Сабақтың тақырыбы: "Жануарлар қалай өсіп - өнеді?"
Сабақтың мақсаты:
1. Жануарлардың өсіп - өнуі туралы білімдерін қалыптастыру;
2. Сызба бойынша салыстыру, қорытындылау, білімдері мен біліктерін дамыту;
3. Жануарларға ұқыпты қарым – қатынас жасауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Жұмыс түрлері: жұппен жұмыс, концептуалды сызба, оза оқыту тапсырмасы, шығармашылық тапсырма, өзіндік жұмыс.
Қажетті құралдар: жұмыс жасауға арналған карточкалар, концептуалды тапсырманы орындауға арналған сызбаға керекті қағаз, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, ермексаз, бояулар.
Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу, бейнелеу өнері
Проблемалық сұрақ: Көктемде неге аң, балық аулауға тыйым салынады?
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық.
- Бүгін біз өте құпияға толы тақырыпты зерттейміз. Алдымен өздеріңнің әп - әдемі бала кездеріңді еске түсіріңдер. Ғ дүниеге келген сәбилер әр уақытта өздерінің ата - аналарына ұқсай ма?
Адамдарда – бала
Түлкіде – түлкішек
Мысықта – марғау
Үйректе – балапан
Ал көлбақаның баласы не? Дельфинде ше? Жыланда ше?
ІІ. Тірек білім арқылы топпен жұмыс істеу.
Оқушылары бірнеше топқа бөлінеді? Әр топқа жануарлардың даму ретін тауып құрастыруды керек ететін үлестірмелі карточкалары бар хатқалта беріледі.
шабақ уылдырық құс
балапан түлкі түлкішек
көбелек дернәсіл құрт
жұмыртқа балық жұмыртқа
уылдырық - шабақ - балық
жұмыртқа - балапан - құс
жұмыртқа - құрт - дернәсіл - көбелек
түлкішек - түлкі
- Бұл тізбені сабақ соңында қайталаймыз.
ІІІ. Жаңа материалды оқу.
Оқулықпен жұмыс:
- Жануарлардың баласы қай кезде дүниеге келеді?
- Жануарлар балаларына қандай қамқорлық жасайды?
Проблемалық сұрақ: Көктемде неге аң, балық аулауға тыйым салынады?
Тұжырымдамалық сызба.
Оқулықпен жұмыс істеу және талқылау барысында сызба толтырылады.
Жануарлар тобы Өсіп - өнуі Дамуы
Жәндіктер Жұмыртқа салады Жұмыртқа - құрт - дернәсіл - жәндіктер
Сүтқоректілер Балалайды Баласы - жануар
Құстар Жұмыртқа салады Жұмыртқа - балапан - құс
Қосмекенділер Уылдырық шашады Уылдырық - итшабақ - бақа
Балық Уылдырық шашады Уылдырық - шабақ - балық
Жорғалаушылар Жұмыртқа салады Жұмыртқа - жорғалаушы
Оза оқыту тапсырмасы: Оқушыға тапсырма беріледі. Б өздігінен немесе мұғалімнің көмегімен сөйлеуге дайындалады.
Табиғатта қызықтар аз емес. Қазір оқушылар қызықты жануарлар туралы айтып береді.
1 - оқушы: Сендер мына жануарды білесіңдер ме? ( Үйректұмсықтың суретін көрсетеді.) Бұл – үйректұмсық. Үлкендігі көжектей ғана, тұмсығы үйректің тұмсығына ұқсайды. Еуропа ғалымдары алғаш рет оны көргенде, біреу басқа бір жануарға үйректің тұмсығын жапсырған екен деп ойлапты. А үйректұмсықтың жұмыртқа салып, оны басып шығаратынын көргенде, тіпті таң – тамаша қалыпты.
- Бұл үйректұмсық, құс па, әлде сүтқоректі ме?
Үйректұмсық сүтқоректі, себебі: баласы жұмыртқаны жарып шыққаннан кейін оны сүтпен қоректендіреді.
2 - оқушы. Мынау тікенекті кішкентай ғана балық, ұзындығы 11 - 12 см. Қызығы, осы балықтың аталығы балдырдан ұя жасайды. Аналық ұяға уылдырығын салғаннан кейін шабақтарды қорғайды.
Топпен жұмыс:
Ермексазбен жұмыс.
Қағаздарды жапсырмалау.
Бояумен сурет салу.
Ертегі, әңгіме ( өлең) құрастыру
Жұмыстарын қорғау.
Дәптермен жұмыс:
Алдымен үй жануарларының суреттерін олардың балаларының суреттерімен сәйкестендіреді. Сонан соң жануарлардың балаларының аттарын жазады.
ІҮ. Білімді бекіту. Тест тапсырмалары.
1. Балаларын тірі туып, сүтпен қоректендіретін қандай жануарлар?
а) құстар ә) сүтқоректілер б) балықтар
2. Түсіп қалған сөзді орнына қой: уылдырық -.....- балық
а) құрт ә) итшабақ б) шабақ
3. Түсіп қалған сөзді орнына қой: жұмыртқа – құрт -.... - көбелек
а) дернәсіл ә) шабақ б) балапан
4. Жылдың қай мезгілінде аң, балық аулауға тыйым салынады?
а) қыста ә) көктемде б) жазда
Ү. Сабақты қорытындылау.
Рефлексия
1. Мен үйрендім:.....
2. Мені таңқалдырды:....
3. Мен білгім және үйренгім келеді:.....
- Сабақта маған.... ұнады.
- Маған.... қызықты болды.
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақта жасаған жұмы қайталап қарап, тиянақты түсіну.
ҮІІ. Бағалау.
Жинаған фишкаларына қарап бағалау.
Жануарлар қалай өсіп-өнеді?
- Венера1
- 5 қараша 2013
- 9439
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дүниетану, жануарлар, жануарлар қалай өсіп-өнеді
Ұқсас жаңалықтар:
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Сабақтың мақсаты: Тірі табиғаттың бір бөлігі болып саналатын адам және өсімдіктер мен жануарлар арасындағы тығыз байланыс жайында түсінік беру...Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері
Мақсаты: А) Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктерін балықтар - қосмекенділер - жорғалаушылар - құстар - сүтқоректілер тізбегімен зерделей отырып,...Балықтар
Сабақтың тақырыбы: Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары Мақсаты: а) білімділік: оқушылардың балықтар класы бойынша алған...Аңдар
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп» коммуналдық...«Жануарлардың тіршілігі. Жануарлардың тіршілігіне не қажет?»
Павлодар қаласы,Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Тақырып: «Жануарлардың тіршілігі. Жануарлардың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.