Сайтқа кіру Тіркелу

Негізгі және туынды сын есім

Сабақтың мақсаты:
Білімділік – негізгі және туынды сын есім туралы берілген түсінікті кеңейту, туынды сын есімнің басқа сөз таптарынан жасалатынын байқату;
Дамытушылық - өз бетімен жұмыс жасау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және шығармашылық тапсырмаларды орындауға баулу;
Тәрбиелік - әрбір оқушыға «жеке тұлға» деп қарап, оларды адамгершілікке, елін, жерін, табиғатын қорғай білуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс, талдау, ажырату, салыстыру, топтау, жинақтау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек сызбалар, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сендерге,
Басымызды иіп бәріміз.
Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызда әрбір ісімізге мұқият болайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1) 5 – жаттығу. Сөздерге - лы, - паз, - ғы, - гі жұрнақтарының тиістісін жалғап жаз.
Су, күз, қар, көктем, әсем, жаз.
Осы туынды сын есімдер кездесетін мақалдар тап.
2) Үй тапсырмасын бекіту. Сын есім туралы не білетіндерін сұрау.
Зат біреу болғанмен, оның сан түрлі қасиеттері, белгілері болады.
Жаңа білімді меңгерту. Шығармашылық саты.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Тағы қандай жыл мезгілдері бар?
- Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең шығарған қазақтың қандай ақынын білесіңдер?
Абай өлеңдерінен үзінді айтқызып, сын есімді тауып талдату.
«Күз» туралы өлеңінен жатқа үзінді айтқызып, сын есімдерді тапқызу.
Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тонғаны ма, тойғаны ма?
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
«Қыс» өлеңінен үзінді айтқызып, сын есімге талдату.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті – басы - ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
«Көктем» өлеңінен үзінді.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан – жануар, адамзат анталаса,
Ата – анадай елжірер күннің көзі.
«Жаз»
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын бәйшешек
Ұзарып, өсіп, толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда;
IV. Танымдық тапсырма. «Кім жүйрік, кім тапқыр?»
Суық, ызғарлы, ыстық, боранды, жаңбырлы, салқын, дымқыл, шуақты, жасыл, алтындай, жайдары, қапырық, бұлтты, аязды, үскірік.
V. Көркем жазу.
С с
Суық, сұр, ыстық, салқын. аласа, алыс.
VI. Оқулықпен жұмыс.
1 – жаттығу. Көп нүктенің орнына жұрнақ жалғап, туынды сын есім жаса.
Жауын....., икем.........., білім.........., бақыт..........., құрмет..............
Өзің қалаған үш сөзге сөйлем құрастыр.
2 – жаттығу. Мәтінді оқып, ішінен сын есімдерді тауып, кестеге орналастыр.
Сын есім
Негізгі сын есім Туынды сын есім
Негізгі сын есім дегеніміз не? Туынды сын есім қалай жасалады? Сөз құрамына талда.
Өзіндік жұмыс «Кім шапшаң?»
4 – жаттығу. Негізгі және туынды сын есімдерді екі қатарға бөліп жаз.
Негізгі сын есім Туынды сын есім
Өзің қалаған 2 - 3 сөзге сөйлем құрастыр.
VII. Сергіту сәті. «Құнды ерекшеліктерін ата»
Шарты: берілген заттың сынын атау.
5 – жаттығу. Мәтінді оқы. Сын есімдерді тауып түрлеріне ажырат. Қарабидай сөзі зат есім бе, сын есім бе?
Қарабидай – ерте кезден егіліп, өсіріле бастаған. Қазір қарабидай егістігінің көлемі бидайдан екі еседей кем. Жер шарында егілетін қарабидай егістігінің жартысынан көбі бізде. Қарабидайдан бидай ұнындай пайдалы да сапалы нан пісіріледі. Нанда адам ағзасына пайдалы В және Е витаминдері болады. Қарабидайдан спирт, химиялық крахмал алады.
Тест
1. Сын есімді тап
А) үлкен
Ә) елу екі
Б) асқар
2. Негізгі сын есім қайсы?
А) жақсы
Ә) әдепті
Б) таудай
3. Сын есімнің сұрақтары
А) кім? Не?
Ә) қандай? Қай?
Б) не істеді? қайтті?
4. Туынды сын есім дегеніміз не?
А) түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім
Ә) түбір сөзден болған сын есім
Б) кім? не? Деген сұрақтар қойылады.
5. Бір сөзден тұратын сын есім атауы
А) күрделі сын есім
Ә) дара сын есім
Б) түбірлес сын есім
6. «Қара көк» сын есімнің қай түрі?
А) дара сын есім
Ә) күрделі сын есім
Б) сын есім болмайды
ІХ. Қорытынды. Венн диаграммасы.
Х. Үйге тапсырма: 3 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сын есімдерді тауып, түрлеріне ажырат.
ХІ. Оқушылардың білімдерін бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Негізгі және туынды зат есім 31 - 37 жаттығулар

Негізгі және туынды зат есім 31 - 37 жаттығулар

Мақсаты: 1. Негізгі және туынды зат есім есімдерді пысықтау. Сөз ішінен негізгі және туынды зат есімдерді тауып, талдай білуге үйрету....
Туынды зат есімнің жасалуы

Туынды зат есімнің жасалуы

Сабақтың мақсаты: А) Туынды зат есім туралы алған білімін, білік дағдыларын еске түсіріп, қорытындылау. Ә) Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын...
Негізгі және туынды зат есім

Негізгі және туынды зат есім

Сабақтың жабдығы: Кесте, тапсырмалар жазылған үлестірмелер Жалпы мақсаттар: Зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын,...
Зат есімнің жасалуына жаттығу жұмыстары

Зат есімнің жасалуына жаттығу жұмыстары

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы № 4 Хромтау орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Касенова Жанагул Амангосовна...
Негізгі және туынды зат есім

Негізгі және туынды зат есім

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой селосы бастауыш сынып мұғалімі Мухтарова Гулмира Танжарбаевна Сабақ тақырыбы: «Негізгі және туынды зат есім»...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×