Сайтқа кіру Тіркелу

Қош бол, әліппе!

Қош бол, әліппе!
Максаты: Балалардың әліппеге деген сүйіспеншілігін арттыру, өздерінің сауатын ашқан оқулығы әліппеге байланысты өлең әндерін мәнерлеп айтуға үйрету. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын туғызу.
Ұйымдастыру бөлімі
Залды әліппеге байланысты безендіру.
«Қош бол, Әліппе» плакаттар, шарлар ілу.
Барысы
Жоспары:
1. Әліппемен қоштасу
2. Ана тілі пәнімен танысу
3. Әдеби – музыкалық монтаж
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Қош бол, әліппем! атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, барлық ғылымның атасы біздің болашағымыздың негізі - әліппені бітіріп отыр. Балалардың қолдарына алғаш ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппе.
Бұл кітаптан ғұлама ғалым да, данышпан ойшыл да, ақын жазушы да, ұстаз, дәрігер, шахтер де білім алған. Ендеше кішкентай бүлдіршіндеріміздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!
Білім дариясында талмай жүзіп, білім ғылым мұхитының тереңінен бар асыл інжу - маржандарын тере берулеріне тілектеспін.
(слайд көрсетіледі)
Қоштасқалы отырған, әліппемен
Балғындарды қанекей, қол соғып қарсы алайық.(балалар қол ұстасып екеуден шығады)
1. Топты бастап келеді
Айбат пен Назерке
Оқуда да ынталы
Көрінер алдан үнемі.
2. Мадиар мен Инабат
Тым ақылды ибалы - ақ
Жүздеріне үнемі
Күлкі үйіріліп жүреді.
3. Есбол менен Фариза
Салмақты да сабырлы
Қажет кезде әрдайым
Қасымнан менің табылды
4. Дәулет пенен Жамиля
Ұшқыр ойлы елгезек
Қол ұшын берер үнемі
Ойыңды ұғар, керемет
5. Диас пенен Айкөркем
Бірі ай, бірі күн бе екен
Тыңғылықты орнықты
Дана болар бір мықты
6. Дана менен Мағжанның
Қиялында көп арман
Орындалсын бәрі
Алған беттен тайман
7. Бекарыс пен Жанарыс
Ерек туған қос батыр
Еліміздің ертеңі
Келе жатыр әнекей.
8. Альбина мен Мөлдірдей
Сұлу қыздар жоқ шығар
Жарқ етіп олар келгенде
Күннің өзі көз жұмар
9. Ақниет пен Аяулым
Оқушылар зейінді
Тыңғылықты тұрақты
Дана болар білімді
10. Ақылды да зиялы
Терең ойлы тұлғалы
Қарсы алайық бәріміз
Алмат пенен Диасты
11. Мадияр мен Ақылжан
Сабырлы да салмақты
Тау тұлғалы қос батыр
Келеді олар күлім деп
12. Құдайберген, Ақниет
Алғыр әрі тез шапшаң
Зерек туған балғындар
Келді міне ортаға.
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Өсті міне бойларың
Өсті ақыл ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
(Балалардың тақпақтары)
Хор: Әліппе
Мұғалім. Бала деген шіркін - ай балдай екен
Тәттілігі жая мен жалдай екен – деп Кенен атамыз
айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.
(Ертегі сахналау)
Автор: Назерке
Әліппе хан: Мадиар
Уазірлер: Мадияр, Даулет
Мұғалім: Олай болса бүлдіршіндердің өнері мен білімін көрейік.
(Балалардың әліппе ханға арнаған тақпақтары айтылады )
Мұғалім: Әліппе хан ендігі кезекті биге берейік.
Би: Әліппе»
Хан сөзі: Әріптер сыры (Әріптерге байланысты тақпақтар)
Мұғалім: – Біздің елбасымыз кім?
- Біздің Отанымыз (Қазақстан cөзі тақтаға жазылады)
- Елордамыз (Астана)
- 16 - желтоқсан қандай мереке?
- Алғашқы мектеп ашқан ұстаз кім?
Хан сөзі:(Әліппе кетеді). Ана тілі шығады.( Сөзін айтады)
Мұғалім: Әліппе біздің білім бесігін ашқан алғашқы оқулығымыз болса,”Ана тілі”сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық.
Хор:” Әліппе”
Би:” Ертегілер әлемі”
Мұғалім: Сұрақ - жауап қояды.
1. Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Оқушылар: Әдепті екен бұл дейміз.
2. Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Оқушылар: Ұқыпты екен бұл дейміз.
3. Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Оқушылар: Үлгілі екен бұл дейміз.
(Мақал - мәтелдер айтады)
Би:” Жігіттер”
Ана тілі: Санамақ сұрап, жұмбақ есептер айтады.
Хор: ‘’Математика” әні.
Би:” Ковбоев”
Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі жазып оқитын халге жетті
Құтты болсын қадамы балалардың.
Балалардың білімі құтты болсын!
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!- деп Қош бол, Әліппе атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сөз кезегі ұстаздармен ата - аналарға беріледі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Таныстырған 42 әріппен, қош бол құтты Әліппе!

Таныстырған 42 әріппен, қош бол құтты Әліппе!

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа тәрбиелеу....
Әліппемен қоштасу ашық тәрбие сағаты

Әліппемен қоштасу ашық тәрбие сағаты

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кенті, №86 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смат Айжан Нұржәліқызы...
Әліппемен қоштасу

Әліппемен қоштасу

Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың...
Әліппемен қоштасу

Әліппемен қоштасу

Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың...
Әліппе - білім бастауы

Әліппе - білім бастауы

Армысыздар аналар Бармысыздар балалар Сөзіме құлақ салыңыз Бір серпіліп қалыңыз Әліппеге арналмақ Бүгінгі жыр әніміз...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×