Сабақтың тақырыбы: «Акула», Л. Толстой.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар мәтіннің мағыснасын талдай отырып, акула туралы білімдерін молайту.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтау және сезімін ояту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетімен жұмыс істеуге, жан - жақты болуға үйрету. Пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілік: тақырып жазылған плакат, сөзжұмбақ, акуланың, балықтардың суреттері, парақшалар.
І. Сабақтың барысы:
ІІ. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІІ. Үй тапсырмасы: Мазмұнын сұрау.
ІV. Сөз жұмбақ шешу.
1. Қазақстан теңізі
2. Каспийде тіршілік ететін балық
3. Балықтың көбею жолы
4. Балық торы
5. Суда өседі, өнеді сыртқа шықса өледі
V. Жаңа сабақ: «Ой қозғау»
Акула балықтың бір түріне жатады.
Акула туралы мағлұмат:
Акула теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда да кездеседі. Денесінің ұзындығы 15см - ден 20м - ге дейін болады. Салмағы 14 тоннаға дейін тартады. Акула іштей ұрықтанады, кейбіреулері ұрпағын тірі туады. Акуланың көру қабілеті жақсы жетілмеген, ал иіс сезу қабілеті өте жақсы жетілген. Алайда бұл әдіс су астында жұмыс істейтін адамдар үшін қолайлы емес. Сондықтан ғалымдар акуладан қорғанатын әдіс ойластырған.
Акула тіршілігін зерттеуші ғалымдар сасып, бұзылған ет тасталған жерге оның жоламайтындығын анықтаған. Ал химиктер бүлінген етте сірке қышқылының болатындығын аңғарып, акуланың сол иістен қашатындығын білген. Осыған орай су астында жұмыс істейтін сүңгуірлер үшін акулалардан қорғауға сірке қышқылды мыс ертіндісін пайдалануға ұсынған.
- Олай болса, балалар, бүгін біз Лев Толстойдың « Акула»мәтінімен
танысамыз. Автормен танысу.
Лев Толстой (1828 - 1910) – орыстың ұлы жазушысы. Тек жазушылықпен ғана айналысып қоймай, ұстаздық іске де атсалысқан. Ясная Полянада шаруалардың балалары үшін мектеп ашып, педагогикалық журнал шығарды. Әліппе оқулықтарын жазды. Оның әлемге әйгілі «Соғыс және бейбітшілік» романы, балаларға арнап жазған әңгімелері, кітаптары бар.
VІ. Оқулықпен жұмыс:
Мұғалім мәтіннің мазмұнын балаларға айтып тұсіреді. Осы мәтіндегі түсінуі қиын сөздермен жұмыс. Зәкір, білте, артиллирист, матрос, палуба - суреттерін көрсетіп түсіндіру.
Сергіту сәті:
Біз жүземіз көл астында,
Біз жүземіз көл үстінде,
Жүземіз оңға, жүземіз солға,
Шоршимыз анда – санда.
Сұрақтармен жұмыс.
VІІ. Сұрақтармен жұмыс:
1. Балалар ашық теңізде неліктен жүзбекші болады.
2. Кенеттен палубадағыларды абыржытқан қандай оқиға болды?
3. Балалар акуладан қалайша аман құтылды?
4. Осы мәтінге тағы басқа ат қоюға болады ма?
Қорытындылау: Оқушыларды білімін сематикалық кесте арқылы тексеріп, бағалау.
- Суға шомылуға байланысты қандай қауіпсіздік шараларын қолдану керек?
( мұғалім толықтырады)
Акула
- Венера1
- 20 ақпан 2014
- 8517
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш, Әдебиеттік оқу, 4 сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту
Мақсаты: Кез келген сабақтарда сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын қолданудың пайдасына тоқталу. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлай қабілетін дамыту...Шеміршекті балықтар ерекшеліктері, оларды қорғау
Балықтар - сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар. Қазіргі кезде дүниежүзінің су айдындарында балықтардың 20000...Балықтар
Сабақтың тақырыбы: Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары Мақсаты: а) білімділік: оқушылардың балықтар класы бойынша алған...Оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каримова Гульмира Сафиуллиевна...Балықтар жоғары класы
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің география, биология пәндерінің мұғалімі Алданазарова Камила Алданазаровна Сабақтың тақырыбы: Балықтар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.