Сабақтың тақырыбы: Ё ё дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Балаларды Ё ё дыбысы және әрпімен таныстыру. Ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
2. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд(суреттер, әріп таңбасы., сызба, сигналды карта).
Қолданылатын технология: ойын технологиясы.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Ә/т: көрнекілік, қайталау, түсіндіру, ой - қозғау, ойын
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. психологиялық ахуал
ІІ. Өткен Ф дыбысын еске түсіру, қайталау.
«Сигналды картамен» дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату.
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Ойлан, тап» ойыны
а) Жұмбақ шешу.
Шахтёрде бар, шахтада жоқ.
Монтёрде бар, мақтада жоқ.
Ойланайық, қарайық,
Болады екен бұл қай әріп? ( Ё)
- Ё дыбысы. (Хормен айту) (оқушылардың талдауы......)
- Неге ұқсайды?
4. Ертегі
Ерте - ерте, ертеде дауысты дыбыстар жиналып, отырып, ән салыпты. Бір кезде олар түсініксіз бір дыбысты естиді. Тыңдаса ол «Й» дыбысы екен. Қонақты шақырып, бірге ән салуға шақырады. Бірақ «Й» дыбысы созып дауысты дыбыстар сияқты айтылмаған соң, «О» дыбысы қосылып айтуға ұсынады. Сөйтіп [Й']+[О] қосылып ән салып, ( Ё) дыбысы пайда болыпты.
- Ё дыбысы және әрпі туралы мағлұмат беру.
- Ё дыбысы дауысты дыбыс. Ол екі дыбыстан жасалған (й+о), орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Мысалы: Монтер, шахтер, актер, т. б.(буындық, дыбыстық талдау жасау)
- Ёлка сөзіне дыбыстық талдау жасату.
3. Сергіту сәті.
Бір, екі, үш
Жинап қолға күш
Қолға қалам аламыз.
Әдемілеп жазамыз
4. Жазу жұмысы.
Ё ё әрпін жазу.
5. Оқулықпен жұмыс.
- Шахтер өлеңін оқып беру. С. Мауленов.
Шахтерлерді ел біледі.
Оған сарай – жер асты.
Көмір қазып жүреді,
Қопарып ол тау - тасты.
Бала оқитын зәулім үй
Қалмау үшін суынып,
Көмірден тау үйеді,
Беру үшін жылылық.
- Өлең кім туралы?
- Өлеңде бүгінгі өткен дыбысымыз бар ма?
- Тізбектеп оқыту
6. Сергіту сәті: «Бір оңға, бір солға»
7.«Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны.(сөйлем құрастыру)
Шарты: «Мен шахтер деймін, Балалар «Шахтер көмір қазады, «Элеватор», «Элеватор астық сақтайтын ғимарат деп жауап береді.»
8. Қорытындылау.
- Біз бүгінгі қандай әріппен таныстық?
- Е е дыбысы қандай дыбыс?
- Дыбыс деген не?
- Буын қай дыбысқа байланысты
Балаларды мадақтау
ё әрпі және дыбысы
- Laziza1601
- 8 мам 2014
- 7096
- 0
- 100
Ілмек сөздер: ё әрпі және дыбысы
Ұқсас жаңалықтар:
Ё дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ё, ё әрпі мен дыбысымен танысу, ё дыбыстық талдау. Ё, ё әрпі арқылы берілген сөздерді оқу, жазуға үйрену, Е е...Ю дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі. 1. Білімділігі. Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру, Ю әрпі шет тілдерінен кіріктірілген дауысты...Ё дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды Ё ё дыбысы және әрпімен таныстыру. Сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. 2. Балалардың ойлау, есте сақтау...Ё ё дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ё дыбысы мен әрпін меңгерту. Ё ё дыбысы бар сөздерді дұрыс айта білуге, сауатты жаза білуге үйрету...Ё дыбысы, әрпі
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.