Сайтқа кіру Тіркелу

Ел тағдыры өз қолымызда

Тақырыбы: Ел тағдыры өз қолымызда
Мақсаты: Егеменді ел болдық. Еліміздің ертеңін гүлдендірер жас ұрпақтың болашағы бүгіннен басталатынын ойласақ, жас ұрпаққа саналы түрде ұлттық негізінде тәрбиелеп, қалыптастыру. Бұл алға қойған стратегиялық мақсатым. Ұлт тағдыры, бала тағдыры әрбір отбасының терең мән беретін маңызды мәселе екенін жеткізу. Жалпы оқушылар дүниетанымын кеңейтіп, ой - өрісін дамыту. Адамгершілік, қарапайымдылыққа жылылық сыйластыққа, мағыналы да көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Стратегиялық мақсатқа жетелеу.
2. Педагогикалық, психологиялық кеңес.
3. Нәтиженің маңызы.
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Шығыстың ұлы ақыны Рудаки бір өлеңінде былай деген екен:
«Ақылды туған кісінің ақымақ болса баласы, ақылдымын деуге де бола бермек шамасы». Осы ащы да болса, өте орынды айтылған. Жалпақ сөзбен «Пышақ сабынан озбайды» деген ақиқаттылыққа тіреліп тұр. Сондықтан әрбір ата - ана бала тәрбиесінде ерекше орын алатындығын назарынан тыс қалдырмау керек. Сайып келгенде ұлт тағдыры әрбір отбасының ұрпаққа терең мән бере білуіне тікелей байланысты. Демек, бұл аса маңызды мәселе. Бала тәрбиесінің алғашқы кірпіші мектеп кезеңнен басталатын болғандықтан, біз, ұстаздар ата - аналармен біріге отырып, бала тәрбиесіне көп назар аударуымыз керек.
«Ел тағдыры өз қолымызда»
Ел тарихына көз тастар болсақ, сол заманғы Райымбек бабамыз өз атын 13 жасында, ал Абылай хан21 жасында қалмаққа «Абылайлап» шауып танылды. Бұл көз көрмегенді былай қойып, күні кешегі жаңғырығы кетпес оқиға 1986 жылдың желтоқсанында танылған Қайрат Рысқұлбековтың сөзі мен ісі дәл осы ата - бабаларымыздың оқиғасын дәлме - дәл қайталады емес пе? Бұлардың көкейіндегі сөздері артыма қайтпас ұрпағым бар, тегеурінді темір бұзар ұланың бар. Тек соны дұрыс жолға салып, соңына ерте біл, тәрбиелей біл, тәлім бер! – деп, тұрған жоқ па? Мінекей, осы алдымыздағы жас ұрпақтың санасын ұлттық негізінде тәрбиелеп қалыптастыру мектептің, ұстаздар қауымына басты стратегиялық мақсат деп есептеймін.«Жасты жас екен деп бетінен қақпа, ақылы асса серке ғой» демекші. Қаз дауысты Қазыбек би данамыз осы тұрғыда жас буынды даралап ескертпеді ме?
- Бір бала бар
Атаға жете туады
- Бір бала бар
Атадан өте туады
- Бір бала бар
Кері кете туады.
Міне, менің айтпағым да осы. Алдымыздағы өрендей өсіп келе жатқан ұрпақтың балалығын, шалалығын, даналығын да ескеру. Біздің басынан қилы - қилы заман өтті. Нелер келіп, нелер кетпеді. Десе де ұрпақ тәрбиесіндегі кемшілікті біз заманнан емес, көбіне өзімізден көргеніміз дұрыс сияқты.
«Өсер елдің баласы 15 - інде баспын дер, Өшер елдің баласы 30 - ында жаспын дер» - дейміз де өз пікірімізге қайшы келіп жатамыз. Жас буын жеткіншектерге сенімсіздік танытып, күдікпен қараймыз, басынамыз. Ал, болар бала, шаршы топқа осы жасында танылып жатпай ма. Балалардың болашағы олардың өмірден татар несібесі мен еншісінің үлес салмағы ата - анасының сіңірген еңбегіне, тәлім - тәрбиесіне байланысты болады. Сондықтан әрбір ата - ана өзінің баласын еңбекқор, елінің қамқоршы азаматы етіп тәрбиелеуі міндет.
Алайда бала тәрбиесіне әсіресе жастар жағы «Тамағы тоқ, киімі бүтін болса болды» - деп түсінетіндері де кездесіп жатады. Күнделікті күйбең тірлікпен балаға қарауға уақыттың жетпейтінін сылтау ететіндері де аз емес. Кейбір ата - аналар «Әлі жас, буыны қатқан жоқ, өсе келе өзі - ақ үйреніп алады» - деген ойларын да жасырмайды. Ал бала бойына ана сүтімен келетін тәрбиеге назар аударғысы келмейді. Жас буынның санасына жазылмаған 7 жылдық тәрбиені мектеп қабырғасында меңгертуді талап етеді. Міне, сондықтан да ата - анамен үнемі педагогикалық,
психологиялық жұмыстар жүргізе отырып, ел тізгінін ұстайтын жас ұрпақ өз қолымызда екенін ұғындыру. Құр сөзбен емес, жиналыстағы балаларының жақсы, жаманын насихаттаумен шектелмейді. Балаларының жақсы жағындағы қабілетін көрсете отырып дамыту. Өткен ашық сабақ, тәрбие сағаты, түрлі сайыс, пікір таластар т. б. жұмыстарды мүмкіндік болса диск баспасымен, суреттермен газет - журнал беттеріне түсіріп, оларды ата - аналармен талқыға салып, керек десеңіз, осы ата - аналармен бірге түрлі сайыстар, пікір таластар өткізуге, түрлі педагогикалық, психологиялық тесттермен жұмыс жүргізуге де болады. Мен ақпан айында «Ата
