Тақырыбы: Сурет салудың сырлары.
Зерттеу жұмысының жетекшісі:
Аннотация
Бек Арматтың бұл зерттеу жұмысында сурет салудың қыр - сырын тереңірек аша түскен. Сурет салу өнерінің түрлерімен айналысу мақсатында түс таңдаудың ерекшелігін көрсеткен. Зерттеушінің бұл тақырыпты таңдауының негізі келешек ұрпақтың бейнелеу өнеріне деген құрметін, шынайы көзқарас қалыптастыруын көздеген. Өз ісінің шебері бола білу жас ұрпақты жігерлікке, қайсарлыққа жетелейді.
1. Зерттеу жұмысымның мақсаты:
Бейнелеу өнерінің құпиясын ашуға деген қызығушылық жыл сайын өсіп келеді. Суретшілердің жолын қуу мақсатында өзімнің де бір қолтаңбамды, өзіндік бейнелеу өнеріне деген үлесімді қалдыру.
2. Зерттеу жұмысымның өзектілігі:
Сурет салу өнерінің терең сырларын ашу. Сурет салудың үш түрін дұрыс игеріп, қазіргі таңда жаңаша бейнелеу өнеріне деген дұрыс көзқарасымызды қалыптастыра білу.
3. Зерттеу жұмысымның жалпы сипаттамасы:
Мен зерттеу жұмысымда сурет салудың сырларына терең үңіле отырып, өзіндік жұмысымды көрсетпекпін. Үш жасымнан қолыма қылқалам алып әкеммен жарыса сурет салғанмын. Соның нәтижесінде қазіргі уақытта бейнелеу өнерінің қыр - сырын үйреніп, сурет салу әдісін тиімді, әрі сапалы пайдалана білудемін. Сурет салу өнерінің өзіме қажет тұстарын әрдайым жадымда сақтаймын.
Және сол өнер жолын әрі қарай жалғастыру үшін көп жұмыстанудамын.
4. Зерттеу жұмысымның әдістерім:
Сурет салудың сырларын толық меңгеріп, суреттерімді салу арқылы өз сыныптастарыма және басқа да балаларға үйрету жұмыстарын жүргізсем. Менің өнерімді барша қазақ халқы бағалай білсе.
5. Зерттеу жұмысымның ғылыми жаңалығым.
Сурет салу әдісін терең ұғына отырып мен төмендегіше қорытындыға келдім.
1. Сурет салу әдісінде түстерді өз жүрек қалауыңша пайдалану;
2. Түрлі атаулы сайыстарда өз туындыларымды ашық көрсету;
3. Атақты суретшілердің туындыларымен танысу;
4. Бейнелеу өнерінің профессоры Сағынтай Әлімбетұлымен бірлесе сурет көрмесін ашу:
Жоспары:
І. Кіріспе
1. 1Суретші болу арманым.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Суретшілер туралы мағлұмат.
2. 2. Сурет салуда әр түрлі техниканы қолдану жолдары.
ІІІ. Қорытындылау
Нәтижелерге сараптама
І. Кіріспе
1. 1Суретші болу арманым.
Зерттеу жобаның қысқаша негіздемесі.
Живопись - өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін сиқырлы аймақ. Басқа өнерлердің арасында живопись суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейлінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы ол табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіндердің бәрін - бейнелеудің таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнелеп отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика, қиялдың қызықты құбылмалылығы - осының бәрі живопиське өз міндеттерін шешу үшін берілген.
Живописьті қабылдау үшін оның мәнерлеу тілін түсініп, ұғынып білу өте қажет. Тақырыптың мазмұнын терең ұғынған тәсілдерін меңгеру шығармашылық ізденуге тікелей әсер етеді.
Жобаның мақсаты: дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған жан - жақты, саяси сауатты, ұлтжанды іскер, өрісі биік азамат тәрбиелеу.
Мұны жас жеткіншек жүрегіне қалай жеткізу керек?
Осы тұрғыдан живопись өнеріне қызығушылық қабілетін арттыруда 5 бағытты ұстадым.
