Сайтқа кіру Тіркелу

Тест

Тест. 2013 - 2014 оқу жылы. №1
Қазақ тілі. 2 сынып
1) Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атайды?
А) Етістік
Ә) Зат есім
Б) Сан есім
2) Зат есімнің сұрақтарын белгіле.
А) Кім? кімдер?
Ә) Кім? Кімдер? не? нелер?
Б) Кім? Не? Нелер?
3) Адамға және адамға байланысты сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
А) Кім? Не?
Ә) Кім?
Б) Кім? Кімдер?
4) Жануарлар мен заттарға қандай сұрақ қоямыз?
А) Не? Нелер?
Ә) Не?
Б) Кім? Не?
5) Кісінің аты – жөні, жер – су аттары қалай аталады?
А) Жалпы есім
Ә) Жалқы есім
Б) Зат есім
6) Жалқы есімдер қалай жазылады?
А) Кіші әріппен
Ә) Жай әріппен
Б) Бас әріппен
7) Жалқы есімнен басқа зат есімдерді қалай атайды?
А) Жалқы есім
Ә) Жалпы есім
Б) Зат есім
8) Зат есімнің көпше түрі қалай жасалады?
А) – лар, - лер, - дар, - дер жалғаулары жалғанып
Ә) – лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер жалғаулары жалғанып
Б) – шы, - ші жалғаулары жалғанып
9) – лар, - лер, - дар,- дер, - тар, - тер жалғаулары қалай аталады?
А) Көпше жалғау
Ә) Көптік жалғау
Б) Көптік жұрнақ
10) Зат есімнің жекеше түрі қандай сұрақтарға жауап береді?
А) Не? Нелер?
Ә) Кім? Кімдер?
Б) Кім? Не?
11) Зат есімнің көпше түрі қандай сұрақтарға жауап береді?
А) Не? Нелер?
Ә) Кім? Кімдер?
Б) Кімдер? Нелер?
12) Жалқы есімдерді белгіле.
А) Қала, Өзен
Ә) Ертіс, Құлагер
Б) Теледидар, Әнші
13) Көпше зат есімдерді белгіле.
А) суреттер, қайшы
Ә) щеткалар, балалар
Б) ботақан, бағдаршам
14) Қай сөзді бас әріппен жазасың?
А) Досымның телефон нөмірін
Ә) Досымның есімін
Б) Досымның үйін
15) Жұрнағы бар сөзді белгіле.
А) құмырсқа
Ә) жұмысқа
Б) жұмыскер
16) Жұрнағы бар сөзді белгіле.
А) сатушы
Ә) мектебі
Б) мектептер
17) Жалғауы бар сөзді белгіле.
А) Ойыншық
Ә) Орындық
Б) Шаңғым
18) Жалғауы бар сөзді белгіле.
А) көлге
Ә) көлшік
Б) дайындық
19) Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін қалай атайды?
А) Қосымша
Ә) Түбір
Б) Жалғау
20) Түбірге қосылған бөлшекті қалай атайды?
А) Түбір
Ә) Жұрнақ
Б) Қосымша
21) Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды қалай атайды?
А) Жалғау
Ә) Жұрнақ
Б) Қосымша
22) Түбір сөзге жұрнақ қосу арқылы жасалған сөзді қалай атайды?
А) Туынды сөз
Ә) Жаңа сөз
Б) жұрнағы бар сөз.
23) Сөздің мағынасын өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны қалай атайды?
А) Жалғау
Ә) Жұрнақ
Б) Қосымша
24) Түбір сөзге жұрнақ пен жалғаудың қайсысы бұрын жалғанады?
А) Жалғау
Ә) Жұрнақ
Б) Түбір
25) Хабарлы сөйлем не үшін айтылады?
А) Жауап алу мақсатымен
Ә) Нүкте қою үшін
Б) Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылады.
26) Хабарлы сөйлемнің соңына не қойылады?
А) Сұрақ белгісі
Ә) Нүкте
Б) Леп белгісі
27) Сұраулы сөйлем не үшін айтылады?
