Сайтқа кіру Тіркелу

Таныстырған 42 әріппен қош бол менің қасиетті Әліппем!

Мақсаты:
Оқушылардың сауат ашу пәнінен оқу барысында алған білімдерін тиянақтау;
өз – өнерлерін ата – аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Мәди:
1. Бәрің бері қара.
Бүгін бізде
Болмақ қандай шара?
Диляра:
2. Тағзым етем, тақсырым,
Айтайын мен жан сырын
Естідім ұзын құлақтан,
1 «ә» сыныбынан.
Айым:
3. Келеді бүгін ертекке,
Ән салып, би билемекке.
Қоштасқалы отыр екен
Сүйікті кітап Әліппемен.
Алина:
4. Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Рүстем:
5. Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Ақжол:
6. Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
Ән: «Әліппе!»
Болат:
Уа, халайық!
Ортаға шақырайық қол соға.
Сүйікті біздің ұстазды,
Шәкірттермен ортаға.
Мұғалім: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1 «ә» сынып оқушыларының «Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
- Балалар, сұраққа жауап айтындаршы.
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!
Әліппе: Менің атым – Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық!
Әліппе: - Сендер қандайсыңдар?
Шернияз:
10. Талабы биік таудаймыз.
Мың бұралған бишіміз.
Біз шеберміз.
Ақылдымыз.
Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
Көп оқимыз.
Барлығы хормен: Біз – қазақ елінің болашағымыз.
Ән: «Балалар әлемі»
Ортаға Жалқаубек кіреді.
Жалқаубек:
- Ой мұнда неге көп балалар жиналған? Өздері шеттерінен әдемі екен. Бұл жерде не болып жатыр өзі, а?
Болат: Біз бүгін Әліппемен қоштасып жатырмыз.
Жалқаубек: Әліппе деген не?
Болат:
О: Іші толған әріпке,
Мынау әйбат әліппе.
Барлық ілім – білімнің,
Әжесі осы - әліппе.
Жалқаубек: Сонда сендер барлық әліппені білесіңдер ме?
Хормен: Әрине.
Жалқаубек: Ал мен білмеймін!
Әріптер шығады.
Гүлназ:
10. Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Дархан:
11. Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.
Әріптердің атаманы қай әріп?
Аружан:
13. А әрпінен есімім
Айтсам сөздің кесімін.
Аружан мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
Әлішер:
14. Әлішерді білесіз,
Көңілге мені түйесіз.
Ә әрпі де атымда
Оқып – біліп жүресіз.
Аяна:
15. Ж дегенің Жанабаева,
Аяна деген мен бала.
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шара.
Рауан:
16. Рауан деген есімді,
Білдіңіздер кесімді.
У әрпі бар ішінде,
Тыңдасаңыз шешімді.
Еркежан:
17. Е әрпі Еркежанмын мен деген,
Білім іздеп, оқу оқып терлеген.
Рахат:
18. Т дегенің Толеуханов Рахатпын
Әріптерден қаламын ба мен дағы,
Достарыма тілейтінім алдымен
Денсаулық пен зор байлық алда да.
Еділ:
19. Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
О: Осы қыс ішінде әйбат әліппені үйреніп кел. (Әріптерді барлығын Жалқаубекке береді)
Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған мың рақмет!
Әліппе:
- Балалар, сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
Жалқаубек: Математика деген не?
Сандар шығады.
Әліппе:
Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді,
Айтып берер санамақ?
Мәди:
1) 1 дегенім – бесік,
Шықтың содан өсіп.
Рүстем:
2) 2 дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім.
Дархан:
3) 3 дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
Болат:
4) 4 дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
Әлішер:
5) 5 дегенім – бақыт,
Бағалайтын бақыт.
Рахат:
6) 6 дегенім – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
А. Дамир:
7) 7 дегенім – жалау,
Жүректегі алау.
Рауан:
8) 8 дегенім – сөзің,
Серт беретін кезің.