1. Оқушының көркемдік сауатын арттыру. Өнердің шығу, даму тарихын білу,
2. Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Шығармадан оқушылардың көзін қанықтыру, таныстыру.
3. Практикалық жұмыс барысында ойлау, қиялдай білу, икемдік, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту, шебер болуға баулу.
4. Оқушыларды өнерді сүюге тәрбиелеу. Бейнелеу өнері алуан түрлі де, алуан қырлы. Қазіргі кезеңде жас ұрпақты ұлттық өнерге баулу жөніндегі, күрделі міндеттерді орындау мектеп оқушыларының өздеріне де үлкен талаптар қояды.
5. Бала алған білімін іс жүзінде қолдана біліп, өнермен, іс - әрекетімен күнделікті тіршілік қызметімен байланыстыра білгенде ғана өзіне не қоғамға да пайдасын, жемісін береді.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Суретшілер туралы мағлұмат.
Әбілхан Қастеев (1904 — 1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график - суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып - өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945 - 1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды (1929 - 1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.
Жас Абай. Ә. Қастеев. 1945.
Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау - басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою - өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930 - 1931 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте - бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік - тынысына ден қойып, тарихи - әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте" (1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937 - 1941), "Аманкелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.
Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы авто - дүкен" (1963), "Қапшағай ГЭС - і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады.
Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол — туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.
Әбілхан ағаның жүз жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуі: барша қазақ көркемөнеріне деген құрмет. Осы бір қарапайым да қасиетті қылқалам шеберінен біз көп өнеге алдық. Ол — бұрын сурет өнеріне қойылған тыйымды тұңғыш тойтарып, төл өнерді төрге сүйреген жан. Бір бастаған картинасын аяқтамай орнынан тұрмайтын төзімді адам еді. Тіпті, салып отырғанда тау көлеңкесі өзгеріп кетсе де айнытпай, қаз - қалпында келтіретініне әлі таңданамын. Ауқымы, кеңістігі қандай кең?!. Бояу езу, жағу әдісі де әлі жұмбақ. Суретшілер одағының төрағасы кезінде сол тұста жаңадан салынып, ашылған галереяға бұрынғы Т. Шевченко орнына Ә. Қастеевтің есімін берейік деп хат жазып, Димекеңе шыққанымды, ол кісі "Суретшілерді қолдаңдар!" деп қол қойғанын, сол кездегі Министрлер Кеңесі: "Ол біз шешетін шаруа. ОК - те нең бар?" дегенін, бірақ соған қарамай түбі қайырлы болғанын айтқан жөн. Біреулер Ә. Қастеевті "оқымаған" деп кемсіткісі келеді. Әлемдік тұлғалар Тициан, Рембрандттар оқып па екен? Әбекеңдер тума таланттар ғой! Ол сурет өнерін дамыту арқылы дінді бұзған жоқ, қайта тарихымызды тірілтті. Біздерге жол салып берді. Сондықтан ол — қандай құрметке де лайық із ашарымыз.
Жайлаудағы Абай
Әбекеңнің үйінде әңгімелесіп отырғанда: "Мен жақсы көрмейтін адамдарымды қолдан тұншықтырып өлтірдім!" — дегені бар. Ал өзінің құмырсқаға қиянаты болмаған. Мұның мәнісі — ұнатпаған адамды кескіндеген жоқпын дегенге саяды. Шынында да, суретші қаламына іліккен адамның рухани ғұмыры ұзарып, тарихта қалады. Біз кеткен соң да сурет өнері жасай береді. Жалпы, суретте тіл жоқ, түсінісу бар. Басқаша айтқанда, суреттің тілі де — тілсіз тіл, оны кез келген ұлт ұғады. Бірақ әрқалай ұғады. Маған айрықша ұнайтын суретшім — Верещагин. Ол өзі көрген соғыс сұрапылын жазған. Қастеев те солай, өз көргенін көркемсуретке көшірген. Өлмейтіндігі де содан. Олардың суреті — келешекке ғұмыр...
