Сайтқа кіру Тіркелу

Қосудың терімділік қасиеті

Сабақтың тақырыбы: Қосудың терімділік қасиеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қосудың терімділік қасиетін есептеулерде қолданудың тиімділігін үйрету; есеп құрастыру, шығару, түрлендіру; Бір амалмен шығарылатын өзара кері есептерді шығаруға үйрету;
Дамытушылық: Оқушыларды теңдеуді шешуде машықтандыра түсу; екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыруды үйрете отырып оқушылардың ақыл - ойын, зейінін, қабылдауын дамыту;
Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыпты, таза жаза білуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: Ер Төстік» ертегісіндегі кейіпкерлері (суреттері), тақырыпқа
байланысты суреттер.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқыту, бейнелеу өнері
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, таныстыру, назарларын сабаққа аудару.
Тренинг «Тыныштық сәті»
- Балалар, бүгін қай мезгілі?
- Көктем
Олай болса, барлығың бір тыныштық сақтап тренинг ұйымдастырайық: көзді жұмып, денемізді бос ұстап, елестетеміз. Ал, қанеки, көзімізді жайлап жұмамыз. «Көктем келді. Айнала жасыл шөпке оранды. Біздер сыныбымызбен серуенге шықтық. Күн шуағын бізге төгуде. Барлығымыздың көңіл - күйіміз өте жақсы. Далада доп ойнап, тамақтанып, таза ауамен тыныстап қайттық». - Ал, көзімізді ашайық! Өздеріңді қалай сезіндіңдер? Осы сабақ бойы осындай көңіл - күйде болайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді, кім айтады?
№5 есеп
35 см + 2 см =37 см
8 дм + 7 см = 15 см
48 см – 6 см = 42см
42 см + 6 см =48 см
ІІІ. Білімді бекіту
- Балалар, біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Бәріміз «Ер Төстік» ертегісін біле - міз бе? Кейіпкерлерін кім еске түсіреді?
Ертегілер әлеміне саяхатқа шығады.
- Иә, білеміз. Ер Төстік, аты – Шалқұйрық, Епті, Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар, Көреген, Самұрық құс.
Алдымен күннің жадын дәптерімізге түсірейік
Ерте заманда Ерназар деген байдың Ер Төстік деген баласы болыпты. Ер Төстік батыр, ержүрек те батыл болып өседі. Оның жұт кезінде хабарсыз кеткен сегіз ағасы болған екен. Ер Төстік ержетіп, хабарсыз кеткен сегіз ағасын іздеуге шығады.
Суретке қарап, есептер құрастыр. Ол есептер мына өрнектер бойынша шығарылатын болсын:
№1 есеп
70 - 30;
70 -(20+30);
(70+20)- 30;
Ол сегіз ағасын тауып алып, ауылға әке - ше - шесіне қайта оралады.
Ер Төстік ата - анасы және сегіз ағасымен ба - қытты өмір сүріп жатады. Мұны көре алмаған перінің қызы Жалмауыз кемпірге тапсырма береді. Жалмауыз кемпір Ер Төстікті қолға түсірмек болады.
Ер Төстік өзінің сенімді серігі – тұлпары Шалқұйрық екеуі айла тауып, жалмауыз кем - пірден қашып құтылады.
Жолда келе жатып Ер Төстік көп достармен танысады. Алдымен танысқан досы – Епті.
№2
- Берілгенін кім оқиды?
Әлия 9 дәптер, ал Мәншүк 7 дәптер сатып алды. Екеуі неше дәптер сатып алды?
Мазмұнын талдау.
- Есепте не туралы айтылған?
- Есепте не белгілі?
- Есепте нені сұрайды? Есептің шартын, сұрағын, шешуін және жауабын салыстыр.
Ер Төстік пен Епті екеуі жүріп келеді. Алдынан шаң жұқпас жүйрік Желаяқ шығады. Үшеуі достасып, әрі қарай сапарын жалғастырады.
