«Төрт – түлігім ырысым».
Мақсаты:
1. Төрт түлік туралы толық мағлұмат беру, оларды жеке - жеке таныстыру.
2. Төрт түлік туралы мақал - мәтелдер, өлеңдер, жұмбақтар жаттату.
3. Оқушыларды төрт түлік малды қастерлеуге тәрбиелеу.
Барысы:
1. Кіріспе сөз.
- Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.
Мал олардың киімі, тамағы, көлігі. Бір сөзбен айтқанда бар -
лық тіршілігі, күнелтісі малға байланысты болған. Сондық - тан да қазақтар малды жақсы көрген, төлдетуді, күтіп - бағуды
көбейтіп, өсіруді ойдағыдай игеріп, отбасына қажетіне қарай
іріктеп сойып жеп отырған. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден зерттеп білген. Халқымыз өздерінің тіршілік шаруашылық өмірін осы мал өсіруімен байланыстыра жасаған. Малдың етін, сүтін, терісін, тіпті
мүйізіне, сүйегіне дейін ұқсата білген. Сондықтан қасиетті
төрт - түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпауға тиіспіз.
Жұмбақ: «Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.»
- Бұл қандай мал?
- Түйе.
1 - оқушы: «Төрт түліктің төресі - түйе» туралы мазмұнын айтып береді.
- Түйе төлі - ботақан,
Мөлдіреп көзі ойнаған.
«Бота» туралы тақпақ.
Жұмбақ: «Көкке шаншып құйрығын,
Шауып келеді жүйрігім»
- Бұл қандай жануар екен?
2 - оқушы: «Жылқы - ер қанаты» туралы айтады.
- Жылқы төлі - құлыншақ,
Тұяғы жерге ұрыншақ.
Ән «Құлыншақ» орындайтын хор.
Жұмбақ: Төрт тағанда бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.
- Бұл қандай жануар?
3 - оқушы: «Қой - төрт түліктің момыны» туралы айтады.
- Қой төлі - қошақан,
Өріске қашқан қорадан.
Ән «Қошақан» орындайтын хор.
Жұмбақ: Асты пышақ, үсті істік
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп - секіріп түскен.
- Бұл қандай жануар?
4 - оқушы: «Ешкі - өсімтал мал» туралы айтады.
- Ешкі төлі - лақ,
Тыныш тұрмайды ол бірақ.
«Лақ» туралы тақпақ.
- Ал әр жануар және мал өз баласын қалай сүйеді екен?
Қазір біз «Малдың төлін сүюі» туралы өлеңді тыңдап білеміз.
- Мал бағу, оны мәпелеп өсіру - аса ардақты өнер.
Өлең « Малды құрметтеу»
Тыйым сөздер
1. Малды теппе, ақты төкпе.
2. Малды басынан ұрма.
3. Малға теріс мінбе.
Қорытынды: Бүгін балалар, біз төрт - түлік туралы көптеген мағлұмат алдық, оларды қадірлей білу керек.
Төрт – түлігім ырысым
- bibka
- 4 қаңтар 2014
- 23641
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Төрт түлігім ырысым, ашық сабақ бастауыш сыныптарында
Ұқсас жаңалықтар:

Төрт түлік мал
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қызылту негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ескалина Өтебике Есқалықызы...
Төрт түлік мал
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 "Айгөлек" балабақша әдіскері Жалмагамбетова Кунасыл Исламовна...
Әжеме қонаққа барғанда
Алматы қаласы, №118 "Әсел" балабақшасы тәрбиешісі Шаймуханова Алия Бекенқызы...
Төрт түлігім ырысым
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Шалхар Рухия...
Төрт түлік
Төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтіп, әр малдың ерекшеліктері, пайдасы туралы білімдерін тексеру, ізденушілік қызығушылықтарын арттыра отырып,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.