырылады?
ІV Сергіту сәті
7 дм = 60 см
1кг = 1000 г
1ғас = 100 жыл
1 км = 1000 м
1 т = 100 ц
1 мин = 30 сек
4 - ші қақпамыз «Мыс қақпа» Есептердің жауабын табамыз
5 - есеп
а) Екі фермер бақшаға әрқайсысы 200 түп құлпынайдан отырғызды. Бірінші фермер бақшаны жақсы күтіп, әр түптен 200 г құлпынай жинады. Екіншіге қарағанда бірінші фермер қанша грамм құлпынай артық жинады? Олар екеуі бірігіп қанша құлпынай жинады?
ә) Бірінші фермердің 50 қойы, ал екінші фермердің 80 қойы бар. Шамамен әр қойдан 6 кг жүн қырқылады. Олар екеуі бірігіп неше килограмм жүн қырқады.
Ал, балалар 5 - ші қақпамыз «Күміс қақпа» Күміс қақпаның есігін ашылу үшін 6 - есептерді шығаруымыз керек.
а) Химия комбинаты атмосфераға 1 жылда (365 күн) 96 360 бірлік зиянды заттар шығарады. 1 күнде атмосфераға қанша зиянды заттар түседі? Бір айда ше?
ә) Ұшақтың жылдамдығы 500 км/сағ, бұл пойыздың жылдамдығына қарағанда 10 есе артық. Ал велосипедшінің жылдамдығы пойыздың жылдамдығынан 35 км\сағ кем. Велосипедшінің жылдамдығы қаншаға тең?
7 - ші «Алтын қақпа» Ол ашылу үшін 7 - мысалдың тапсырмасын орындауымыз керек.
а) Мына бұрыштардың қалай топтауға болады. Олардың атауларын топтарына сәйкес жазып шық. Сүйір бұрыштар – Доғал бұрыштар –
ә) Балалар, соңғы тапсырма өзіндік жұмыс.
Кім бірінші болып дұрыс орындаса сол бала алтын қақпаны ашады.
Үшбұрыштың сызғыштың көмегімен дәптеріңе тік бұрыш, доғал бұрыш және сүйір бұрыштар сыз.
Ой толғаныс
«Алтын қақпадан» білім, оқу, байлық деген сөздер шықты.
Балаларға оқу, білім, байлық туралы мақал - мәтелдер айтқызу.
V. Сабақты қорытындылау
Балалар бүгінгі сабағымызды қорыта келе мен сендерге бәйге сұрақтарын дайындадым.
1 т мақта ауырма 10 ц темір ауыр ма? (=)
1 ондық 3 бірлік 4 бірлікке арттыр. (17)
Қиылыспайтын екі түзуді не дейміз? (параллель)
2 тәулікте неше сағат болады? (48 сағат)
1 жыл 7 айда неше ай болады? (19 ай)
76 см неше дм неше см бар? (7 дм 6 см)
18 – дің 1/2 бөлігі. (9)
1 ц неше килограмм? (100 кг)
1 км неше миллиметр бар? (1000 мм)
9 ғасыр 3 жылда неше жыл бар? (903 жыл).. Балалар бар байлыққа білімнің негізінде қол жеткіземіз. Сондықтан да білімді болуға тырысайық.
VI. Үй тапсырма 75 - бет, 3 – мысал
VII.Бағалау.
Шамалар мен олардың өлшем бірліктері
- Альфия80
- 10 мам 2014
- 52847
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шамалар мен олардың өлшем бірліктері
Ұқсас жаңалықтар:
Жылдамдықты табуға берілген есептер
Жылдамдықты табуға берілген есептер Математика 4 сынып...Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор
Оқушыларды калькулятор программасын таныстыру, калькуляторды іске қосуды онымен жұмыс жасауды және сандық ақпараттарды өңдеуді үйрету, арифметикалық...Қандай? Қай? сұрақтары. Сын есім
Сабақтың мақсаты: Білімділік: 1. Қандай? Қай? Сұрағына жауап беретін сөздерді меңгерту. 2. Сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру....Тәулік. Математика
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: уақыттың жаңа өлшем бірліктері – секунд, жыл, ғасырмен таныстыру; уақыт бірліктерінің өзара қатынасы туралы...Уақытты өлшеу
Базарова Роза...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.