Пәні: әдебиеттік оқу
Тақырыбы:: Дегелеңдегі жарылыс. Асқар Алтай.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу.
Стратегиялар: Диалог «Түрткі болу». «Сынақта өткізу». «ДЖИГСО - 1». «Ментальды карта». Сергіту сәті «Әнге билету». «Формативті бағалау». Рефлексия «1 сурет, 5 сөз».
Мақсаты: оқушыларға Асқар Алтайдың «Дегелеңдегі жарылыс» атты әңгімесі бойынша қазақтың басына түскен Семей өңіріндегі ядролық жарылыс жайлы таныстыру,
Міндеттері: - дұрыс оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу;
- ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту;
- қиындықтан қорықпайтын, елін қорғайтын, шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе
1. Психологиялық дайындық
- Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір - бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
2. Топқа бөлу
3. Үй тапсырмасын сұрау:
Диалог «Түрткі болу».
1 - топ: Әңгімеде автор қай кезеңдегі оқиғаны баяндайды? «Қансонар» дегенді қалай түсінесің?
2 - топ: Ел басындағы ауыртпалықты әңгімедегі қай сөздерден аңғаруға болады?
3 - топ: Бала әкесі мен шешесіне қандай мінездеме берді?
4 - топ: Әңгімеден ашаршылықтың белгілерін танытатын қандай сөздерді кездестірдің? (Жыртығын жамау, киімім бүтін болса; шай дейтін шай да жоқ; Талдың кептірген бүршігі, жасыл шөптің қураған жапырағы сықылдыларға...; қара қазанға құры суды құйып қайнатып отырғалы талай заман болды)
4. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгіме неліктен «Алғашқы көмек» деп аталған? Еңбектің ең алғашқы қасиетін бала қалай сезінді? «Қансонар» сөзінің мағынасын таптың ба?
II. Негізгі бөлім
1. Слайд арқылы
Кеңес Одағы 1949 жылдан бастап қырық жылдай уақыт бойы Семей өңірінде ядролық қаруды сынақтан өткізді. Бұл сынақтан 300 мыңдай адам зардап шекті.
Ядролық жарылыс кезіндегі аласапыран оқиғалар белгілі жазушы Асқар Алтайдың «Дегелеңдегі жарылыс» атты әңгімесінен білеміз.
2. «ДЖИГСО - 1»
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді «ДЖИГСО» әдісі бойынша оқып, талдап, әр топ қорғайды, бір - біріне сұрақ қою арқылы.
3. Сөздік жұмыс.
Қау шөп – қалың шөп.
Десте - десте – шалғымен шапқанда шөптің жал - жал боп түсуі.
Қотару - ішіп қою.
Сілесі қату – қатты шаршау.
Құлқын сәрі – таң жаңа атып келе жатқан кез.
Қозықа – арқардың қозысы. Құлжа – арқардың еркегі. Жүрегі лоблу – жүрегі айну. Зәресі ұшу – қорқу, үрейлену. Көздің қарығуы – қарашық қуатының кемуі.
4. Диалог «Сынақтан өткізу» (әр топқа 1 сұрақтан)
- Бұл оқиға қай кезде болған деп ойлайсың? Балалар Қажымұратқа неге қызыға да қарайтын еді?
- Қажымұрат пен Айтуар Абыралы тауына не үшін барды?
- Дегелең үстінде жарылған не нәрсе? (Ядролық бомба).
- Осы жарылыстың әсерінен Қажымұрат қандай жағдайға душар болды?
IІІ. Қорытынды. «Тауып оқы» (әр топқа бір тапсырма, дәлелдеу)
1. Бүгін не жайлы өттік? Қажымұрат пен Айтуардың орнында болсаң, жарылыс кезінде не істер едің? Әңгіменің қай жері саған ерекше әсер етті?
2. Мәтіннен ядролық жарылыс кезіндегі табиғат жағдайы бейнеленген жерді тауып оқы. ( Кенет табан астымыз солқ ете түсті....). Қажымұраттың көзі көрмей қалған тұсын тауып оқы.
3. Бұл үзіндіні оқыған кезде қандай ойда болдың? Сол ой – сезіміңді білдіріп Қажымұратқа хат жаз.
4. Мәтіннің соңғы бөлігін оқып, әңгімені өз ойыңмен аяқта.
Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, хат жаз.
Бағалау. Формативті бағалау»
Рефлексия «1 сурет, 5 сөз».
Дегелеңдегі жарылыс
- Қымбат
- 22 қараша 2013
- 19114
- 0
- 0
Ілмек сөздер: әдебиеттік оқу 4 сынып, дегелеңдегі жарылыс
Ұқсас жаңалықтар:
Ядролық қару және оның сипаттамасы
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тана мырза орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы: Байназаров Айдын Айтқалиұлы...Асқар Алтай «Дегелеңдегі жарылыс»
ШҚО, Семей қаласы, №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" бастауыш сынып мұғалімі Нугуспанова Шынар Туленовна...Бөлінгіштің жоғарғы разряд бірліктері бөлінгіштен кем емес жағдайда бір таң ...
Сабақ: математика Тақырыбы: Бөлінгіштің жоғарғы разряд бірліктері бөлінгіштен кем емес жағдайда бір таңбалы санға бөлу. Қолданылған модульдер: Оқыту...Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам!
Пәні: әдебиеттік оқу Тақырыбы: Жарасқан Әбдірашев. Алматы – бас қалам, Жас қала - Астанам Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер....Семей полигоны
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы география пәні мұғалімі Байбатырова Мира...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.