Сайтқа кіру Тіркелу

Ертегілер еліне саяхат

Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: бағдарлама материалдарының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсу.
Сабақтың міндеті:
1. Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру. Қоршаған орта жайлы білімдерін кеңейту;
2. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту;
3. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері, сызбалар суреттер
Сабақтың типі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың түрі: ертегі еліне саяхат
Әдіс - тәсілдері: әңгіме, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Үй тапсырмасы:
«Әліппе» «Жарқын жүзді ұстазым»
Жаңа сабақ
- Балалар, ертегі тыңдағанды, айтқанды жақсы көресіңдер ме?
- Бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Ертегінің аты «Шалқан» Бұл ертегінің ішінде сендерге арналған көптеген тапсырмалар бар. Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма? Ендеше ертегімізді бастайық.
Атаға көмектесу 1 - тапсырма:
«Бұл қандай әріптер»
1. Қозыда жоқ,
Қойда бар.
Тазыда жоқ,
Тайда жоқ. (Й)

2. Үлкенде бар,
Кішіде жоқ.
Дүкенде бар,
Кісіде жоқ. (Ү)

3. Дабылда жоқ,
Дауылда бар.
Далада жоқ
Ауылда бар., (У)

4. Табада бар,
Танада жоқ.
Сабада бар,
Санада жоқ. (Б)
Жұмбақ шешу.

1. Сөзі дана,
Үні жоқ.
Сөйлемейді,
Тілі жоқ.
Қолына алсаң - шешен,
Ақылы асқан көсем.
(Кітап)
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп
Өзі сөйлей білмейді.
Салған ізі сөйлейді.
(Қарындаш)

Мен ақ қалам, ақ қалам.
Жазған сайын жоқ болам.

(бор)
Келтірер көп пайдасын
Оқушының айнасы.
(парта)

Қабат - қабат қаттама,
Ақылын болса аттама.
(кітап)

Ата мен әжеге көмектесу 2 - тапсырма
Тақтаға суреттер іліп буынға бөлгізу
Аққала, бақа,
Ит, бағдаршам, автобус, арыстан, ұшақ, жаңбыр.
Ата, әже және немересіне көмектесу. 3 - тапсырма
Сергіту сәті:
Бір дегенім - бесік,
Шықтым одан өсіп.
Екі дегенім - елім
Далам, тауым, көлім.
Үш дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім - бақыт,
бағалайтын уақыт.
«Кім жылдам?» ойын. Бұл ойында 1 - 10 дейін санау, 10 - 1 дейін санау.
+,- таңбалары арқылы есептерді шығару.
2+2=? 3 - 1=? 4 - 0=? 3 - 2=?
5+5=? 8+2=? 5 - 3=? 6+0=?
Ата, әже, немере, итке көмектесу. 4 - тапсырма
«Әріптер қалтасы» Дауысты дыбыстарды қызылмен, дауыссыз дыбыстарды көкпен бояу.
Ата, әже, немересі, иті, мысыққа көмектесу 5 - тапсырма
«Түсіп қалған әріптерді орнына қой»
АРПА ТАҒА АРА НАН
Сергіту сәті:
Ата, әже, немересі, иті, мысығы, тышқанға көмектесу 6 - тапсырма
Жоғалған «С» әрпін орнына қойындар. Сөздің мағынасын түсіндір.
Сабақ, саумал, сары,
Аспан, суат, қасқыр.
Атаға, әжеге, немересіне, итке, мысыққа, тышқанға көмектестік.
Сабақты бекіту:
Ертегі кейіпкерлерін ата.
Ертегіде қанша кейіпкер бар?
Қорытынды:
1. Бүгінгі сабақта не білдік?
2. Қандай тапсырмалар орындадық?
Осылайша, ертегі еліне жасаған саяхатымыз аяқталады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×