Әбілхан аға сурет салудан қолы босай қалса, бір минут та бір орында байыз тауып отыра алмайды екен. Ананы жөндеп, мынаны жасап жіберу... Жаңа үйге көшіп барған бұларға көрші - қолаң ерекше бір таңданыспен қарап жүрді. Бірде Әбілхан аға қолына кетпенін ұстап, бақшасында жұмыс істеп жүрсе, бір көршісі қашаның арғы жағынан сығалап тұрса керек. Амандықтан соң көршісі: "Осы үйге бір үлкен, атақты суретші көшіп келді дейді. Сіз білетін шығарсыз ол кісіні. Қандай екен өзі?" деп қызығушылығын жасыра алмапты. Аңыздай көрінген адамы мұнша қарапайым болар деп ойламаған шығар, мүмкін, ол.
Жаны нәзік ағаның жүрегі де нәзік еді. Бірнеше рет инфаркт алған. Ауруханадан үйге алып келе жатқан мәшине бұрылыстан көрінгенде Жолбарыс алдынан алдымен жүгіріп шығады. Екеуі үнсіз ұғысады. Әбілхан аға дүние салардан бір күн бұрын Жолбарыс та жоғалып кетіпті. Жақсы ит өлігін көрсетпейді... Бүл — қазақтың жеті қазынасының бірі дейтін иттің де иесінің өмірден өтерін, елдің бір қазынасы — талантты ұлынан айырыларын
Әбілхан ағаның жүрегі таза таңданыстан жаралған. Ол аспандағы ұшаққа қарап, "бәленбай тонна ауада қалай қалқып тұр" деп, адамзат ақылына тағы бір таңданады. Табиғаттың әрбір жаратылысына үңіліп тұрып, "қандай ғажап система" дейді ол. Осы таңданысының барлығы қылқаламынан сурет болып төгілді емес пе? Бұл да ұлыларға ғана тән ерекшелік шығар. "Эр адамның Құдайы ішінде". Әбілхан ағаның сөзі. "Құдай бақты барлық адамға бірдей береді. Оны ұстай алу — өзіңнің құзырыңдағы іс. Ұшырып алсаң — өзіңнен басқа ешкім кінәлі емес" дейді. Қастеевті Қастеев еткен де дәл осы ұстаным, дәл осы — әфсана.
2. 2. Сурет салуда әр түрлі техниканы қолдану жолдары.
Оқушыларды живописъ түрлерінің натюрморт жанрын үйрету. Бейнелеу өнерінің орындалу жолдарына жаттықтыру, дағдыландыру. Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қабілетін қалыптастыру.
Сурет салу өнерге өте ерте кезден бастау алады. Сурет салу өнерінің тарихы тереңде жатыр. Алғашқы қауым кезіндегі суретшілер тас немесе сүйек беттеріне айқын сызықтармен түрлі бұйымдар, жануарлар, тіпті адам бейнесін де асқан шеберлікпен сала білген.
Бұл туралы Қазақстан жартастарындағы бейнелеу шығармашылығы толық хабардар ете алады. Сурет салуды адам кәсіпшілікте пайдаланғаны белгілі, нақтырақ айтсақ, көзешілік, яғни құмыра жасауда оның суреттері қарапайым жолдармен меңгере бастады.
Сурет салу өнерінің даму кезеңі қала құрылысының дамуы, қоғамдық орындар, ірі – ірі сарайлар салудың өркендеуі кезінде дамыды, арнайы өнер мектептері ашылып, суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілер дайындау қолға алынды. Бізді қоршаған ортадағы өзіміз пайдаланып келген көптеген бұйымдар да суретшінің нобайлары бойынша жасалады. Егер салынатын зат, уақытша болса да, қозғалмайтын болса, онда оны асықпай салуға болады. Мұндай сурет - ұзақ салынатын сурет деп аталады.
Сурет салуды бастағанда ең алдымен салынатын суреттің бәрін түгел көз алдыңа келтіріп, пайымдап алуың керек. Сосын нобай (эскиз) жасау барысында қағаз бетіне өзің таңдап алған көру нүктесінен салынатын бұйымдарды немесе көріністі орналастыруға болады. Сонымен қатар жарық көзінің қай жақтан түсіп тұрғандығын да ұмытпаған жөн. Пішіннің құрылымын түсіну оның кеңестіктегі орналасуы, бұйымның көрінбейтін бөлігін сезу, қағаз бетінде заттың үш жақты көлемін түсіруге көмектеседі.