А) Жауап алу мақсатымен
Ә) Нүкте қою үшін
Б) Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылады.
28) Сұраулы сөйлемнің соңына не қойылады?
А) Сұрақ белгісі
Ә) Нүкте
Б) Леп белгісі
29) Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, ба, бе, па, пе қалай жазылады?
А) Бірге жазылады
Ә) Бөлек жазылады
Б) Жазылмайды
30) Лепті сөйлем нені білдіреді?
А) Адамның көңіл – күйін, сезімін.
Ә) Адамның біреуге берген жауабын.
Б) Бірдеңені хабарлайды.
31) Сұраулы сөйлемді белгіле.
А) Сабақтан кешікпе?
Ә) Сабақтан кешігіп пе?
Б) Сабақтан кешігіп келді.
32) Лепті сөйлемнің соңынан не қойылады?
А) Сұрақ белгісі
Ә) Нүкте
Б) Леп белгісі
33) Лепті сөйлем қандай дауыспен айтылады?
А) Көтеріңкі дауыспен
ә) Жай дауыспен
Б) Қатты дауыспен
34) Лепті сөйлемді белгіле.
А) Туған күнді тойладық.
Ә) Туған күніңіз құтты болсын!
Б) Бүгін туған күніңіз бе?
35) Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз?
А) Сұрақ қою арқылы
Ә) Сөздеріне қарап
36) Тар – кең, қалың – жұқа, ұзын – қысқа ( бұл сөздер қалай аталады?)
А) Мәндес сөздер
Ә) Қарама - қарсы мағыналы сөздер
Б) Әртүрлі мағыналы сөздер
37) Ақсақал, қария ( бұл сөздер қалай аталады?)
А) Мәндес сөздер
Ә) Қарама - қарсы мағыналы сөздер
Б) Әртүрлі мағыналы сөздер
38) Биік -..., қымбат -..., жуас -... ( қай жауапта қарсы мағыналары берілген?)
А) Ұзын, арзан, жуас емес
Ә) Дәу, арзан, асау
Б) аласа, арзан, асау
39) Менің атам – зейнеткер. Ержан зат есімнің сұрақтарын атады.
( әртүрлі мағыналы сөздерді тап)
А) Зейнеткер
Ә) Сұрақтар
Б) ата
40) Туынды сөздерді белгіле.
А) Шаңғылар, сазгер, аспаз
Ә) Орманшы, заңгер, байлық
Б) Ауылға, сөздер, сөздік
41) Жұрнағы бар сөзді белгіле.
А) Сыпырғыш
Ә) Үйі
Б) Немерелер
42) Жалғауы бар сөзді белгіле.
А) Суретші
Ә) Сыйлық
Б) Әкем
43) Көптік жалғауы бар сөзді белгіле.
А) Қарбыздар, бақшадан
Ә) Жемістер, қауындар
Б) Жидектер, қауын
44) Кім? Кімдер? Не? Нелер? ( бұл сөздер -...)
А) зат есімнің жалғаулары
Ә) зат есімнің сұрақтары
Б) зат есімнің жұрнақтары
45) Қай сөздерді бас әріппен жазамыз?
А) Нұра, Өзен
Ә) Қарағанды, Қала
Б) Ертіс, Астана
46) Қай сөйлем дұрыс құрастырылған?
А) Сочи қысқы олимпиада өтті қаласында.
Ә) Қысқы олимпиада өтті Сочи қаласында.
Б) Сочи қаласында қысқы олимпиада өтті.
47) Ағайын, туыс ( бұл сөздер қалай аталады?)
А) Қарсы мағыналы сөздер
Ә) Мәндес, мағыналас сөздер
Б) Әртүрлі мағыналы сөздер.
48) Туынды сөз қалай жасалады?
А) Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы
Ә) Түбір сөзге жалғау қосылу арқылы
Б) Түбір сөзге ештеңе қосылмайды
49) Жұрнақ...
А) Сөздің мағынасын өзгертпейді
Ә) Сөздің мағынасын өзгертеді
50) Жалғау...
А) Сөздің мағынасын өзгертпейді
Ә) Сөздің мағынасын өзгертеді
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×