Мақсаты:
Білімдділігі: Өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқу, мазмұнын аша білуге үйрету, заттың атын білдіретін сөздерді меңгерту.
Тәрбиелігі: Сауатты, таза жазуға, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорларын молайту.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ – жауап, ізденушілік тапсырмалар
Көрнекілігі: авторлар суреті, ананың, құстардың суреттері, слайдтар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа назарын аудару.
2. Психологиялық дайындық
Жер мен аспан көкпеңбек,
Айналамыз жайнайды.
Көктем! Көктем! Көктем! – деп,
Құс біткендер сайрайды.
3. Үй тапсырмасын сұрау
- Балалар көктемнің алғашқы гүлдерін атайық
- Бәйшешек, жауқазын.
- Н. Әлімқұловтың «Бәйшешек» өлеңін жатқа айтқызу.
- Н. Айтовтың «Жауқазын» өлеңін мәнерлеп оқыту.
4. Жаңа сабақ
- Қазір қай мезгіл?
- Қазір қай ай?
- Көктемде нелер келеді?
- Көктемде құстар жылы жаққа ұшып келеді. Құстар келу үшін біз берілген тапсырмаларды орындайық.
1. Құстардан бізге қараторғайлар келіпті, тапсырмасын орындайық.
1. Қима суреттерден кім? және не? сұрағына жауап беретін суреттерді топтастыру.
2. Сөздерді кім? және не? Сұрағына жауап беретіндеріне қарай топтау
(балықшы, қасқыр, гүл, бала, дәптер, дәрігер, мұғалім )
2. Аққулар датапсырмасымен келіпті, қане, көрейік.
Дәптермен жұмыс Көркем жазу
К к көктем күн көк
5. Оқулықпен жұмыс
92 - жаттығу. Мәтінді оқу. Көктем, ағаштар, мал туралы айтылған сөйлемді көшіріп жазу. Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Көктем
Қар еріді. Күн жылынды. Көктем болды. Күн ұзарып, түн қысқарды. Ағаштар бүршік жарды. Жылы жаққа кеткен құстар қайта келді. Мал көкке жайылатын болды.
93 - жаттығу
Туыстықты білдіретін сөздер: ата, әже, апа, қарындас, нағашы
Кәсіп иесін білдіретін сөздер: шопан, тракторшы, дәрігер.
3. Бізге келген құстардың тапсырмасын орындадық. Құстар бізге алғысын білдіретін болады.
6. Ой шақыру
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
- Өлеңде кім туралы айтылған?
7. Суретпен жұмыс
- Бұл кім?
- Ана
- Ана не істеп отыр?
- Ана бесік тербетіп, баласын уатып отыр.
- Адам баласы үшін ең аяулы, ең қадірлі сөз – ана. Мына сендер де, мен де, біздің анамыз да анадан туған жандармыз. Өмірге келген нәресте ең алғашқы әнді анасынан естиді, үйренеді.
- Сендерді мектепке кім даярлайды?
Анамыз
Наурыз айында қандай мереке бар
- 8 наурыз аналар мерекесі.
8. Суретпен жұмыс: Сурет бойынша әңгіме құрау
Аналар мерекесіне Айжан анасына арнап кесте тікті. Ол орамалға «8 наурыз» деп кестелеп жазды. Айжан орамалмен бірге гүл шоғын сыйлады. Анасы риза болды.
- Сендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме?
- Олай болса мына сұраққа жауап беріңдер?
- 9. Тірек сызба
Анаң қандай?
- Ақкөңіл, ақылды, мейірімді, ұстамды, әдемі, жақсы, кешірімді.
10. Оқулықпен жұмыс
М. Хакімжанова «Апама», А. Бақтыгерееваның «Анаға сыйлаймыз» өлеңін оқып, мағынасын ашу.
Өлең шумақтарын бірнеше оқушыға оқыту
Өлең бойынша сұрақ қою
- Құстар қай кезде оралады?
- Гүлді не үшін егеміз?
- Гүлді жұлған дұрыс па?
- Аналарыңа гүлді қандай мереке кезінде сыйлайсыңдар?
11. Сергіту сәті:»Құттықтаймын мама, туған күніңмен!»
Нұрын төккен маған
Шуағымсың – сен!
Айналайын мама,
Қуанышың – мен!
Шаттандырған мені
Жұбанышым – сен!
Құттықтаймын сені
Туған күніңмен!
12. Сабақты бекіту
- Балалар өмірде не тәтті?
- Ананың ақ сүті тәтті
- Не жұмсақ?
- Ананың алақаны
- Не қымбат?
- Ананың өмірі
13. Қорытынды. «Ой толғаныс»
- Анаңа не тілейсің?
- Қуаныш, сәттілік, табыс, денсаулық, мейірімділік, жақсылық, ұзақ өмір
- Балалар, аналарыңа балалық ақ жүректеріңмен айтқан тілектерің қабыл болсын
Ұйқасын тап:
Ақ сүт берген аяулы.... ана
Өміріме болған......... пана
14. Бағалау
Сабаққа қатысқан оқушыларға «Бәйшешек,», «Жауқазын» гүлдерін сыйлаймын.
15. Үйге тапсырма
М. Хакімжанованың “Апама”өлеңін жаттау.
А. Бақтыгерееваның “Анаға сыйлаймыз”өлеңін мәнерлеп оқу.
Аналар мерекесіне арнап құттықтау жазу.
Заттың атын білдіретін сөздер
- Сагынгалиева Мейрамгул
- 29 наурыз 2014
- 5498
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілі, заттың атын білдіретін сөздер
Ұқсас жаңалықтар:
Келе, бер көктем
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 мектептің мектепалды даярлық тәрбиешісі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Заттың атын білдіретін сөздер
Қорғанбаева Рыскул...Жауқазын
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қадырбаева Гулжанат Балташевна...Заттың қимылын білдіретін сөздер
Сабақтың мақсаттары: Білімділігі: Заттың қимылын білдіретін сөздер оның сөйлемде атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Заттың атын білдіретін...« Аяулы - анашым»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С. Тақырыбы: Аяулы – анашым. Мақсаты: Жанұядағы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.