Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік малдар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өтілген материалдарды қайталай отырып, тақарыпты кеңейту және пысықтыу.
Дамытушылық: Мәнерлеп оқуға жаттықтыру. Әдемі, сауатты жазуға дағдыландыру. Ойын, тілін, сөлку қабілетін, қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Еңбекті сүюге тәрбиелеу, ұлттық кәсібімізді, өнерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, оқу, жазу, ойлану, ойнау, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Төрт үлкен суретті жайлау. Трт түлік иелері, төлдер суреті, мақал.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен сабақты еске түсіру.
- Балалар, еңбек дегеніміз не? Ол туралы не біліеміз? «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
- Қазақ елінің ұлттық кәсібінің бірі – мал бағу.
- Малдың адам өмірінде қандай пайдасы бар? Төрт түлік малының иелерін атаңдаршы. Біздің осы мектептегі еңбегіміз не?
- Білім.
- Иелері өз малдарын алып келіпті, тек босқа бермейді, біліміне саудалайды. Білім осы мал мен төлдің суретінің артында берілген. Оны оқып, ойланып жауап береміз. Бірінші Қамбар баба жайлауындағы саудаға барамыз.
1 - жылқы: Мал атауларын ата?
2 - жылқы: Төлді қалай шақырады?
3 - жылқы: Әр түлік қалай дыбыстайды?
4 - жылқы: Әр малдың төлдерін қалай атайды?
1 - құлын: Түйе туралы не білесің?
2 - құлын: Сиыр туралы не білесің?
3 - құлын: Қой туралы не білесің?
4 - құлын: Ешкі туралы не білесің?
Енді ары қарай жайлау аралауға кеттік. Ендігі жайлау Зеңгі баба жайлауы.
2. Оқулықпен жұмыс. Зеңгі бабаның өрісіне жеттік. Сиырлар сатып аламыз.
1 - сиыр: «Ботақан» өлеңін мәнерлеп оқы.
2 - сиыр: «Боз бие» өлеңін мәнерлеп оқы.
3 - сиыр: Қазақ алфавиті туралы түсінік бер.
4 - сиыр: «Құлыншақ» өлеңін мәнерлеп оқы.
1 - бұзау: Жуан дауыстыларды ата.
2 - бұзау: Жіңішке дауыстыларды ата. Мысал келтір.
3 - бұзау: «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқы.
4 - бұзау: Жұмбақты шеш: «Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар».
3. Сергіту кезеңі.
4. Дәптермен жұмыс. Шопан бабаның тапсырмалары.
1 - қой: Сусын, жусан, қурай, туыс сөздерін буынға бөліп жаз.
2 - қой: Дауыс, ауа, дауыл сөздерін буынға бөліп жаз.
3 - қой: Хат, кітап, шалғы сөздеріндегі дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
4 - қой: Аударыспақ, жарыс, ән сөздерін алфавит ретімен жаз.
5. Өз бетімен жұмыс. Сексек баба тапсырмалары.
1 - ешкі: Түлік туралы сөйлем ойла.
2 - ешкі: Мал туралы тыйым сөздер айт.
3 - ешкі: «Бөрте лақ» өлеңін жатқа айт.
4 - ешкі: Сүттен жасалатын тағамдарды ата.
6. Қорытынды. Ең көп мал жинаған оқушыны мадақтап, «Еңбекқор, білімді» деген медаль тағу.
7. Бағалау.
Төрт түлік малдар
- Аймен
- 14 ақпан 2014
- 14538
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ана тілінен ашық сабақ жоспары, төрт түлік мал
Ұқсас жаңалықтар:
Төрт түліктің кеңесі
Қостанай облысы, Рудный қаласы, № 7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаңабай Анар Ғалымқызы...Асқар Тоқмағанбетов "Түлік"
Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Екейбаева А. З...Жуан дауыстылар. Ақ бұзау
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жуан дауыстылар туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен жуан дауыстыларды таба білуге үйрету. Төрт түлік туралы мағлұмат...Тұрмыс салт жырлары тест
Қазақ әдебиеті 5 сынып 1 тоқсан. Тұрмыс салт жырлары тест 1. Фольклор дегеніміз - не ? а) халық даналығы б) ауыз әдебиеті в) жазба әдебиеті...Ақ бұзау. Жуан дауыстылар
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі І санатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна Сабақтың тақырыбы: Ақ бұзау. Жуан дауыстылар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.