Сабақтың тақырыбы: Өзен және көлдер
Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға өзен және көлді таныстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату. Табиғи судың таралуы жайлы таныстыру.
- Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, шығармашылық ізденістерін дамыту.
- Табиғатта су өте көп болғанымен тұщы судың аздығын ұға отырып, суды қорғауға экологиялық тәрбие беру.
Сабақ түрі: жарыс сабақ.
Әдістері: сұрақ - жауап, талдау, салыстыру, іздену, жинақтау.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, өзендер мен көлдердің суреттері, венн диаграммасы, тест.
Сабақ барысы:
Бағалау – мотивациялық кезең;
Психологиялық дайындық;
Күн мен сені сүйемін.
Саған басымды иемін,
Жылу бер, шуақ бер.
Мейірімді қуат бер.
А) Топқа бөлу.
Ә) Бағалау парағы.
Өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау.
І – топ Су. Жер асты суы қалай пайда болады?
ІІ – топ Бу. Жер асты суының пайдасы?
ІІІ – Мұз. Табиғаттағы су айналымы.
«Бәйге» жарыс. Үш топқа сұрақтар.
Судың қандай қасиеттерін білесің?
Табиғатта су неше күйде кездеседі?
Жер асты суы дегеніміз не, қалай пайда болады?
Құдық не үшін қазылады?
Бұлақ қалай пайда болады?
ІІ. Операциялық - орындаушылық кезең.
Балалар, мына «Сөзжұмбақты» дұрыс шешсек, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.
Қатты қара түсті зат (көмір)
Қонақжай халық (қазақ)
Адамды адам еткен (еңбек)
Майлы, қоймалжың сұйық зат. (мұнай)
Физикалық картада су қандай түспен боялған (көк)
Тілсіз жау (өрт)
Жер бетіндегі ауаның 1 жерден 2 - ші жерге ауысуы (жел)
Оқулықпен жұмыс.
Өзен және көл тақырыбын тізбектей оқып танысамыз.
Қазақстанда ірілі - ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде жоғарыда аталған жеті өзеннің ұзындығы мың км - ден асады. 48 мыңнан астам көлдер бар. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл ірі көлдер. Жазық жердегі өзендер баяу ағады. Тау өзендерінің ағысы қатты болады. Өз ауданымызда да өзендер мен көлдер бар. Олар Елек, Ырғыз, Ойыл, Жем т. б.
Өз жеріміздегі Елек өзені туралы не білеміз? Елек өзені 47 разъезд қасындағы Жайық өзенінің маңындағы бұлақтан басталады. Елек өзені Жайық өзеніне құяды. Жайық өзені суы үлкен көл - Каспий теңізіне құяды.
Елек өзені жағасында
Кішкентай Алға қаласында
Оқып білім алудамыз,
Ата - ана, ұстаз арқасында.
Венн диаграммасы. Өзен, көл.
Жылғалар бір - бірімен қосылып өзен құрайды. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атаймыз.
Шығармашылықпен жұмыс.
І - топ Өзеннің суретін салу.
ІІ - топ Көлдің суретін салу.
ІІІ - топ Өзен және Көлге өлең шығару.
«Бәйге» жарыс. Мақал - мәтелдер (өзен, көлдер туралы)
Өрісіне қарай мал өсер, өзеніне қарай тал өсер.
Көлдің көркі - құрақ, таудың көркі – бұлақ.
Өткелін білмесең, судан өтпе.
Жұмбақ шешу
Еліміздегі ең сулы өзен
Таситын кезі ең жылы кезең.
Шаруашылықта маңызы зор
Табасың оны, ойлансаң, сезем. (Ертіс)
Бекіре балық байлығы болар,
Тасыған кезде арнасы толар.
Кемелер жүзіп еліміз үшін,
Бұл өзен тасымал шаруаға жарар. (Жайық)
Алады басын аласа таудан
Ағатын маңы жазықты аудан.
Жаныңа жақын таныс бір өзен,
Айтпастан бұрын жақсылап ойлан. (Жем)
Өзен қалай пайда болады?
Өзеннің басталатын жері қалай аталады?
Өзеннің сағасы деген не?
Өзен физикалық картада қалай бейнеленеді?
Картамен жұмыс.
Қазақстанның физикалық картасынан ірі өзендерді табайық.
(Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу)
Көл деген не?
Көлдердің көлемін қандай болады?
Көлдердің суы қандай болады?
Дүние жүзіндегі ең терең көл?
Көл физикалық картада қалай бейнеленеді?
Физикалық картадан көлдерді көрсету?
Поэзия минуты.
Оқушыларға өзен және көл туралы өлеңдерді жатқа айтқызу.
ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезең.
Тест тапсырмасы:
5. Құрлық бетіндегі ойыстарды алып жатқан су қалай аталады?
А) Өзен, ә) Көл, б) арық
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тірлік тамам бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз, қадірін, - деп сабағымды аяқтаймын.
Үйге тапсырма: Өзен және көлге сипаттама жазу.
Өзен және көл
- Larisa
- 7 қараша 2013
- 58122
- 0
- 0
Ілмек сөздер: өзен және көл, бастауыш сынып, ашық сабақ, өзендер, Балқаш көлі, Каспий теңізі
Ұқсас жаңалықтар:
Жаратылыстану пәні бойынша ҚМЖ. 5 сынып №4
1. Физикалық және химиялық құбылыстар 2. Өзендер 3. Механикалық қозғалыс 4. Тепе-теңдік 5. Ғаламшардағы тіршілік...Жаратылыстану пәні бойынша ҚМЖ. 5 сынып №2
1. Өзендер 2. Ауаның ластануы, атмосфераны қорғау 3. Бақылау жұмысы 4. Жарық бөліп шығару құбылысы 5. Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар...Су
Білімділік:Табиғаттағы судың тіршіліктегі маңызын, пайдасын, судың табиғаттағы айналысын, жер асты суы, оның пайдасын, Қазақстандағы ірі өзендер,...Өзен және көл
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы...Өзендер. Көлдер және тоғандар
«Сымбат» жеке мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Алдабергенова Узилдик Жомартовна Сабақтың тақырыбы: Өзендер. Көлдер және тоғандар Білімділік...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.