Мақсаты: М. Дулатовтың «Қыс келді» мәтінінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушыларға қысқы табиғат құбылысы туралы және адамдар мен жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылығын жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту, өз ойларын жинақтап, жүйелеп қорыта білуде біліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Табиғат тамашасына сүйсіне білуге, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: қыс суреті, автор портреті, сызбалар.
Әдісі: түсіндіру, іздену, топтастыру, түртіп алу, Венн диаграммасы, шығармашылық жұмыс.
Пән аралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
Оқушылар назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.
Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем.
Тарауына шолу жасау.
Тест беру арқылы қорыту.
Оқушыларға тест беріп, жауап алу.
Жарайды оқушылар, сонымен, осы тарауды да аяқтап тастадық. Ендеше тағы бір тараумен танысайық.
ІІІ. Қызығушылығын ояту. Жұмбақ шешу.
Шанамен зырғып желдетіп,
Шаңғы, коньки тебеміз.
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)
Ендеше қыс айларын кім айтады?
Қазір қай ай басталып жатыр?
Балалар, біз көктем туады, жаз шығады, күз болып, қыс келеді дейміз. Неге қысты келеді деп айтамыз? Өйткені, тіршілік иелері қысқа келеді деп оған дайындалады. Азық дайындайды, отын – шөп жинайды. Құстар да дайындалады. Қыс келеді дегенде адамда қандай сезім болады? Қорқыныш, себебі, қыс өзінің қатал мінезін көрсетеді.
Ал, қуаныш сезімі де болады. Өйткені, балалар асыр салып ойнайды.
Өте жақсы. Ал енді қыс сөзін естігенде қандай сөздер ойларыңа келеді.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.