Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.
«Қатынас» Сауат ашу білім беру саласы.
Тақырыбы: « З з дыбысы мен әрпі.......».
Мақсаты:
Білімділік: Әріптер мен дыбыс жайлы түсінік қалыптастыру. Жаңа әріппен таныстыру. Тақырып мазмұнын ашу.
Тәрбиелік: Тазалыққа, тәртіпті болуға, мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Ой - өрісін, қиялын дамыту. Сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру. Көрнекілік: суреттер, шаблондар, бүктемелер, оқулық т/б
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қызығушылық.
Өткен сабақты қайталап қайта жаңғырту. Қызығушылығын ояту.
Өтілген әріптер мен дыбысы жайлы өз білгендерін айту. Оларды түстеріне қарай дауысты, дауыссыз деп ажыратады. Дауысты дыбысты қызыл кәрзеңкеге, дауыссыз дыбысты көк кәрзеңкеге салады.
Ұйымдастыру – іздестіру.
Балалар ойын ойнап алайық
Мынау алма ағашы. Алмалары пісіп жетіліп тұр екен. Жерге түсірмей теріп аламыз ба?
- Жарайсыңдар балалар.
Балалар сондай ақ бізге қонаққа әже келіпті же бізден көмек сұрай келіпті. Көмектесеміз бе? Әженің Заңғар жене Зере деген немерелері орманға саңырауқұлақ теруге кеткен еді. Екеуі адасып кетіпті. Әже іздеп келе жатса алдынан қасқыр шығады Құтқару үшін тапсырмасын орындауымыз керек. Тапсырма жұмбақ шешу
Бітімі, тұрқы –
Аумаған жылқы.
Мәйкесі жолақ –
Айыбы сол - ақ.
Зебра сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? Демек біз бүгін з әрпі мен дыбысымен танысамыз
З з әрпімен танысу. з - дыбысы дауыссыз дыбыс.. З - дан басталатын сөздер айтқызу.
Жарайсыңдар Әже сендерге риза болды. Әже келе жатса алдынан аю шығыпты. Аюдың да тапсырмасын орындауымыз керек. Тапсырма:
Оқулықпен жұмыс
1.Сөздерді оқу
2.Әріпті жазамыз
Балалар аю да, әже де сендерге риза болып сәттілік тілеп жатыр. Әжеміз келе жатса алдынан кірпі шығады. Кірпі де әжені өткзбей өз тапсырмасын айтып отыр. Орындауға дайынбыз ба?
1. Сөздерді буынға бөліңдер
Зымыран, қарбыз, жұлдыз, жалбыз, зығыр, зырылдауық.
Жарайсыңдар балалар, әжеміз өзінің немерелерімен кездесіп табысты. Бізге риза болып алғыс айтып жатыр.
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды мақтап, мадақтап, бағалау.
З әрпін жекелеп айтып шығады. Ауада жазып көрсетеді. Мысал: зырылдауық, зымыран, зебра, Заманбек т/б
Ия. Теріп аламыз
Ия
Әзірміз
Жұмбақтың шешуі (зебра)
З, з, з
Мұғалімнің көмегімен тапсырманы орындау
Дәптермен жұмыс. Әріптерді жазамыз
Дайынбыз.
Зы - мы - ран, қар - быз, жұл - дыз, жал - быз, зы - ғыр, зы - рыл - да - уық.
Рефлексифті - түзетушілік.
Сабақ барысында кеткен оқушылардың қателіктерін ескертіп түзетіп отырамыз
Дәптерді таза ұстау.
Күтілетін нәтиже: Ойлау қабілеті артады. Көркем жазуды үйренеді
Нені біледі: Өтілген әріптер мен дыбыстарды біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Үлкендерге көмектесу, оларды құрметтеу, әрқашан тапсырманы орындауға дайын болу, қиындыққа мойымауға, еңбекқор, елжанды болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өтілген сабаққа деген қызығушылығы басым.
З дыбысы мен әріпі
- Ботакөз1979
- 17 наурыз 2014
- 26445
- 0
- 0
Ілмек сөздер: мектепалды даярлық, з дыбысы, әріптерді үйрену
Ұқсас жаңалықтар:
"Л л дыбысы мен әрпі"
Мақсаты: Білімділік: Л дыбысы және әрпімен таныстыру. Жазуға қолдарын жаттықтыруға үйрету....Ұ дыбысы мен әрпі
1. Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, Ұ дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін...Ю дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі. 1. Білімділігі. Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру, Ю әрпі шет тілдерінен кіріктірілген дауысты...О дыбысы және әрпі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының «№21 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Керимкулова Меруерт Бахытжановна...Л дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін дамыту....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.