Рахмет саған, Әліппе!
Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту: ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу бүгінгі өтілетін шараның мақсатын көздеді.
Барысы: (Музыка ойналып, оқушылар кіреді.)
Мұғалім
Қош келіпсіз, барша қауым қонақтар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Міне алаңсыз балғын шақты балалар.
Көз салып қараңызшы бойларына
Ортақ боп бүгінгі өскен ойларына
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойларына
Жұмбақ жасыру(мұғалім)
Бар білімнің бастауы
Бар ғылымның бастауы
Жас балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан?
Балалар Хормен Әліппе
Әліппе келеді (музыкамен)
1. Әліппе: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана
Бүлдіршіндер, балғындар.
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкеңде.
Мұғалім: Әліппе біздің балалардың саған арнаған өлеңдері бар, әні бар соны тыңдап көрсек.
1. Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе.
2. Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том - том қалың кітаптың,
Басы болар Әліппем.
3. Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы..
4. Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым білімнің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
5. Әліппем менің әліппем.
Өмірді көрем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп – көп рахмет.
6. Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған,
Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен
7. Таныстырып 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи жаза білгенің
Сауатты адам қатарына кіргенім
8. Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді
ХОР: Әліппе
1. Әліппе: Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың -
Қуанышы халықтың.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане ортаға салайық.
Мұғалім: Балалар Әліппеден біз не үйрендік, не білдік?
Алфавитті жаттадың
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Сан әріпті үйрендің,
Бүгін бізге айтыңдар
Әріптердің әлеміне,
Саяхаттап қайтыңдар!
1. Ә әрпінен табамыз
Әжемізді ақылгөй.
Б дегенің - бабамыз,
Бауыржандай батыр ғой.
2. Г әрпімен гүлденер
Қызғалдақты қырат тау.
Ғ әрпімен бір келер
Ғылым атты ұлы тау
3. Д әрпінен бастасаң,
Дархан, дария далам бар
Е - ні ұмытпас ешқашан
Елін сүйген жарандар.
4. Ж дегенің - жөргегің
Туған, өскен жерлерің
З әрпімен зерледім,
Зергерлердің зергерін
5. И дегенің - иманың,
Адалдықтың асқары,
К дегенің күй дарын,
Домбыраның дастаны.
6. Қ әрпінен құралған
Бас - аяғы қазақтың
Жасай берсін бір Аллам,
Жасай берсін Азат күн!
Әліппе: балалар мен сендермен енді бір ойын ойнағым келіп тұр. Оның шарты мынадай: Музыка өшкенде мына доп кімнің қолында қалады, сол бала менің тапсырмамды орындайды.
Ойын: Кім қалай оқиды?(музыка)
Әліппе: «Әліппе» оқуға
Үйреткен әр күні
Кім атын атай ғой?
Бәрі: Ол біздің
Мұғалім апай ғой.
Әліппе: Үйретіп санауды,
Көп еңбек сіңірген
Кім атын атай ғой?
Бәрі: Ол біздің
Мұғалім апай ғой.
Хор: « Мұғалім ол біздің.»
1. Әліппе: Балалар сіздердің білімдеріңе риза болдым. Тамаша балалар. Сендер бүгін өздеріңнің жан - жақты, дарынды, өнерлі балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен сендерге ризамын. Ана тілі оқулығында осы сияқты жақсы меңгеретіндеріңе сенемін. Сендерге көп - көп рахмет. Енді сауатты жазумен мәнерлеп оқытатын досыммен таныстырайын. Ол «Ана тілі» оқулығы! АНА тілі келеді (музыка)
Ана тілі: Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріңе,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім - елдігім,
Ана тілім - ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінділмес кемдігім.
Армысыңдыр балалар, әліппе сендерді мақтап отыр, бірақ мен де сендердің білімдеріңді көргім келеді, сендер әліппемен қатар математика ғылымын меңгердіңдер, мен сол жағынан білімдеріңді сынап көргім келеді.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
Менің алып келген тапсырмаларымды орындап көріңдерші
1. Математикалық сайыс 2 топ.(тексеру)
2. Ана тілі
Ретімен тізбелі
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ? Әзіл санамақ
0 – Дөңгелекке ұқсайды,
Доп сияқты, ұшпайды.
Досым нөлді О дейді,
Десем «бұл нөл», ұқпайды.
1 – Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтес тәтем жүр сауып.
2 – Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.
3 – Үйімде бар үш қалам,
Үшеуінде ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балықты ұстаған.
4 – Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да.
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
5 – «Бестік» деген бағаны.
Алғыр бала алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.
6 – «Алақай!»- дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?
7 – Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай - ақ жүреді.
8 – Сен де, мен де баламыз
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.
9 – Тоғыз жасқа келгенім
Тоғыз жылды көргенім.
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің!
10 – Он жыл, он жас - он деген,
Он жас кіші он менен.
Онды жаза аламыз
Он – тұрған бір нөл менен.
Ана тілі: Әліппе мақтағандай білімді балалар екенсіңдер. Сендер мені де күтіп ұстап, жақсы оқып меңгеретіндеріңе сенімдімін.
Сайыс: Ата - аналар мен балалар(мақал, жаңылтпаш, сөз құра) Мұғалім
Мұғалім: Біздің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата - аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата - аналарға рахмет айтайық, әдемі биімізді сыйға тартайық!
БИ Вальс
Скрипка Алтынай
3. Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарын есте болсың,
Күнделіктерің 5 - ке толсын! Сау болыңдар балалар(әліппенің кетуі)
Мұғалім
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың.
Ертеңгілік соңында
Ақ көңілмен баршаға
Тілек айтар қонақтар(әкімшілік, ата - аналар)
Фотоларын тарату.(музыка)
Әліппеге рахмет!
- alzinat sobetbekkizi
- 27 сәуір 2014
- 4036
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әліппемен қоштасу сценарийі
Ұқсас жаңалықтар:
Әліппе, саған мың алғыс!
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Искакова Света Полатовна...Әліппемен қоштасу
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың...Әліппемен қоштасу
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың...Әліппе – білім бастауы.
Тақырыбы: Әліппе – білім бастауы....Әліппемен қоштасу
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.