Живописьте басты нәрсе - түс. Жалпы алғанда әрбір бояу түстерінің өз мағынасы бар екені сөзсіз.«Натюрморт»- бірнеше заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнелейтін көркем шығарма.«Натюрморт»– француз сөзі, дәлме - дәл мағынасы «өлі табиғат»деген ұғымды білдіреді. Әрқашан натюрморт орындауда жалпыдан жекеге көшу принципін ұстау керек.
Өйткені шығармашылық ізденуде оқушылар форма мен композициялық тәсілдерді еркін игеру арқылы көркем шығарманың мазмұнын жетілдіре түседі. Бояумен сурет салуға үйрету деген ең негізгі тапсырма натюрморт салу болып табылады.
а) заттарға талдау жасау;
ә) заттардың бір - бірімен қатысын анықтау;
б) заттардың композициялық құрылымын ойластыру;
в) денелерінің тұтас көрінуін байқау;
г) жарық пен көлеңкесін сурет салу заңдылығына сай орындау.
Оқушылар ұзақ мерзімді сурет салғанға жалығады, кейде шыдамы жетпейді. Сондықтан жылдам сурет салуға, яғни долбар жасауға үйрену қажет.
Долбар дегеніміз - контур мен үйлесімді сызықтар пайдалану арқылы орындалатын сурет. Долбар салуда ТМ, 2М, 3М сияқты қарапайым қарындаш түрлерін пайдаланамыз. Долбар салуға жаттығу жылдам сурет салуға бейімділікті қалыптастырады. Контур сызықпен долбар жасағанда заттың көлеңке жақ сызығы жуандау, ал жарық жағы жіңішке сызықтар арқылы орындалады. Сонда ғана зат көлемді, ауқымды болып бейнеленеді. Осы жаттығудың негізінде бірнеше заттан тұратын натюрморт орындауды үйренеміз.
Бейнелейтін нәрсеміздің биіктігін, енін, көлденеңін салыстыра отырып, ара қашықтығын анықтау арқылы суретін саламыз. Әрбір зат қағаз бетіне үйлесімді де орнықты түрде орналасуы керек. Пропорциясын қараймыз, пропорция дегеніміз - биіктігінің көлденеңіне, нәрсенің бір бөлігінің екінші бөлігіне шамалық қатынасы, сондықтан белгілегенде өте мұқият болу керек. Суреттің мазмұны мен құрылысы оның жеке бөліктерімен өзара байланысты болмаса, ол дұрыс шықпайды. Сондықтан компоновка жасаймыз.
Компоновка дегеніміз - орындалатын жұмысты жоспарлау.
Суреті салынатын нәрсені орналастыру, орнын белгілеу, көру нүктесін таңдау, қағазға дұрыс орналастыру үйлесімділіктің(композицияның) бастапқы негізі болып табылады. Бейнеленетін нәрселердің кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу үшін көмекші сызықтар(тік, көлденең, көлбеу) сызылады. Күрделі, 4 - 5 заттан натюрморт бейнелеу.
Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қараймыз.
1 - кезең: нәрсені қағаз бетіне ықшамдап орналастыру
2 - кезең: нәрсенің құрылымына назар аудару
3 - кезең: заттың өңін жарық пен көлеңке арқылы айқындау
4 - кезең: бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезең болады.
Бір тұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалатын суреттің жарасымдылығына баса назар аударып, жұмыс аяқталады. Заттардың өңін айқындағанда ең жарық, ең қараңғы жерлерді анықтап алуымыз керек, ол үшін мына сурет заңдылықтарын естен шығармауымыз керек:
1. Жарық деп заттың үстіне түскен жарықты айтады.
2. Жылт деп заттың үстіне түскен жарықтың ең ашық жерін айтады.
3. Жартылай жарық көлеңке деп заттың үстіне жанама түскен жарықтан пайда болған жартылай көлеңкені айтады.
4. Меншікті көлеңке деп заттың бетіне жарық толық түспеген жерді айтамыз.
