Сайтқа кіру Тіркелу

Текті білу тегін емес

Тақырыбы: Текті білу тегін емес

Мақсаты: «сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру;
- ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;
- ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.
-
Көрнекі құралдар: үнтаспа, бәйтерек суреті, оқулық, дәптер.
Музыка «Ризамын!»
Шаттық шеңбері
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен сәлемдеседі.
Атадан ақыл аламыз
- Атамыз – біздің панамыз,
- Атамыз - біздің данамыз,
- Атадан ақыл аламыз,
- Атадай адам боламыз.

Мәтінмен жұмыс
Е. Өтетілеуов «Текті білу тегін емес» - өлеңін түсініп оқу.
Мұғалімнің түсіндіруі:
Қазақ халқында жеті атаға дейін тегін білу тиістігі өнегелі дәстүрге айналған. Бұл дәстүр бойынша әрбір әке өзінің баласына ата тегін таныстырып отырады. Ал бала оны түсініп, біліп қана қоймай, өзі әке болғанда өзінің балаларына таныстырады. Осыны өзінің балаларына жеткізу үшін әрбір бала өз ата тегін жақсы біліп алуға тырысады. Сол себептен ата - бабаларымыздан «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген мақал күні бүгінге дейін жеткен.
Тапсырма
«Жеті атасын білмеген жетесіз» - түсініп оқу.
- «Жеті ата» дегенді қалай түсінесіңдер?
Жеті ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
Топқа бөліну
І топ – «Атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол»
ІІ топ – «Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін»
ІІІ топ – «Қыздарымыз есті болсын,
Ұлдарымыз сесті болсын»
Ойлануға 3 минут беріледі. Әр топтан бір немесе екі оқушы жария етуге дайындалып айтады.
Жаңа ақпарат
Сабақта оқушылардың игерген білім - біліктерін бекіту мақсатында оқу ақпараты беріледі.
«Ата тегін біліп, олардың тілін, дәстүрін құрметтеп, сақтайтын бала жақсы азамат болып өседі.»
Балалар ақпаратпен танысып, ой түйіндейді.
Назар аударыңдар
Жеті ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
- Неліктен текті білу қажет деп ойлайсыңдар?
Сергіту сәті
Біз гүлдерше өсеміз.
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы
Желге ырғалып жайқалған.
Дәптермен жұмыс
«Бәйтерек» суретімен жұмыс
І тапсырма - Отбасы мүшелерінің туған күндері мен айларын жазыңдар
ІІ тапсырма – Мерекелердің өту маңызы қандай?
Қорытындылау.
Мұғалімнің сабақ бойынша түйіндемесі:
- Балалар, ата - бабамыз қыздарын ақылды, ұлдарын батыр, ер етіп өсіруді мақсат етті. Ұрпақтары әдепті де ізетті, бәрін ақылға салып шешетін болса, өмірде бақытты болатынына сенді. Баланың бақыты – ата - атаның бақыты, ұрпағының бақыты. Біздің ең түпкі шыққан тегіміз – адам. «Атаның ғана ұлы болма, адамның ұлы бол» деген осы. Ал «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» деген, өзінің тек қана бақытты болуыңды армандаған, сол үшін өзінің қолынан келгенінің барлығын жасаған ата - бабаңды қастерле, оның кім екенін біл, ертең сені де өз ұрпағың қастерлейді дегенді білдіреді. Әрине біз қашанда ата тегімізді білумен қатар, ең түпкі тегіміз адам екенімізді ұмытпағанымыз жөн.
Жүректен жүрекке
«Атамекен»
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×