Сайтқа кіру Тіркелу

Ж дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Ж ж дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға ж дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздегі орны туралы түсінік беру, берілген сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету;
2. Ж ж дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлау, сөйлемдер құрату. Танымдық іс - әрекеттер арқылы ой - өрісін, тілін дамыту;
3. Оқушыларды сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ойын сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: Ж ж дыбысы мен әрпіне арналған кестелер, суреттер
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа даярлықтарын тексеру
II. Психологиялық дайындық
Бақытты балғын баламыз,
Өседі ой - санамыз.
Білімнің нәрін сусындап,
Биікке самғап, барамыз.

- Балалар, қазір қай сабақ?
- Әліппе сабағы - Әліппе сабағынан не үйрендіңдер?
Әріптерді, дыбыстарды жазып, айтып үйрендік.
III. Миға шабуыл.
1. Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз)
2. Әріп дегеніміз не? (Көреміз жазамыз, айтамыз)
3. Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз)
4. Дауысты дыбыстар қалай айтылады? (Созылып айтылады)
5. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? (Қысқа айтылады)
- Қандай дыбыстар мен әріптермен таныстыңдар?
- А, Р, О, Л, Ш, С, У, Ы, Д, Т, М, Н
«Жанды әріптер» ойынын ойнау
IV. Жаңа сабақ.
Жұмбақ шешу.
Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс)
- Жолбарыс қандай аң?
- Жолбарыс туралы не білеміз?
- Тағы қандай аңдарды білесіңдер?
Ендеше, біздің бүгінгі сабағымызға жолбарыс келді, ол бізге жай келмепті. Өзіне дос іздеп жүр екен.
- Көмектесеміз бе?
- Балалар, Жолбарыс сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- Ж
- Ж - ж - ж деп дыбыстату.
- Қалай дыбысталады.?
- Қандай дыбысқа жатқызамыз?
- Сөздің қай жерінде тұр?.
Буынға бөлеміз.
- Неше буын, неше дауысты дыбыс?
- Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы Ж ж дыбысы мен әрпі.

Баспа, жазба түрімен таныстыру.
- Қандай сөздерді білесіңдер?
- Тағы басқа сөздемен танысқыларың келе ме?
Онда экранға назар аударайық
(Ж - дан басталатын сөздерді қайталату)
- Алыстан бір бейне көрінеді, ол не екен?
Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен. (Аю)
Аюдың тапсырмасын орындасақ жолбарыспен дос болады.
Оқулықпен жұмыс.
Жіп - дыбыстық талдау
48 - беттегі буындарды оқу.
Жа, жо, жы, жу
жал, жол, жыл, жуан
Диалогты оқыту

Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп теріп алайық
Қалтамызға салайық
- Алыстан бір бейне көрінеді, ол не екен?
Бұтақтарға секiрiп,
Әр жерден қылт етедi.
Кейде жаңғақ кемiрiп,
Жоғары өрлеп кетедi. (Тиiн)
Тиынның тапсырмасын орындайық.
Суретпен жұмыс
Суретке ат қойып, сөйлем құрастыру
- Алыстан тағы бірдеңе көрінеді.
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)
Қоянның тапсырмасын орындайық.
Дәптермен жұмыс.
Ж дыбысының ауада салынуын көрсету, элементімен таныстыру.
(жарты ай, имек жоғары, таяқша, имек жоғары, тағы да жарты ай)
- Ал мынау не екен?
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Мойны ұзын, көзі үлкен,
Бұл не, өзің тауып ал?
( Түйе )
Түйе жолбарысқа дос бола ма екен?
«Орнын тап» ойыны
Қарсы мәндес сөздерді орнына қойып, сөз тіркестерін оқу.
Жуан тау
тар ағаш
жаңа жол
аласа орамал

Қорытындылау
«Заттарды жина» ойыны
Нені үйрендік?
Ж дыбысы қандай дыбыс? Мысал келтіру.

Рефлексия
- Жолбарыс пен оның достары қайда мекендейді?
- Оларды не қорғайды?
Ендеше, мына ағаш оларды қорғай ала ма?
Не жетіспейді?
Ендеше жапырақтармен безендіреміз

Үйге тапсырма:
Дәптер тарату Сурет бойынша әңгіме
Мадақтау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×