5. Шағылысу жарығы - заттың көлеңке жағында басқа жарықтың әсер етуінен пайда болған, әлсіз жарықты айтамыз, оны рефлекс деп те атауға болады.
6. Заттың түспе көлеңкесі - бір заттан екінші затқа немесе екінші жазықтыққа түскен көлеңкені айтады.
7. Меншікті көлеңкедегі жарықтау жерлер рефлекс деп аталады.
Бұл өзгерістер жарықтан бастап көлеңкеге дейін әртүрлі рең қоюлығына, яғни бояу түстерімен осылай бөлінеді.
Натюрмортта фон, артқы бөлігі елеулі роль атқарады. Натюрморттың артына тығыз орналастырылған фон біздің назарымыздан шашырап, қойылымнан кетуіне мүмкіндік бермейді.
Натюрмортты қоюдағы заттарды топтастырудың тағы бір ережесі - салыстырмалы түрде аяғында бос, жеңіл алдыңғы план.
Көзбен көруге мейлінше ауыр, ірі заттар артқа таман, неғұрлым жеңіл заттар - оның алдында тұруға тиіс, ал ең алдыңғы план мүлдем бос, ашық болуға тиіс. Сурет салуды керісінше емес, төменнен жоғарыға қарай жүргізген жақсы. Бұл тек натюрморттың суретін салуға емес, кез келген басқа да натуралдық қойылымды салуға қатысты.
Ең алдымен заттың өзіне тән түстік ерекшелігін қоршаған ортаға байланысты байқау. Мысалы: қоңыр нәрсенің артына көк шүберек ілсек, онда суық түс басым болады, ал қызыл түсті шуберек ілсек, жылы түс басым болады. Әр нәрсенің басым түсінің қалың болуына байланысты түстік реңді ажыратуға болады. Мысалы: сары шүберек ілінген фонда қоңыр құмыра бояуы қанық болады, ал сия көк шүберек ілінген фонда қоңыр құмыра жарықтау болып көрінеді.
Алдымен заттың өзіне тән түсін солғын бояй отырып, біртіндеп қоюлата жағылады. Акварель бояуымен жұмыс істегенде ашық түстерді шамадан тыс қолдануға болмайды. Біздің түстерді қабылдауымыз әдемі«сабақтас»түстің пайда болуына жарық, қашықтық (ауа қабаты) және түстік орта, түрліше боялған заттардың қатар тұруы шешуші ықпал жасайды. Белгілі бір заттың жарық түсіп тұрған және көлеңке бөліктері жарықтануы мен қатар жылы және суық түстік реңдер мен ерекшеленеді.
Егер жарық жылы болса, онда көлеңке суық реңге ауысады. Ал жарық суық болса, көлеңке жылы реңді болады. Жылы мен суық түстердің үйлесімді болып келуі живописьте әуен туғызады.
Музыка үшін 7 нота қандай роль атқарса, живопись үшін ең қою қалың бояудан ең нәзік реңдерге дейін сондай роль атқарады. Өйткені дүниенің бар байлығы мен сұлулығын осы түс қана бере алады.
Заттың қасиеті мен бояуын сол түс арқылы ғана бере аламыз. Шығармашылық жұмыс жасау оқушылардың сабаққа деген белсенділігі мен білімі арқылы дамиды. Олар бояумен жұмыс жасағанда мына ерекшеліктерге мән беру керек: шыны ыдыс - мөлдір, ағаш астау - жұмсақ, темір ыдыс - қатты, осындай әр түрлі материалдардың қасиеттеріне байланысты түстік бояуды дұрыс қолдана білу оқушының шығармашылық жұмыс істеуін айқындайды. Заттың мөлдірлігі мен жылтыр болуы таза түстің бояуымен жұмыс жасауды қажет етеді, ал заттың тығыз, салмақты болуы күрделі қою бояулар арқылы шешім табуға жетелейді. Оқушылар натюрморт орындауда өздерін күнделікті үйреншікті жұмыс істеуімен шектемей, тақырып бойынша қомақты шығармашылық ізденуден туындаған натюрмортты орындауға көшу керек. Мысалы: Т. Тоғысбаевтың«Асхана»атты интерьер көрінісінде орындалған натюрмортына назар аударып көрейікші. Қарама - қайшы ашық түстер мен бейнеленген бұйымдар мен заттардан ұлттық нақышты байқай аламыз. Қазақ халқының қонақжайлылығын меңзейтін дөңгелек дастарханы жайлып, көрпесі төселіп, қонақ күтіп тұрғандай көрініс береді. Алдындағы қуыршақ балғын баланың тәтті өмірін елестетсе, артқы фонда ас әзірлеген ана бейнеленген. Терезеден дала тіршілігімен тағдырлас әке бейнесі көзге елестейді. Мұның бәрін біртұтас дәмдес ететін дастархан екені сөзсіз.
