Сайтқа кіру Тіркелу

Абай Құнанбаев "Күз"

Мақсаты: 1. Абай өмірі шығармашылығы туралы оқушылардың білімін кеңейту.
2. Олардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
3. Табиғатты аялауға, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Түрі: Аралас
Типі: Жаңа бөлім
Көрнекілігі: Күз мезгіліне байланысты суреттер, Абай портреті
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық.
Оқушылар бір бірінің қолынан ұстап,
«Бес болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз» – деп хормен айтады.
Кіріспе: Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Алдымен жыл мезгілдерін еске түсіреміз.
1 – сайыс Әр топ плакаттағы суретке қарап өз мезгілдері жөнінде қысқаша пікір жазады
«Көктем» тобы: Көктемде қар еріп, өзендерде сең жүреді. Жеміс ағаштары гүл ашады. Абай атамыз көктемді былай жазады:
Жазғытұры қалмайды, қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі,
Жан жануар, адамзат анталаса
Ата анадай елжірер күннің көзі.
«Жаз» тобы: Маусым, шілде, тамыз - жаз айлары. Көбелектер гүлден гүлге қонып жүр. Біз жайлауға бардық. Жайлауды әжем мен атам мал бағып отыр. Жаз» өлеңінде ақын атамыз былай деп жырлаған.
Жаздыгүні шіл де болғанда
Көкорай шалғын бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда
«Қыс» тобы: Қыс түсті, күн суытты, күн қысқарып, түн ұзарды, қар қалың жауды, өзен суы мұз болып қатты, балалар жылы киінді. Осы көріністі Абай атамыз былай деп жырға қосады:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

II. Дұрыс балалар жыл мезгілдері туралы жақсы біледі екенсіңдер! Бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңімен танысамыз. Күз деген сөзді айтқанда ойларыңа не түседі? Тақтаға жаздыру. Күз мезгілінде сабақ басталады, жемістер пісіп, молшылық байлық болады, аспанды сұр бұлт торлап әсем көркінен айырылады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Осы көріністі Абай атамыз былай деп суреттеген.
Бір оқушы «Күз»өлеңін жатқа айтып береді. Абай атамыз туралы не білеміз. Сызба құру.

1845 - 1904 ж. ж Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыс тауы

Сазгер Ұлы, дана ақын
Аудармашы
«Желсіз түнде
жарық ай».
«Көзімнің қарасы» Қара сөздері

III. Өлеңді мәнерлеп оқу.
IV. Сөздік жұмысы.
Ыс – түтіннің күйесі
Құрысын заңы – әдеті құрысын деген мағынада.
Күзеу, қыстау, жайлау, көктеу сөздеріне түсінік беру.
V. Сұрақ - жауап. 2 - сайыс
1. Абай қай жылдары өмір сүрді? (1845 - 1904)
2. Абайдың әжесі? (Зере)
3. Абайдың шешесінің аты кім? (Ұлжан)
4. Абайдың күйлері? («Май түні», «Торжорға»)
5. Абайдың әндері? ( «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы»)
6. Абай неше жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне түсті? ( 12 жасында)
7. Абай айтқан бес асыл іс? (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым).
8. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық кімді аздырады? (адамды)

Сергіту сәті: Ән айту.«Желсіз түнде жарық ай».
Жыл мезгілдеріне байланысты Абайдың өлеңдерінен үзінді оқу.
Сабақты қорыту.
1. Күзгі аспан, жер беті қандай?
2. Абай қураған ағашты неге теңеген?
3. Өлеңді күзгі табиғатты көз алдыңа елестете отырып оқы.
Үйге тапсырма беру:
1. Өлеңді жаттап келу.
2. Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер салу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×