Нұр төккен, гүл көктем
Мақсаттары:
Білімділік: Бүлдіршіндерді музыкалық және би іс - әрекетінде орындауға талаптандыру. Ән салуға, билеуге, спортқа баулу мен бағыт - бағдар көрсетіп, шығармашылық қабілетін арттыру. Көктемдегі табиғат, құстардың ұшып келуін, көктемдегі түрлі өзгерістер туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Өлең, мақал - мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Ата - ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт - дәстүрін, тілін, дінін, әдет - ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, Көктем мерекесіне арналған қабырға газеті, көрме т. б.
Барысы: а) Ұйымдастыру
ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру.
І. Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, бүлдіршіндер!
Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз "Нұр төккен, гүл көктем"атты мерекелік кешке қош келіпсіздер! Енді, міне осы қуанышты күн, көктем мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін!
Жүргізуші: Қош келіпсіз, құрметті қонақтар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!
Уа, ағайын, ағайын.
Көктем келді жайнаған.
Бау - бақшада бүгін той.
Қош келдіңіз ағайын.
Раушан гүлдер жайнаңдар.
Гүлдей жайнап тұрыңдар.
Құттықтаймыз сіздерді.
"Нұр төккен, гүл көктем " мерекеңмен бүгінгі.
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Би билеп, ән өнерге тамсанайық.
Аңызбен ертегімен бізге жатқан.
Құрметті қонақтарды қарсы алайық.
Хор "ҚР мемлекеттік гимні"
"Құттықтаймын мама"
"Зеңгір көктем"
Жүргізуші: Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз, бірге көңіл көтеріңіз.
Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты.
Дала гүлге толыпты,
Аққу көлге қоныпты.
Алақай - ау, алақай!
Көктем қандай, көктем қандай көрікті! ортада Аяжан "Көктем келді "әнімен
Ал, халайық тұрмайық.
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжу - маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!
Би: «Испан биі» Назерке
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, Көктем!
Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке «Наурыз» жыл басы.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» Маржан
Мың бұралған, билеген
Өнерді кім сүймеген
Аққудайын қалықтап
Түрлі ұлт биін билеген
Би:"Кубин" Айбек пен Нурила
Жазда апамның аулына
Барып едім қыдырып
Бір қошақан алдымнан
Шыға келді жүгіріп
"Қошақан"әнімен Мерейді қарсы алыңыздар
Би: "Үнді" биі Маржан
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй - деп Абай атамыз айтқандай ортаға кішкентай бүлдіршініміз Белланы "Кеш жарық" әнімен қарсы алыңыздар
Қазақтың мың бұралған биі қандай
Әсемдік әлемінен құйылғандай
Сахнаға шыққанда сұлу қыздар
Тағаты көрерменнің тиылғандай
ортада "Аққу"биімен Аяжанды шақырамыз
Айгөлек - ау, айгөлек
Айдың жүзі дөңгелек
Айдай болған кезімде
Би билеймін дөңгелеп
"Айгөлек"әнімен Даулет пен "Қарлығаш"бишілер тобын шақырамыз
«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!
Ән:"Анашым" орындайтын Жекен Шайх
Ортада "Шөжелерім"биі
Ән, ән шіркін неткен ғажап
Көмейіңнен төгілді
Әнді сүйіп өскен қазақ
Әнмен бірге көңілді
Халық әні "Әриайдай" орындайтын Аяжан
Ән:"Сары жайлау" орындайтын Аяжан
Салауатты өмір салтын сақтаймыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.
ортада: Спорттық жаттығулар
Демеңіз біз өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды
Нұр төккен, гүл көктем
- Ләззат
- 7 желтоқсан 2013
- 19573
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Көктемдегі табиғат, құстардың ұшып келуін, көктемдегі түрлі өзгерістер туралы түсінік беру
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз – жыл басы
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні Наурыз айы құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге жылдан үміт...Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын
Мақсаты: Балаларға 8 наурыз халықаралық мерекесі екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге...22 наурызға арналған тәрбие сағаты. Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Наурыздың 22 - сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол - тіршілік арқауы - тамақ. Малдың қыстан аман шығуы, оның...Көктем
1«б» сынып оқушысы: Саматқызы Аида...Мен мнемотехнологияны қалай қолданамын
Екібастұз қаласы, №23 « Балауса» мектепке дейінгі гимназия тәрбиешісі Абдинова Үміт Даутқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.