Сайтқа кіру Тіркелу

«Бүгінгі білім - ертеңгі болашағым» Сайыс сабақ

Тақырыбы: «Бүгінгі білім - ертеңгі болашағым» Сайыс
Мақсаты: Оқушылардың білім – білік дағдыларын байқап, өздерін емін еркін ұстай білуге үйрету. Шапшаң ойлау, шығармашылық қабілетін дамытып,
білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Кіріспе
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімнен аспанға жол салынар.

Армысыздар ұстаздар!
- Бармысыздар,
Болашақтың бастауы
Балғын шақты балалар!
Алдарыңызда тұрған 2 - сынып оқушыларының «Бүгінгі білім ертеңгі болашағым» атты интелектуалдық ойынын тамашалап отырсыздар.
Ал оқушы, ұстаздар
Ортаға назар салайық
Білімділер шықпақ ортаға
Қол соғып қарсы алайық деп ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.

Білімімізді артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік
Сәттілік.
Ашық жарқын жүзді,
Әділ қазылар біздің
Таңдап баға беруге
Шақырайық төрге деп әділ – қазыларымызды сайлайық

Интелектуалдық ойынымыз 7 бөлімнен тұрады. Әр сұрақ жауабына ұпай сандары беріліп отырады. Тағы бір айта кететін жағдай құрметті ойыншылар осы сайыста жеңген жеңімпаз «Талап»АҚ ұсынған сыйлыққа ие болады.
Жоспар
1. Бәйге
2. Пән бойынша сұрақтар
3. «Мың бір мақал»
4. «Жүз бір жұмбақ»
5. Ұйқасын тап
6. Шешендік өнер
7. Оқушының ойы «Егерде мен.......»
Жеребе суыру
Егер сайыскерлеріміз дайын болса І тур. Бәйге
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз
І оқушы
1. Жапырақ қай кезде сарғаяды (күзде)
2. Бір сағатта неше минут бар (алпыс мин)
3. Қазақтың ұлттық саз аспабы (домбыра)
4. Дауысты дыбыстардың түрлері (жуан, жіңішке)
5. Жыл неше мезгілден тұрады (төрт)
6. Жердің пішіні қандай (домалақ, шар тәрізді)
7. Қ. Р. Рәміздерін ата (ту, елтаңба, әнұран)
8. Қойдың төлі (қошақан)
9. Әкеңнің шешесі қалай аталады (әже)
10. Қазақ тілі оқулығының авторы (Балтабаева, Солтанғазина, Лекерова)
ІІ оқушы
1. Ешкінің төлі қалай аталады (лақ)
2. Тудың түсі қандай (көгілдір)
3. Қазақ халқының ұлы ақыны (Абай)
4. Қасиетті тағам (нан)
5. Мүсін неден жасалады (саз, ағаш, металл, тас)
6. Қыстың көркі не (қар)
7. 16 – желтоқсан қандай мейрам (тәуелсіздік күні)
8. Торғай шырылдайды, қаз.... (қаңқылдайды)
9. Жылдан құр қалған жануар (Түйе)
10. Ұя салмайтын құс (Көкек)
ІІІ оқушы
1. Судың түсі қандай (түссіз, мөлдір)
2. Көру мүшесі (көз)
3. 7 күнді не дейміз (апта)
4. Білім ұясы (мектеп)
5. Көшет қай мезгілде отырғызылады (көктемде)
6. Қазақ алфавитінде неше әріп бар (қырық екі)
7. Математика оқулығының авторы (Ақпаева, Лебедева Буровова)
8. Бір жылда неше ай бар (он екі)
9. Жылқы иесі (Қамбар ата)
10. Бір тәулікте неше сағат бар (жиырма төрт)
ІV оқушы
1. Аспанның түсі қандай (көк, көгілдір)
2. Түн ұйқысын төрт бөлген адам (ана)
3. «Кел балалар оқылық» өлеңінің авторы кім (Ы. Алтынсарин)
4. Алфавиттің ең соңғы әріпі (я)
5. Екі өркешті жануар (Түйе)
6. Адам өміріне не қажет (ауа, су, жарық)
7. Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді (жасыл)
8. Жұлдыздар қай кезде пайда болады (түнде)
9. Әнұранның авторлары (Ш. Қалдаяқов, Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов)
10. Дыбыстар неше түрге бөлінеді (дауысты, дауыссыз)
V оқушы
1. Іс қимылды білдіретін сөзге мысал келтір (жүрді)
2. Жылдың ең соңғы айы (желтоқсан)
3. Балық қайда болады (суда
4. Ы. Алтынсарин кім (ұстаз)
5. Ақтөс ит, Марат кім (адам)
6. Адамдарға қандай сұрақ қойылады (кім, кімдер)
7. Елтаңбаның авторы (Ш. Уалиханов, Ж. Мәлібеков)
8. Әкеңнің әкесі саған кім болады (ата)
9. Судың пішіні болама (пішінсіз)
10. Иіс сезу мүшесі (мұрын)
Сонымен І бөлім аяқталды. ІІ бөлім Пән бойынша сұрақтар
МАТЕМАТИКА
Ұшқыр ойға ерік болып шеберлік
Сөз кезеңін математикаға берелік
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрелік.

