Сайтқа кіру Тіркелу

Бүгінгі дені сау, білімді ұрпақ – біздің болашағымыз

Құрметті ұстаздар, жас ұландар! Бүгінгі дені сау, білімді ұрпақ – біздің болашағымыз атты эстафеталық шығармашылық сайысымызға қош келіпсіздер.
Армысыңдар, жас достар,
Армысыңдар ұстаздар.
Болашаққа жол бастар,
Келді алдыңа ұрпағың.
Дені сау, білімді ұрпақтың,
Ұстаздан меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Құрметті ұстаздар, жас ұландар! Бүгінгі дені сау, білімді ұрпақ – біздің болашағымыз атты эстафеталық шығармашылық сайысымызға қош келіпсіздер.
Армысыңдар, жас достар,
Армысыңдар ұстаздар.
Болашаққа жол бастар,
Келді алдыңа ұрпағың.
Дені сау, білімді ұрпақтың,
Ұстаздан меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Өскелең ұрпақтың тәні сау болса ғана, жаны сау болады. Күнделікті өмірде кездесетін қиыншылықтарға, жаман әдеттерге жоқ, - дей отырып дені сау ұрпақ болуын тілейміз. Алдына қойған тілегі тек дені сау болса ғана орындалмақ. Сол үшін алдымен балаға сеніммен қарау керек деп ойлаймыз. Күн сәулесіндей шуақтарын төгіп тұрған әр сәби, әр үйдің үміті күндей жарқырап, сегіз қырлы – бір сырлы болуына тілектеспіз. (Күннен нәр алған балалар, күннің лентасынан ұстап айнала «Ақ көгершін» әнін орындау).
«Ақ көгершін» орындайтын хор.
Келесі балалардың базарлығы:
1 - оқушы:
Тұлпардай жүйрік,
Қырандай биік.
Самғаймыз бірге біз,
Командалар атынан жалынды «Сәлем!»
2 - оқушы:
Жанымыз бір, ойымыз бір,
Ұмтыламыз алға біз.
Жарқыраған күн астында,
Кел ойнайық бәріміз.
3 - оқушы:
Дені сау ұрпақ болашағы елімнің,
Үміт артар қайраткері жерімнің.
Азаматы ыстық күннен нәр алып,
Ұмтылады тек алға жан салып.
4 - оқушы:
Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның.
Ортасында төніп тұр,
Күн жаяды шапағын.
5 - оқушы:
Астында оның қалқыған,
Қыран құстың бейнесін.
Азат елдің шалқыған,
Көңілі деп білесің.
6 - оқушы:
Ескі белгі ұрандар,
Сары алтындай сақталған.
Күн шұғыла, қыран да,
Алтын түспен апталған.
7 - оқушы:
Еңбек етсең ертеңгі,
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер,
Уақытыма сенемін!
8 - оқушы:
Достық іс пен қасты да,
Жеңеріме сенемін!
Ақыл, сана, білім мен,
Өнеріме сенемін!
9 - оқушы:
Ден саулықтың қадірін,
Ауырғанда білерсің.
Ақ бетіңнің қадірін,
Қан кеткенде білерсің.
Көрініс: Алкоголь, темекі шегу – жоғалған уақыт туралы шындық.
Орындаушылар: Олжас, Нұрлыбек, Сымбат
Би: Алина «Шығыс биі»
Ал енді оқушылар, эстафеталық шығармашылық сайысымызды бастаймыз. Командалар сап түзеп екіге бөлінеді.
«Қыран» тобы. «Тұлпар» тобы.
І.«Кенгуру» сайысы
Шарты: Қапқа кіріп, мәреге дейін секіріп жетіп, сол жердегі өзіне арналған 2 есептен шығарып қайта орнына жетіп, келесі оқушыға беру. Осылай жалғаса береді.
Ортамызды ашайық,
Інжу - маржан шашайық,
Ән мен күйді шалқытып.
Ұлжанның орындауында халық күйі «Кеңес».
ІІ.«Жүйрік суретші» сайысы
Шарты: Қолындағы допты жерге ұрып, 2 дөңгелек айналмалы темірдің арасынан өтіп, мәреге жетіп, дуалдағы плакатқа алма ағашының суретін салу. Қайтадан допты ұрып, темірдің арасынан өтіп, келесі оқушыға беру. Ойын осылай жалғаса береді.«Өнерлі бала - сүйкімді» - дегендей алдарыңызға өнерлі қыздарымызды шақырамыз. Сымбат, Назгүл «Реп» биі.
ІІІ.«Шешендік» сайыс
Ертеде Сахиб Жамал өзінің бір сөзінде: «Данышпанның сөзі – дәулеттен артық»- деген екен. Жүрек тербеп оятар баста миды. Ойсыз құлақ ала алмас, ондай сыйды – демекші, енді ортаға командаларды шақырамыз. Әр командаларға мақал - мәтел айтылады. Шарты: Мақалдың жалғасын табу. Мақал - мәтелдер
1. Өз үйім – өлең төсегім.
2. Ел іші – алтын бесік.
3. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
4. Қына тасқа бітеді
Білім басқа бітеді.
5. Арпа бидай ас екен,
Атын күміс тас екен.
6. Не ексең – соны орасың.
7. Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас.
8. Сабағы жаман жемістің дәні де жаман.
9. Өнерлі өрге – жүзеді.
Мақал сайысында екі команда сүрінбей өтті. Балалар сайысты «Атамекен» - өлеңімен аяқтады. Сөзі: Қ. Мырзалиевтікі. Әні: Е. Хасанғалиевтікі
Қорытынды. Жарқыраған күн астында балалардың жақсы қасиеттерін бір - біріне үлгі қылып «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» демекшіміз. Әр сәби, әр үйдің көз қуанышы. Дені сау ұрпақ біздің болашағымыз. Болашағымыздың жарқын болуы – өскелең ұрпақтың қолында екенін ұғындыру. Қазылар алқасының қорытындысы. Оқушыларды бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шынықсаң шымыр боласың

Шынықсаң шымыр боласың

1. Оқушылар мен ұстаздардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау. 2. Спортқа деген...
Көңілді спорттық ойындар

Көңілді спорттық ойындар

Мақсаты: Балалардың қимыл - қозғалыстарын жетілдіру, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу....
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі

«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі

«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарииі. 1 - жүргізуші: Қайырлы күн ұстаздар, ата - аналар, құрметті шәкірттер! 2 - жүргізуші: «Мөлдір...
Білімнің негізі - бастауыш

Білімнің негізі - бастауыш

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға,...
Әліппе - білім бастауы

Әліппе - білім бастауы

Армысыздар аналар Бармысыздар балалар Сөзіме құлақ салыңыз Бір серпіліп қалыңыз Әліппеге арналмақ Бүгінгі жыр әніміз...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×