Ана тілінен ашық сабақ (4 - сынып)
Тақырыбы: «Аққу, шортан һәм шаян»
Мақсаты: Тақырыпты дұрыс мәнерлей, түсіне оқи отырып, мағынасын аша сипаттай білуге үйрету; Оқушылардың ой - өрісін дамыту; Өзгені сыйлауға, бірлікке, еңбекке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың жүрісі
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй жұмысын тексеру
«Қауын мен қарбыз» (Оқып, мазмұндау)
ІІІ. Өткенді пысықтау.
- Ертеде қауын мен қарбыз қайда өскен?
- Қайырымды адамдарды олардың қайсысы іздеу керектігін айтты?
- Қарбыз неге адамдардан тығылды?
- Қауын неге еркін өсті?
- Бұл мәтін шығарманың қай түріне жатады?
IV. Сергіту сәті (Күз көрінісі) Этюд
Ұшты талдан жапырақ Аспанда жай шатырлап
Сары көбелек секілді Тамшы жерге секірді.
V. Жаңа сабақ
а) Бейнелі жазуды оқу (МЫСАЛ) Мысал туралы айту.
ә) Автор туралы мәлімет беру.
Мысал өлеңді орыстың ұлы жазушысы – мысалшы И. А. Крылов жазған.
Осы Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударып «Қырық мысал» атты кітап шығарған Ахмет Байтұрсынов. Ол бай адамдардың қыңыр мінезін, «алтын көрсе, жолдан таятын періштелердің әрекетін, қазақтың қырт жалқаулығын, шаруаға қырсыздығын «Қырық мысалға» арқау еткен.
А. Байтұрсынов – қоғам қайраткері, ақын, ағартушы – ғалым. Ол ана тіліміздегі тұңғыш әліппеміз «Оқу құралын» жазған. Тіл білімі, әдебиеттану терминдерін тұңғыш қалыптастырған ұлы ғұлама.
VI. Суретпен жұмыс. «Аққу, шортан һәм шаян»
- Суретте не бейнеленген? Олар не істеп жатыр? Арба орнынан қозғалды ма? Неге? Себебі...
VІІ. Оқулықпен жұмыс.
а) Оқушының оқуы
ә) Түртіп алу әдісі бойынша жұмыс.
б) Түсінбегендерін сұрау.
в) Мәтін мазмұнын қара сөзбен айту.
VIII. Сөздікпен жұмыс.
Ғибрат - өнеге Ынтымақ – бірлік
IX. Ойын: «Кім жылдам?» (Сұрақтарға жауап беру)
1. Шығарманың түрін ата.
2. Мысал кейіпкерлері қандай іс атқармақшы болды?
3. Істері неліктен нәтижесіз шықты?
4. Мысалдан қандай сабақ алуға болады?
5. Төртінші шумақты қалай түсінесің?
6. Негізгі ой қандай
X. Табиғат тамашалары.
Аққулар ұзақ өмір сүреді. Аққулар ұшқанда 7 немесе10 болып топтасып ұшады. Аққудың салмағы 12 - 13кг тартады. Аққулардың 150 түрі бар. Ұясын қамыстан салады, диаметрі 120 - 150см.
Шортан - жыртқыш балық. Шортанның ұзындығы 1м - ге, салмағы 16кг - ға жетеді. Еті дәмді, сол үшін көп аулайды. Сәуір, мамыр айларында тайыз өзендерге уылдырығын шашады.
Шаяндар теңіз, тұщы суда және құрлықта да өмір сүреді. Олар өлексе және омыртқасыздармен қоректенеді.Шаяндар толық өзгеріспен дамиды. Шаянның 4000нан астам түрі бар.
ХІ. Ойын «Жалғасын тап» (Мақалды толықтыр)
1. Бірлік болмай,......
2. Алтау ала болса,......
3. Бірлік қылмай,......
4. Бірлігі жоқ ел тозады,............
5. Досы көпті жау алмайды,............
ХІІ. Қорытындылау.
ХІІІ. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу, сөздіктерді жаттау.
Аққу, шортан һәм шаян
- уразгул
- 1 мам 2014
- 7347
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Аққу, шортан һәм шаян, Крыловтың өлеңі
Ұқсас жаңалықтар:
Аққу, шортан һәм шаян
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн, Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін. Тартады Аққу көкке, Шаян кейін, Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін....Бастауыш сыныптан қысқа мерзімді сабақ жоспарлары
Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Айзада Тұқпатоллақызы...Аққу, Шортан һәм Шаян (4 сынып)
Мақсаты Мысал мазмұнын өмірмен байланыстыра талдау арқылы идеясын түсінуге мүмкіндік жасау. Міндеттері Шығармашылық жұмыстарды оқушының таным...Ахмет Байтұрсынұлы "Аққу, Шортан һәм Шаян"
Атырау қаласы, Томарлы селосы, Қ. Смағұлов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Каримова Ақөрік Сафиоллақызы...Аққу, шортан һәм шаян
Гарифоллаева Алмагул Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Аққу, шортан һәм шаян. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ахмет Байтұрсынұлы аударған И. А. Крыловтың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.