1. 19 - 5=14
2. 1дм неше см болады `(10 см)
3. Айырманың мәніне азайтқышты қосқанда не шығады (азайғыш)
4. 9онд 3 бірліктен тұратын сан (тоқсан үш)
5. 1 ғасырда неше жыл бар (100)
6. Шаршы дегеніміз не
7. Альбомда 15 түрлі түсті, одан 7 і кем жай сурет бар. Альбомда неше жай фотосурет бар ( 8)
8. 7+9=16
9. 19 - 7=12
10. Cенде барлығы он бес теңге, сен сегіз теңгесіне карандаш сатып алдың. Сен қанша теңге қалды(жеті)

ҚАЗАҚ ТІЛІ
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық
Өсер болсаң байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік
1. Заттың іс қимылын білдіретін сөздерге мысал келтір
2. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді
3. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата (б, в, г, ғ, д, ж, з)
4. Мына мақалдан етістікті тап Бірлігі жоқ ел тозады Бірлігі күшті ел озады
5. Сөйлем неден құралады (сөзден)
6. Мына сөйлемнен заттың сынын білдіретін сөзді тап Терісі жазда сұр түске өзгереді
7. Ауызекі тіл дегеніміз не (бірін бірі көріп және естіп тұрған адамдардың өзара қарым қатынасы, әңгімелесуі.
8. Белгілі бір мәтіннің мазмұнын жазбаша түрде баяндап беру (мазмұндама)
9. Р дыбысы дауыссыз дыбыс тың қай түріне жатады (үнді)
10. Күз сөзінде неше буын бар (бір)
ДҮНИЕТАНУ
1. Дүниетану оқулығының авторы (Аймағамбетова)
2. Көкжиек дегеніміз не ( жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік)
3. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал (Компас)
4. Көкжиектің негізгі төрт тұсын ата (С, О, Б, Ш)
5. Біздің айналамызды түгел қоршап тұр, біз оны көрмейміз, себебі ол мөлдір, түссіз (Ауа)
6. Судың қасиеттерін ата (пішіні болмайды, түссіз, мөлдір, дәмі болмайды, иіссіз)
7. Өмір сүру үшін адамға не қажет
8. Сұйық зат, ол бұлақ, өзен, көл, теңіздерде болады. (су)
9. Ауаны ластайтын заттарды ата
10. От жану үшін не қажет (ауа)
Әдебиеттік оқу
1. Сұлтан Бейбарыс әңгімесі не туралы айтылған (тұмар)
2. Айгөлек журналының авторы (Қ. Әбділда)
3. Шежірелі жерлер әңгімесіндегі Қазығұрт дегеніміз не (тау)
4. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты (екінші қазан тоқсан бір)
5. Ең бірінші бақытым халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін
Ал екінші бақытым тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім өлеңінің авторы кім (М. Мақатаев)
6. Өз үйім өлең төсегім мәтінінің мағынасын түсіндір
7. Әлкей Марғұлан кім (атақты ғалым, ғылымның әр саласында еңбек еткен)
8. Әдебиеттік оқу кітабының авторы (Иманбекова Мадиева)
9. Қазақ тілі Мемлекеттік тіл делінген. Сондықтан әрбір Қазақстан азаматы қазақ тілін білу керек деп қай заңда айтылған (Ата Заңда)
10. Талай ақын жыр еткен,
Есілдің оң жағасы
Елге әйгілі Қара өткел
Ескі Ақмола қаласы (Астана)
АРАЛАС СҰРАҚТАР
1. Домбырада неше ішек бар (екі)
2. Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата (к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ
3. Жаңылтпаш дегеніміз не (шапшаң айтылатын бір шумақты өлең)
4. 17 - 6=11
5. 1 онд7 бірліктен тұратын сан
6. Тірі табиғатты ата (адам, жануар, өсімдік)
7. Құбылнаманың ең негізгі бөлігі (қозғалмалы тілдер)
8. Ауаның қасиеттері (мөлдір түссіз, пішіні жоқ, сығылады, иісі жоқ
9. Табиғаттағы су неше күйде кездеседі
10. Омар ойыннан кеш келді іс әрекетті білдіретін сөзді тап
3Тур Мың бір жұмбақ»
Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі, жыр,
Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр
1. Ти десе тимейді
Тиме десең тиеді (ерін)
2. Қабат - қабат қаптама
Ақылын болса аттама (кітап)
3. Аппақ дала, қара дән
Дәнін сепкен, түсінуге жараған (әріптер)
4. Өзім сөзден тұрамын
Аяқталған ойды құрамын (сөйлем)
5. Ауыл сыртында сайда
Жатыр үлкен айна (мұз)
6. Қант емес
Қатты
Мұз емес
Тәтті (сәбіз)
7Күн күледі
Жер түледі (көктем)
8. Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады (пияз)
9. Шөпшілердің шөбін шашты
Қалпағымды ала қашты (жел)
10. Жайса көлдей,
Жиса еңдей (кітап)
4тур «Мақал – мәтел мәйегі»
Кім көп мақал біледі

5тур «Ұйқасын тап»
Жаңбыр жауып жабылды
Аспан шайдай ашылды
.......................................
..........................................
Көктем қандай көңілді
Күміс жаңбыр төгілді
.......................................
....................................
Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
........................................
.....................................
Айдын көлі сағынып
Қаздар қанат қақты бір
.............................................
..............................................
Мақтан етем ұстазымның әр ісін
Білім, беріп сусындатқан бәрі үшін
.........................................................
........................................................

6. бөлім Егерде мен...........
Егер де мен Президент болсам.....
Егер де мен Досыммен ренжісіп қалсам....
Егерде мен сабаққа дайындықсыз келсем
Егер де мен ақша тауып алсам

7. Шешендік өнер кезеңі
Менің Отаным
Білім - өмір шырағы
Менің ұстазым
Кім болам?

Бүгінгі сайысымыз аяқталды. Әділқазыларға сөз беріп, кім сайыс жеңісіне жеткенін тамашалайық.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×