Сабақтың тақырыбы: 5-ке көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: кестелік көбейту және бөлу ережелерін қайталай отырып, 5-ке көбейту және бөлуді үйрету, ұғындыру.
Дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін, еске сақтау қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу, белсенділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: 5-ке көбейту және бөлу кестесі, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық.
Бүгінгі күн, міне,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
ә) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
б) «Ғылымдар патшалығында» әлемді таңқалдырған сарай бар екен. Онда ақылды әрі білгір математика тұрады. Математика өз сарайына сабақ оқымайтындар мен жалқауларды кіргізбейді екен. Ақылды, білімді, зейінділердің өзі сарайдың қақпасын өз қабілетімен ашып кіреді екен. Бүгінгі сабақта біз осы сарайға кіруге біліміміз жете ме екен, соны сынап көрейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№9. Теңдеу.
89+Х=134
X=134-89
X=45
89+45=134
134=134
ІІІ. Өткенді пысықтау.
- Балалар, біз өткен сабақта баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік жайлы есептер шығардық. Қазір соны қалай меңгергендеріңді білу үшін сұрақтар қоямын.
1-сұрақ: - Заттардың құнын табу үшін не істейміз?
(1 заттың бағасын заттардың санына көбейту керек)
2-сұрақ: - Заттың бағасын табу үшін не істейміз?
(құнын заттардың санына бөлеміз)
3-сұрақ: - Заттардың санын табу үшін қандай амал орындау қажет?
(құнын бір заттың бағасына бөлу керек)
IV. Жаңа сабақ.
- Дәптерлеріңе бүгінгі күнді және жаңа тақырыпты жазып қойыңдар.(3-слайд)
1) Оқулықпен жұмыс.
- Балалар, тақтаға қарайықшы. Мұнда 5-ке көбейту кестесі жазылған.
- Неге бестен басталып тұр? (2•5, 3•5, 4•5өткенбіз)
2) Математикалық диктант (жауабын ғана жазу). (4-слайд)
2•5=10
3•5=15
4•5=20
5•4=20
5•3=15
5•2=10
10:2=5
15:3=5
20:4=5
- Көбейтінділердің мәндері қалай табылған?
(қосу амалы арқылы табылған)
Яғни, 5-ті 5-ке көбейту дегеніміз 5-ті өз-өзіне 5 рет қосу.
- Теңдіктің оң және сол жақтарын салыстырайық, қандай айырмашылық бар?
(теңдіктің сол жағында 5-ке көбейту кестесі, ал оң жағында сол көбейтулердің қосу амалдары арқылы берілген)
3) – Неге әрбір келесі жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 5-ке артық?
(5-ті 5-ке көбейту үшін 5-ті 5 рет қосамыз, ал 5-ті 6-ға көбейту үшін 5-ті 5-ке 6 рет қосамыз)
5-слайд.
5•5=5+5+5+5+5
5•6=5+5+5+5+5+5
5•7=5+5+5+5+5+5+5
5•8=5+5+5+5+5+5+5+5
5•9=5+5+5+5+5+5+5+5+5
5•5=25
5•6=30
5•7=35
5•8=40
5•9=45
- Қайсысы тиімді екен? (көбейту амалын қолдану)
Тақтаға назар аударайық.
Мұнда 5-ке көбейту кестесі қалай құрылғанын қарайық.
6-слайд.
6•5=5•6
7•5=5•7
8•5=5•8
9•5=5•9
- Не байқадыңдар? (көбейткіштердің орындары ауысқан)
- Қандай ережені білеміз, еске түсірейік. (көбейткіштердің орындары ауысқанымен, көбейтіндінің мәні өзгермейді)
№3 тапсырмада 5-ке көбейту кестесін аяқта деп жазылған. (дәптерге жазылады)
5•5=25
5•6=30
5•7=35
5•8=40
5•9=45
6•5=30
7•5=35
8•5=40
9•5=45
№4. 1) Ауызша. Бөлуге кері амал - көбейту.(көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсек, екінші көбейткіш шығады.
2) 7-слайд
25:5=5, себебі 5•5=25
30:5=6, себебі 6•5=30
35:5=7, себебі 7•5=35
40:5=8, себебі 8•5=40
45:5=9, себебі 9•5=45
4) « Ойлан, тап» ойыны (8, 9, 10, 11, 12-слайдтар)
№7 есепке назар аударайық (ауызша)
- Не белгілі?
- Не белгісіз?