салтымызды ардақтайық» атты тәрбие сағатында осы белесті көрсете білдім. Нашар қабілетті, орташа қабілетті, жоғары қабілетті балаларды аналарымен сайыстыру барысында жоғарыда айтылып кеткен ұлттық негізінде тәрбиелеу стратегиясымен жұмыс жасадым. Мұндағы халқымыз айтып кеткен асыл - мұраларын күнделікті өмірде қолданатынын біле отырып, бала бойына анамыздың бесік жырын айтып, әлдилеген кезінен бастап, санамызға сіңген ана тіліміздің бұлағының көзін ашып, жас жеткіншектерді сол бұлақтан нәр алатынын аналарға жеткіздім деп ойлаймын. Осыған орай «әдет - ғұрып», «мақал - мәтел», «жұмбақ», «ертегі», «рәміздер», «ырым - тыйымдар», «жөн - жоралғылар» сияқты тақырыптарға әңгіме жүргізу арқылы жоспар құрып шығарма жаздырдым. Мысалы: 3 сынып оқушысының жазған шығармасынан үзінді келтірейін. Тақырыбы: Қазақтың салт - дәстүрі. Әр елдің өз салты бар, тілі бар, елі бар. Мен салт - дәстүр дегенде – үлкенді сыйлау, кішіге көмектесу, қай ұлт болса да қонақ ету, қазақша киіну, қазақша сөйлеу және де оқи білу. Қазіргі кездерде қала балалары орыс тілінде көп сөйлейді, ағылшын тілін қоса сөйлегенді ұнатады. Ал, рамазан айларында ораза ұстау, Айт кезінде кір жумау, есікті қатты жаппау керек. Қазақтың той дегенде ішкен асын жерге қояды...
Мәселенің үлкені – осы сіңірген ақпаратты балалардың өздері қалай түсініп, қаншалықты дәрежеде қорытындылағанында. Өйткені, мемлекеттің ертеңгі тағдыры – бүгінгі жас ұрпақтың еншісінде болып тұр ғой.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлері съезінде сөйлеген сөзінде былай атап өтті:«.... білім беру ісіндегі рухани дәстүрді сақтап, дамыта білу керек. Балаларды Отан сүйгіштікке, туған жерін, халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы». (Егемен Қазақстан 6 ақпан, 2001ж.) Өскелең ұрпақтың дені сау болса ғана, жаны сау болады. Алдына қойған тілегі тек дені сау болса ғана орындалмақ. Міне осындай мақсат қоя отырып оқушылармен бірге «дені сау ұрпақ, біздің болашағымыз» атты эстафеталық шығармашылық сайыс өткіздім. Еліміздің ертеңін гүлдендірер ұрпақ болашағы бүгіннен басталатынын ойласақ, осы ұрпаққа қандай тәрбие мен білім беріп тұрғанымызды да ойлауымыз керек. Ел тағдырын тірейтін ұрпақ мына алдымыздағы жас бүлдіршін болғандықтан, оны тәрбиелеу де өз қолымызда. Әрбір адамның қол - аяғы бар, саусағымен бояу ұстап сурет салғанымен, ол суретші емес қой. Міне, сондықтан да бала ақыл - ойы да сол сияқты, тек дұрыс ойлау ғана дүниені дұрыс тануға алып келеді. Демек біз, оқушыларымызға кімде - кім білімді, білікті болғысы келсе, оған өз әрекетімен ғана жететініне мүмкіндік беру. Бала тәрбиесі қашан да жауаптылықты керек етеді емес пе?
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - деп М. Әуезов айтқандай еңселі ел болу жолында сүйіспеншілік пен рухани құндылықтарды, ұрпақтан - ұрпаққа ұластыру, тіпті өзімізді қоса тәрбиелеу де осындай қажет екен.
Қорытынды. Қорыта келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешу, қиындықтан жол табу, қысылғанда сөз табу, ұшқыр ой иесі болу біздің міндетіміз. Алға қойған мақсатына жету үшін көптеген қызмет атқара отырып нәтиже шығарамын деп үміттенемін.«Ерінбей еңбек етсең шыдап егер, Тікенде гүлге айналып шыға келер»- деген Сағын ақынымыз жырлағандай бала тәрбиесіне өз шығармашылық еңбегімді үйлестіре қолданам.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұрпақ тәрбиесі - ұлттық педагогика негізінде

Ұрпақ тәрбиесі - ұлттық педагогика негізінде

Қазіргі заман талабына сай мен де оқушыларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканы басты бағдар ретінде ұстанғанымыз жөн болар еді. Қазіргі заман...
Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы

Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы

«Тәрбиелі - тәртіптің құлы, тәртіпті - елдің ұлы» деп, халық қаһарманы Б. Момышұлы айтқандай, еліміздің ертеңгі болашағы жас буынды имандылық пен...
Оқушының бос уақыты босқа кетпесін

Оқушының бос уақыты босқа кетпесін

Қазақ халқы қай ғасырда болса да бала тәрбиесіне көп мән берген....
Отансүйгіштік және рухани адамгершілік тәрбиенің бастауы - балабақшада

Отансүйгіштік және рухани адамгершілік тәрбиенің бастауы - балабақшада

Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақша әдіскері Жалмагамбетова Кунасыл Исламовна...
Математика сабағында ұлттық құндылықты қолданудың маңызы

Математика сабағында ұлттық құндылықты қолданудың маңызы

Атырау облысы Атырау қаласы Жұмыскер кенті Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Қанатова Талшын Ибатқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×