Сабақтың тақырыбы:Қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 3 – ке қосу кестесін құрастыру, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімді бекіту.
Дамытушылық: Тапсырмаларды орындата отырып, танымдық қабілетін арттыру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру және пәнге қызығушылығын, белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Терминдерді және амалдардың қасиеттерін түсіндіре отырып шығаруда қолдану біліктігін дамыту.
Тәрбиелік: Тапқырлықты, ой ұшқырлығын және шығармашылық қабілетті дамытуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі:Сұрақ - жауап, саяхат сабақ, ойын, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: Стикерлер, смайлктер, автобус, көрнекілік, мекрафон, аялдамалар үлестірмелі қағаз, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезең.
а) сәлемдесу
ә) оқушыларды сабаққа даярлау;
б) балаларды жайғастырып тұрғызып, психологиялық дайындық жүргізіп, көңілдендіріп алу.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
- Балалар математика сабағымызға құрметті қонақ келіп отыр. Қонағымызға өзіміздің білімдерімізді көрсетіп, белсене қатысайық.
ә) Сабағымызды бастамас бұрын біз бір - бірімізге жылы сөз сыйлайық. (балалар кезектесіп алға шығып, жақсы тілектер айтады.)
Оқушыларға мұғалім: Мен сендерге ашық аспан тілеймін!
Оқушылардың бір - біріне тілектері;
Балалар көңілдерін қалай болды?
Сондықтан әрқашанда жылы сөз айтуды ұмытпайық.
Бүгінгі математика сабағымыз ерекше өтеді. Біз сендермен саяхатқа шығамыз. Сабақта біз өткенді қайталап қосуға және азайтуға есептер шығарамыз, тапсырмалар орындаймыз. Бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз. Онда сендерді қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Кім тапсырмаларды орындай алмаса жолда түсіп қалады. Сондықтан бәріміз жұмыс істеуге тырысамыз. Саяхатқа біз мынау көңілді автобуспен шығамыз. Ол үшін сендерге билет алу керек. Ал, мен сендерге билеттің орнына есептері бар парақшалар таратамын.
3+3 2+2 3+2 4+2
Жақсы, тапсырманы орындадық бәріміз жол жүруге дайынбыз ба?
МЕН жүргізуші боламын.
Құрметті жолаушылар!
Біздің автобус саяхатқа бірер минуттан кейін аттанады, жүктеріңізге ие болыңыздар. Тәртіпті, тазалықты сақтаңыздар. Есік жабылады.
Сапарларыңыз сәтті болсын!
Жолымызды қысқарту үшін біз сендермен мынадай
Математикалық диктант шешейік.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Математикалық диктант.
1. Бір қолыңда неше саусақ? 5
2. Бір аптада неше күн бар? 7
3. 7 мен 9 - дың арасында қандай сан? 8
4. Бірінші қосылғыш - 7, екініші қосылғыш - 2 мәні 9
5. 10 - ның алдында қандай сан? 9
Мінеки, 1 - ші аялдамамызға да келіп қалыппыз..
Білім» аялдамасы
Мұнда сендерді мынандай екі тапсырмалар күтіп тұр екен.
1. Дәптермен жұмыс ( ай, күні ) Көркем жазу 3 3 3
2. Кестемен жұмыс №1 7 бет
3. Санның құрамын табу 5, 6, 7
Біздің автобус қалай жүріп келеді ( шапшаң, тез ). Ал, біздің жүрегіміз қатты қуанғанда, қорыққанда қалай жұмыс істейді? Автобус секілді тез, шапшаң соға ма? Адамның жүрегі денеміздің қай жерінде орналасқан? Сол жақ кеудеміздің қуысында.
Мінеки, келесі аялдамаға да келіп қалыппыз
2.« Демалыс» аялдамасы (сергіту сәті)
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді.
Дем алдық. Сапарымызды жалғастырайық.
3.«Сынақ» аялдамасы. Бұл аялдамада
«Шатаспақ» ойыны.
1. 2 жылқының неше аяғы бар? 8
2. Автобустан түсу үшін алдымен не істеу керек? (міну керек)
3. Ит мысықты, мысық тышқанды қуалап келеді. Қайсысы бірінші келеді? (тышқан)
III. Оқулықпен жұмыс.
1. № 5 Қуыршақтардың екінші жартысын тап
2. № 2 113 - бет Есептің шартын оқу, түсіндіру.
Саяхатымызда аяқталып келеді ең соңғы аялдама
4. «Саралау».
IV. «Математикалық эстафета» № 4 113 - бет а) Тақтамен жұмыс
( ОРТАҒА 12 БАЛА ШЫҒАРУ 6 - ДАН БӨЛІП ЖАРЫСТЫРУ.)
6+0= 6 8 - 8= 0 4+3=7 9 - 0=9
10 - 3=7 7+3= 10 8+2=10 7 - 6=1
4+3=7 5 - 3=2 9 - 1=8 3+2=5
IY. Сабақты пысықтау. Барлығымыз да жақсы орындадық. Бәрін де атсалыса қатыстындар. Өз тарапынан рахмет айта отырып осындай бүгінгі саяхатымызды аяқтаймыз. Ал енді бүгінгі Жүргізуші ретінде ризашылығымды білдіруде жасырын сөз сиға тартып отырмын. Ендеше сол сиқыр сөзімді шешіп көруге қалай қарайсындар?
« Сан ретін тап»
1 ма, 5 ка, 2 те, 4 ти, 7 де
3 ма, 9 не, 6 ә, 8 мі 10 рахмет.
Үйге тапсырма беру.№ 5 114 - бет
Бағалау
Қосу және азайту.
- Бакыткүл
- 3 ақпан 2014
- 6781
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қосу және азайту, математика, Бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
4 санын қосу және азайту
Бастауыш сынып мұғалімі Усмантаева Мутабар...Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу мен азайтуға есептер шығару
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №3 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің математика пәні...6 санын қосу мен азайтуды пысықтау
өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Акатаева Айнур Сламовна...Аққу мамық ұлпа қар. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.
Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка қазақ орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Осипова Бақыткүл Қайроллақызы...4+4 қосу, математика
Ауызша есептер шығару, логикалық сұрақтар, тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін, сабаққа деген белсенділігін дамыту;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.