№3 Қосуды ең тиімді тәсілмен орында:
8 + 2 + 7 20 + 5 + 3 40 + 50 + 2 27 + 3 + 6
- Берілген қосындыларды қандай қосындылармен алмастырдың?
- Неліктен? Неге солай жасауға болады?
- Қосу амалының қандай қасиетін қолдандың? Соны тұжырымдап бер.
Қосылғыштарды түрліше топтай отырып, әр қосындының мәнін тап.
- Қосындының мәні қосылғыштарды топтау тәртібіне тәуелді ме?
Үшеуі жүріп келеді. Алдарынан құлағын жерге төсеп, тың тыңдап жүрген бір адам кө - рінді. Ол Саққұлақ еді. Саққұлақ та Ер Төстік ке дос болады.
№4 Теңдеуді шеш:
х + 40 = 92 x – 40 = 52
Х = 92 - 40 Х= 52+40
Х = 52 Х = 92
52+40 = 92 92 - 40=52
92 – x = 40
Х=92 - 40
Х=52
92 - 52= 40
№5. Санды кестеге цифрмен жаз
Елу үш бірліктен құралатын; алты бірліктен құралатын; сексен бірліктен құралатын.
Ондықтар Бірліктер
Олар бесеу болып келе жатады. Алдарынан бір үлкен көл көрінеді. Кенет көлдің суы көзді ашып - жұмғанша жоқ болып кетеді. Сәлден кейін ұзамай қайта пайда болады. бұлар оған таңғалады. Қараса, Көлтауысар отыр. Ол да Ер Төстікке дос болады. Қарама - қарсы келе жатқан бір адамға жолығады. Бұл жер астының қырағысы Көреген еді. Жетеуі дос болып, сапарын жалғастыра
№6 (а). Есепті шығар
6 + 4 = 10 теңдігін пайдаланып, қандай екі таңбалы сандарға 6 - ны қосуға болады? Қандай екі таңбалы сандарға 4 - ті қосуға болады? Түсіндір. Осы екі таңбалы сандарды жаз.
Жетеуі 7ай жүріп, Темір хан еліне жетеді. Темір хан Ер Төстікке өнерлерін көрсетуін сұрайды. Ер Төстік және оның достары барлық өнерлерін көрсетіп, жұртты таңғалды - рады.
Ер Төстік жер асты достарымен қоштасып, жер үстіне шықпақ болып, жолға шығады. Жолда Ер Төстік демалғысы келіп, үлкен бәйтерек ағашының жанына тоқтайды. Сәлден кейін шырылдаған балапандардың даусы естіледі. Ер Төстік бәйтерек ағашына өрмелеп бара жатқан айдаһарды көріп, садағымен атып түсіреді. Балапандар аман қалады.
V. Сабақты бекіту
1) Бақтиярдың 4ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар?
2) Дорбадағы 10асықты 10бала бір - бірлеп алды. Сонда 1асық дорбада қалды. Бұл қалай?
3) Егер ең үлкен екі таңбалы санға ең кіші бір таңбалы санды қосса қанша шығады?
VI. Үйге тапсырма.
№ 6 (ә) есеп. (118 - бет).
VII. Қорытынды. Бағалау.
- Ертегі саяхатымыз ұнады ма?
Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тік төртбұрыштың қасиеті

Тік төртбұрыштың қасиеті

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: тік төртбұрыш жайында түсінік беру; тік төртбұрыштың қасиетін анықтау; есепті әр түрлі тәсілмен шығару; Дамытушылығы:...
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту тәсілдерін үйрету. 2. Дамытушылығы Оқушылардың ақыл - ойын,...
Ондықтар. Натурал сандар

Ондықтар. Натурал сандар

Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы...
242*2, 484:2 түріндегі ауызша көбейту және бөлу тәсілдері

242*2, 484:2 түріндегі ауызша көбейту және бөлу тәсілдері

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айдана Калаповна...
Көбейтудің үлестірімділік заңын пайдалану жолдары

Көбейтудің үлестірімділік заңын пайдалану жолдары

Қарағанды қаласы №6 жалпы білім беретін орта мектебі Мұғалім: Ахметова Гульмира Махметовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×