Тақтамен жұмыс. №8
656-98=558
306+87=393
300:100=3
(34+636)-920=70
720-(384+216)=120
90•10–756=144
40•7-40•5=80
70•3+70•2=350
80•3+30•2=300
№9. Өздік жұмысы.
4•в
в=1, 2, 5, 8, 9, 0
4•1=4
4•2=8
4•5=20
4•8=32
4•9=36
4•0=0
Сергіту сәті. Ойын «Сарай құрастыру»
- «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді ...
№10.
- Не туралы айтылған?
- Не белгілі?
- Не белгісіз?
- Неше амалмен шығарамыз?
1) Т.д. – 6(о)
Т.к. – 4(о)
Әрқ. – 2 м
Шұңқыр - ?
Ш: (6+4)•2=20
Ж: 20 шұңқыр қазылды.
2) Ж. – 5 қ. әрқ.-10(г)
К. – 42
Ш: 5•10+42=92
Ж: 92 гүл өсіп тұрды.
№12. Ауызша.
- Қандай фигуралар қиылысады?
тік төртбұрыш пен бұрыш
шеңбер мен қисық сызық
шаршы мен тік төртбұрыш
Жазады:
1қ. =1см
Р=?
Р=1см+ 1 см+1 см+1см = 4см
Р= 1см • 4=4см
№11. Қалдықпен бөлу.
6:5=1(қ.1)
7:5=1(қ.2)
8:5=1(қ.3)
9:5=1(қ.4)
11:5=2(қ.1)
12:5=2(қ.2)
1•5+1=6
1•5+2=7
1•5+3=8
1•5+4=9
2•5+1=11
2•5+2=12
Қорытынды:
- Қандай тақырып өттік?
- 5 санына байланысты не білесіңдер?
13-слайд.
Сұрақтар:
1) – Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін 2-сыныпта өткенбіз. Сол өлеңдегі 5 асыл істі атаңдар.
5 асыл іс: Талап
Еңбек
Терең ой
Қанағат
Рақым
2) – Ал, 5 нәрседен қашық бол дейді Абай атамыз. Олар нелер? (15-слайд)
5 дұшпан: Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ
3) – Ертеде ата-бабаларымыз еркіндікті, тәуелсіздікті аңсаған. Биыл тәуелсіздік мерекесінің неше жылдығын тойлағалы жатырмыз? (20)Ертеде батырларымыз елімізді қорғаған. Батырлардан кімді білесіңдер? Ата-бабаларымыз ер жігітте 5 қару болу керек деп санаған. Ендеше, ерте заманда батырлар қандай қару асынған? (16-слайд)
5 қару:
Садақ (кейіннен мылтық)
Найза
Қылыш
Шоқпар
Айбалта
4) – Қазақ халқының ұлы адамдары көп болған. Кейбіреуін өзіміз білеміз, шығармаларымен таныспыз. Ал мына 5 адамда қазақтың 5 арысы деп атайды. Тәуелсіздікті аңсап, күрескен, қазақтың тілін, салт-дәстүрін сақтауға өз үлестерін қосқан. (17-слайд)
5 арыс:
Шәкәрім Құдайбердиев
Ахмет Байтұрсынов
Жүсіпбек Аймауытов
Мағжан Жұмабаев
Міржақып Дулатов
5) Мұсылман халықтарының ұстанатын 5 парызы: (18-слайд)
5 парыз:
Зікір салу
Намаз оқу
Садақа беру
Ораза ұстау
Қажылыққа бару
Үйге тапсырма беру.
Бағалау.
5-ке көбейту және бөлу
- Akerke
- 10 наурыз 2012
- 15983
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математика, бастауыш, 5, көбейту, бөлу
Ұқсас жаңалықтар:
Санды 5-ке көбейту кестесі
Есепті қатесіз дұрыс шығаруға үйрету. Ой - өрісін, өзіндік жұмыс істей білу қабілетін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, белсенділікке, өздерін емін -...Көбейтудің және бөлудің комоненттері
Сабақтың мақсаты: А) Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық, танымдық ойлау қабілеттерін дамыту. Ә) Білімділігі: Оқушыларды көбейту және бөлу...5 - ке көбейту және бөлу кестесі
Мақсаты: 1. 5 - ке көбейту және бөлу кестесімен оқушыларды таныстыру, көбейту мен бөлу амалдарын жан - жақты меңгертіп, өз беттерімен жұмыс істеу...5-ке көбейту және бөлу кестесі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Танирбергенова Мулдире Колганатовна...5-ке көбейту және бөлу.
Қостанай облысы, Қостанай қаласы, № 1 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Кожухова Анар Бакитбековна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.