Нәрсеге қарап салумен қатар, есте сақтап жатқа салу мәселелеріне ерекше назар аудару керек.
ІІІ. Қорытынды.
Өз еңбегіне шығармашылық тұрғыдан қарай алатын оқушы жауапты жұмыс жасауға үйренеді. Оқушының шығармашылық белсенділік көрсетіп, жұмыс жасауы даму ерекшелігін байқатады. Өнерді терең қабылдау үшін ең алдымен оны сүйе білу, оған деген қажеттілікті сезіну, оған енжар көз тастамай, қызу зейін қою керек. Көркем шығарманы жан - жақты түсіну, оның мәніне терең бойлай ену үшін асықпау керек.
Бейнелеу өнерін меңгеру - мұның өзі де білім мен дағдыларға ие болу.
Мен атақты суретші болғанды ұнатамын. Атақты суретшілердің суреттеріне қызыға қараймын. Және де сол ұлы тұлғалардың қатарына жетуді мақсат етемін.
Алғашқы суреттерімді мен бала - бақшада жүргенде сала бастадым. Кішкентайымнан суретке ерекше икемді болдым. Бос уақытымның көп бөлігін сурет салумен өткіземін. Кішкентайымнан бойымда есте сақтау қабілетім бар, қиялға бой беру сынды нағыз суретшілерге тән қасиеттерім де өз әкеме байқалады екен. Сондықтан болашақта жақсы, атақты суретшілер сынды суретші болатыныма сенімдімін. Зерттеу жұмысының тақырыбын да таңдаудағы мақсатым осы.
Менің алғашқы туындыларым ол мектепке дейінгі кезеңдерден келеді.
Бала - бақшаға барған кезеңнен мен қолыма қылқаламымды алып сурет салғанмын. Оны міне алдарыңызға алып келіп отырмын.
Одан соң алғаш 1 - ші сыныпқа келген сәттерімде живопись үйірмесінен тәлім берген апайымның көмегімен көптеген суреттер салдым. Ол суреттерімнің ерекше тақырыптары болатын. Суреттерім әр түрлі мектептегі мерекелерде жүлделі орындарға ие болды. Мысалы: «Тілдер туралы мерекеде» салған суретім үздік деп танылып ІІ - ші орынға ие болды. Сонымен қатар көптеген суреттерім республикалық «Айгөлек» атты балаларға арналған журналдың редакциясына жіберілді. Бұйырса алдыңғы айларда шығады деген сенімдемін.
Сурет салудың сырлары
- Нуршат
- 2 қараша 2013
- 33512
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сурет салудың сырлары, сурет сабағы
Ұқсас жаңалықтар:
Өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері
Сабақтың тақырыбы: Өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері. Портрет, пейзаж, натюрморт, тұрмыстық, тарихи анималистік жанрлар....Оқу құралдарымен жұмыс істеу (жылы және салқын түстер, натюрморт орындау ер ...
КарПИ Жарық жалпы білім беру мектебінің бейнелеу өнерінің мұғалімі Тусупбеков Көмекбай Сейтжанулы...Затқа қарап бейнелеу (натюрморт)
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі Мамбетқұлова Жанат Талғатқызы...Затқа қарап сурет салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі: Жумагалиева Бактыгул Зейновна...Натюрморт жанры
Жезқазған қаласындағы №10 орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Шалмағамбетова Гаухар Мейрамовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.