Қазақ тілі
Тақырыбы: Етістікті қайталау
Мақсаты: етістік туралы берілген түсініктерін кеңейту, білімдерін жинақтау, бекіту, шығармашылық жұмыс жасау. ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Түрлі тапсырмалар арқылы негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыру. Тапқырлыққа, әдемілікке, адамгершілікке, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Психологиялық дайындық
3. Сабақтың ережесімен таныстыру
4. Оқушыларды топқа бөлу (берілген сандардың бірінші әріптерін алу)
1) 9 6 1 ы 8 «Табыс» тобы
2) 3 1000 і 9 «Үміт» тобы
3) Ш 6 ру 6 «Шаруа» тобы
- О лай болса, бүгінгі сабағымызда көктем мезгілінде 3 қожалық болып жарысамыз.
«Табыс» қожалығы бидай өнімін алу үшін
«Үміт» қожалығы қой өнімін мол алу үшін.
«Шаруа» қожалығы құс өнімін алу үшін бүгінгі сабағымызда берілген тапсырмаларға нақты жауап берсек, әр қожалық өзінің көздеген өнімдеріне қол жеткізеді.
Сабағымыз бірнеше бөлімнен тұрады.
1 - бөлім «Білгенге маржан, білмеске арзан»
2 - бөлім «Ой қозғау»
3 - бөлім «Ойға түстім, ойландым»
4 - бөлім «Сәулең болса кеудеңде»
5 - бөлім «Пантомимо» ойыны
6 - бөлім «Ой түбінде алтын бар, ойлай берсең табарсың»
Мағынаны ашу
1 - бөлім «Білгенге маржан, білмеске арзан» Әр топ бір - біріне 4 сұрақтан қояды. Сұраққа толық, нақты жауап беру керек.
2 - бөлім «Ой қозғау» бөлімінде тақтаның бетінен шыққан әріптерді таңдау. Таңдаған әріптер бойынша етістікке мысал келтіру(топпен жарыс, әр топ мүшесі 1 етістік жазу керек)
Е екті
Ж жауды
Қ қарады
К келді
Т толды
А ақты
3 - бөлім «Ойға түстім, ойландым» бөлімінде жұмбақты жатқа айтып жазу. Қай топ бірінші болып жазып, айтса, сол топ ұпай алады.
Асын ішіп, бетін жуады.
Ұйқы қысып, көзін жұмады.
Іші пысып, торғай қуады (Мысық)
Ой сергіту жаттығуы
Берілген зат есімдерге етістік тіркеп бөгелмей айту.
Жел, күн, найзағай, жаңбыр, қоңырау, палуандар.
4 - бөлім «Сәулең болса кеудеңде» бөлімінде әр топқа сурет беріледі.
• Суретке қарап сөйлем құрау
• Әр суретке қарап мақал айту
5 - бөлім «Пантомимо» ойыны бөлімінде әр топ басшысына сөйлем беріледі. сол сөйлемді қимылмен көрсетіп, қалған оқушылар шешеді.
Таңертең ұйқыдан тұрып, жаттығу жасап, төсегімді жинадым.
Беті қолымды жуып, тамақ ішіп, сабаққа киіндім
Балаларға телефон соғып, футбол ойнауға шақырып едім, олар қуанды.
6 - бөлім «Ой түбінде алтын бар, ойлай берсең табарсың»
Шығармашылық тапсырма. Көктем мезгіліне байланысты сөз ұйқасы бойынша төрт жол өлең құрастыру.
Көктем қандай..........
Күміс жаңбыр..............
Мөлдір аспан................
Күннің көзі.................
Етістікті тауып, сұрақ қою.
Сабақты қорытындылау. Ой түйіндеу.
Бағалау. марапаттау.
Үйге тапсырма: «Көңілді көктем» тақырыбында әңгіме жазып келу.
Етістікті қайталау (4 сынып)
- Жупар
- 14 қараша 2013
- 8782
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 4 сыныпқа арналған етістікті қайталау сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Келе, бер көктем
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №19 мектептің мектепалды даярлық тәрбиешісі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Мектептің оқу - тәрбие жоспары
Мазмұны І. бөлім Мектептің өткен оқу жылына талдауы ІІ. бөлім Мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту IІІ. бөлім Педагог...Етістік
Қызылорда қаласы №253 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дәрменқұлова Қатира...Етістік
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мүғалімі Гүлдана Бауыржанқызы...Дара дәне күрделі етістік
Павлодар облысы, Екібастұз қаласының №26 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Батаева Үміткен Еркінқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.