Сабақтың тақырыбы: Етістік түрлері. 400 - 406 жаттығу
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сөйлемнен етістік түрлерін таба білуге, қай сөзбен байланысқанын таба білуге, сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау шеберлігін, сауатты жазу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ көрнекілігі: оқулық, кесте, ребустар, ойындар.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Смайликтер пайдалану.
II. Үй тапсырмасын тексеріп, сұрау.
Ребус шешу, «Етітстік» сөзі шығады. Ережесін сұрау, етістік түрлерін сұрау, кесте бойынша. Ойын “ Жалғастыр ” оқыды – оқып отыр, көрді - көріп тұр.
III. Жаңа сабақ.
Күн ретін жазу, 3 топқа бөлу. 400 - жаттығу. Жұмбақты жатқа жазу, етістікті табу.
Жолбарысқа ұқсайды,
Тышқанды ғана ұстайды. (мысық)
Мысық туралы сұрақ - жауап арқылы әңгімелеу.
Сергіту сәті: Мысық сияқты мияулау.
401 - жаттығу. « Өрмек» өлеңін мәнерлеп оқу, етістікті тауып, байланысын табу, автормен таныстыру.
« Өрмек» туралы мағлұмат беру.
Сергіту сәті: «Үйректер» әніне би қозғалысымен.
402 - жаттығу 3 топтан 3 оқушы шығып, 2 сөйлемнен жазады.
1 оқушы: Күз келді. Күн суыта бастады.
2 оқушы: Шөп сарғайды. Ағаштың жапырақтары түсті.
3 оқушы: Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Біз жылы киімімізді кидік.
403 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып, оны күрделі зат есімге айналдырып, сөйлем құрап жазу.
... оқыды.... емдеді.... тікті.
... секірді.... құйды.... көмектесті.
Сергіту сәті: «Қара жорға».
404 - жаттығу. Сөзжұмбақты шешу, “Қимыл” сөзі шығады.
Ойын: «Понтамимо».
405 - жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазу.
Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.
Түбіт сөзінің айтылуы мен жазылуын түсіндіру. Түбіт туралы мәлімет беру.
Шығармашылық жұмыс, сөзкесте
Шоқ+бала болашақ
шелек+ек келешек
Жыл+баз жалбыз
таса+бақ тасбақа
IV. Үйге тапсырма: 406 - жаттығу.
V. Қорытындылау: - Бүгінгі сабақта қандай жұмыстар жасадық?
VI. Бағалау. Оқушыларды мадақтау.
Етістік
- Mahmutova.akerke
- 25 наурыз 2014
- 10642
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Қазақ тілі, ашық сабақ жоспары, етістік
Ұқсас жаңалықтар:
Теңдеуді шешу
Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушыларға теңдеу құруды, оны шешу тәсілдерін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын,...Дара және күрделі етістіктер
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Т. Жүргенов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бурамбаева Мейрамгул Бердибаевна...Дара және күрделі етістіктер
Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер. Мақсаты: Дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік беру. Етістіктерді тауып оларды ажырата білуге үйрету....Етіcтік
Сабақтың мақсаты: 1. Етістік туралы берілген білімді жетілдіру, талдау, бекіту....Етістік
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мүғалімі Гүлдана Бауыржанқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.