С. Дамир
9) 9 дегенім – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Еділ:
10. 10 дегенім – Отан,
Қорға еліңді ботам.
О: Ал, мамырға дейін санап үйреніп кел. (Сандардың барлығын Жалқаубекке береді)
Аяна:
11. Көңілді өскен баламыз,
Шырқатып әнге саламыз.
Тойымызға сән берер,
Би де билей аламыз.
Би «Полька»
Еркежан:
Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.
Мирас:
Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреткен.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
Дильназ:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата – ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың есте болсың,
Күнделіктерің 5 – ке толсын!
Қыздар: Бәрімізді сүйіп өткен,
Ұлдар: Балаларға үйреткен.
Хормен: Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Көрініс: «Дос іздеген бота»
Әліппе: Балалар, рақмет сендерге! Мен сендерге өте ризамын. Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым, өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар. Ана тілі оқулықтарыңды жақсы оқыңдар, үлгілі оқушы болыңдар. Ал мен енді кетейін, қош сау болыңдар!
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бірге: Қош сау бол, құтты Әліппе! (Әліппе кетеді)
О: Өтірік айтпа, ұрлық жасама.
Әдептілік, ар – ұят.
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы жат,
Надандықтың белгісі,
Үйрен жақсы әдеттен,
Жирен жаман әдеттен!
(Жалқаубектің тұрысын, киімін жөндейді)
Жалқаубек: Мен өз қатемді түсіндім, мен де сендер сияқты ақылды да, тәртіпті болғым келеді. Мен өз атымды Ақылбекке ауыстырып ендігі жылы әліппені меңгеріп келемін.
Оқушылар: Біз саған сенеміз, Жалқаубек. Қош сау бол! (Жалқаубек кетеді)
Мұғалім: Өздеріміз білетін «Ана тілі» туралы тақпақтарымызды айтып берейік.
Ақерке: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрің біл,
Өз тіліңді құрметте.
С. Дамир: Ана тілін ақтандар,
Ана тілін сақтандар.
Ана тілмен безеніп
Ата берсін ақ таңдар.
А. Дамир: Ия, өз тіліңмен ер жетіп,
Қол созасың күнге сен.
Өз тіліңмен еліңе,
Пайдалысың күнде сен!
Ән: «Ана тілін сүйеміз!»
Мұғалім: Балалар, енді әліппеден басқа да қызықты кітаптарды оқи алады. Бізге қонаққа кітапханашы Алтынжан апайымыз келіп отыр. Алтынжан апайымызға сөз берейік.
Кітапханашы: Балалар, мені мерекелеріңе шақырғандарың үшін көп рахмет. Сендер енді өз беттеріңмен оқи аласыңдар. Кітапханада әдемі, балаларға арналған кітапшалар көп. Мен сендерге бүгінгі мерекелеріңе сыйлық ретінде бірнеше кітап ала келдім. (Кітаптарды балаларға таратады, «Ана тілі» таратуға көмектеседі).
Ана тілі: Балалар, енді басқа да қызықты кітаптар оқитын боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.
Хормен: Оқимыз, «Ана тілі», оқимыз!
Мирас: Баланың да тірегі, Ақыл құйған санама,
Даланың да тірегі. Күннен де артық расында.
Шаншылмасын ешқашан, Күн – алыста, ал анам,
Аналардың жүрегі. Ылғи менің қасымда.
Мұғалім: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.
Ән: «Айналайын ақ мамам!»
Мұғалім: Ата – ана шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Қорытындысын жасайық!!! (шашу шашылады)
Мұғалім: Мұнда біреу жымияды қызына,
Мұнда біреу ақыл айтар ұлына.
Мұнда біреу сөз сөйлейді жараса,
Мұнда біреу елтіп отыр жырыма.
Ол кім десең,
Қуаныштан езулерін жымиған,
Ол – ата – ана, әлемдегі сыйлы адам, - дей келесі сөз кезегін ата – аналарға беремін.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×