Сайтқа кіру Тіркелу

Әліппемен қоштасу

Әліппемен қоштасу
Сабақтың мақсаты: Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата - анасының, Отанның адал ұл - қыздары болуға тәрбиелеу. Ой - өрісін дамыту. Сүйікті оқулықтары - Әліппемен қоштасу кешінде оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері мен өнерлерін таныту.
Көрнекілігі: Тақтаға жазылған сөздер «Әліппе білім бастауы!», Әліппе, бағалар, күннің көзі мен бұлттар, алма ағашы, сыйлықтар, шарлар, сандықшалар, буындар.
Мұғалім; Жеміске құты тола ма?
Бір - бірлеп теріп алмасаң?
Әп - сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал білім боларын
Шам - шырағың жолыңда.
Көлге ойнаған бұлағың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том - том болып кітаптың
Басы болар «Әліппең»-
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, 1 - сынып оқушыларының Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Әліппені аяқтау тойларыңыз құтты болсын!
1. Мәнерлеп өлең оқу
Әліппем, менің Әліппем,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Еркемай:
Қош бол, құтты «Әліппем»
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріпппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Мадияр:
Оқулықпен достассақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Өсті білім, бойымыз,
Құтты болсын тойымыз.
Айдос:
Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Әсел:
Ашыла берді алдымнан,
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдар алтыннан,
«Әліппе»- білім бесігі
2..«Алма ағашын жинау» ойынын ойнату.
Әрбір алманың артында өтілген сабақтарға байланысты тапсырмалар бар. Сол тапсырмаларды кім шапшан орындап көп алма жинайды екен.
1 - тапсырма:
Мақал – мәтел айтыңдар.
2 - тапсырма:
Әліпбиден кез - келген әріпті көрсетем, сол қандай әріп, қандай дыбыс екенін айтыңдар.
3 - тапсырма:
Сұрақ – жауап.
Жапырақ қай кезде сарғаяды?
Қазақтың ұлттық аспабы не?
Алфавиттің ең бірінші әрпі?
Сиырдың төлін қалай атайды?
Сенің әкеңнің анасы саған кім болады?
Қазақстан Республикасының Президенті?
2 + 2 жауабы қанша?
Тудың түсі?
10 - нан қай санды азайтсаң 5 болады?
Сыныпта неше оқушы бар?
Дәрігер не істейді?
1 - ден 0 - ді азайтсаң не болады?
”Ә”- қандай дыбыс?
Есту мүшесі?
5+3 неше болады?
Өзіңді қайдан көресің?
2 мен 9 аралығында қандай сандар бар?
Тамақты шайнап жеуге не көмектеседі?
Ән: «Әнші балапан».
3. Сергіту сәті:
Аты шыққан биімен,
Мен боламын ортеке.
Ойқастаған ортеке,
Қой бастаған ер теке.
Мен бір билеп берейін,
Тұяқтарым сыртылдап.
Мен бір билеп берейін,
Буындарым былқылдап.
5. Әріптерге байланысты мәнерлеп өлең оқу:
Нұрару:
Әліпбидің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында,
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде? Түсінші
Нұрдаулет:
«А» деген ол - аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол - әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол - балалар ғой көңілді,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Қамарсұлу:
«Қ» қартқа қол бер, жасқа жол бер.
«М» мектеп берген біліммен, марқаясың жас ұлан.
«Н» наурыз айы келгенде, наурыз тойын тойлаймыз.
«С» сыйламаған жолдасын, сыйлай алмас өз басын.
«Т» дегенім жеңімпаз, туымыз ғой қолдағы.
Аян:
И - дегенің иманың,
Адалдықтың белгісі,
К - дегенің күй дарын
Домбыраның дастаны
Назерке:
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды.
6.«Неше буынды сөз екенін табу» ойыны
Барлық үлестірмелі қағаздар оқушыларға таратылып беріледі. Буын санына қарай сандықшаның біреуіне салады. (1 буынды, 2 буынды, 3 буынды сандықша).
7. Буындардан сөздер құрастыру.
Тақтаға буындарды шашыратып ілу, әр буынның арасын сызық арқылы косып сөздер шығару.
Мына сөйлемдерді дәптерлеріңе әдемі, көркем жазындар:
1. Мен кітап оқыдым.
2. Анама көмектестім.
3. Дәптерге сурет салдым.
4. Күн суытты.
5. Қар жауды.
9. «Қаражорға» биі.
10. Осы кезде 5, 4, 3, 2 бағалары кіреді.
Бестік: «Бес!» деп едім бүгін мен,
Қалды бәрі күлімдеп.
Төрттік: Төрт алып еді көп бала,
Қуанып қалды ата - ана.
Үштік; «Үш» алғанда байқадым
Папам басын шайқады.
Екілік: Оқып ем, «екі» алдым
Кейіп қалды мұғалім.
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бұл сендердің алғашқы бағаларың. Бұл бағалардың ішіндегі 4пен 5 – пен дос болып, жақсы бағалар алып, жақсы, үлгілі оқушылар болуларыңа тілектеспіз. Сендердің «Әліппені» жақсы меңгеріп, сауатты оқуларыңа ата - аналарың да үлес қосты. Қане бәріміз рахмет айтамыз.
Бақытты балалық шағымыз үшін рахмет, сіздерге, ата - аналар
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×