Сабақтың мақсаты:
1. Жұрнақ пен жалғауды пысықтау. Түбір сөзге жұрнақта, жалғауда жалғана беретінін түсіндіру.
2. Сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы оқушыларды шығармашылыққа баули отырып,
ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
Таным мүмкіндігін анықтау.
3. Бірін - бірі тыңдауға, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: карта, тірек - сызба, суреттер, слайдтар.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
- Бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек.
- Балалар еліміздің Астана, Алматы қалаларында не өтіп жатыр?
Бүгінгі сабағымыз Азиада ойындарына арналмақ. Олимпиада алауының еліміздің оңтүстік, батыс, солтүстік, шығыс өңірлеріндегі қалалары арқылы Астанаға жеткізілуін тапсырмалар орындау арқылы саяхат жасаймыз.
Саяхатқа дайындығымызды тексерейік.
Көңіл - күйлерің қалай?
- Керемет (қолын көтереді)
- Сабаққа дайындығымыз қалай?
- Тамаша (шапалақтайды)
- Ынтаңыз ше?
- Ғажап (алақандарын тигізеді)
- Ендеше бастайық
- о – о - о (басбармақтарын көрсету)
1 - тапсырма. «Ұшақ» құрастыру ойынын ойнаймыз.
1. Түбір дегеніміз не?
2. Қосымша нешеге бөлінеді?
3. Жұрнақ пен жалғаудың анықтамасын айт.
- Жақсы балалар осы ұшақ арқылы Эль - Кувейттен 11-ші қаңтарда алау оты Алматыға жеткізілді.
- Эль - Кувейт Қазақстанның қаласы ма? (қысқаша айту).
ІІ Жаңа сабақ:
1. Күннің жадын жазу. Жаттығу жұмысы.
2. Көркем жазу. Алау барыс Азиада
2 - тапсырма. Оңтүстік өңірдің қалалары: Алматыдан Тараз, Шымкент, Қызылордаға жеткізу үшін оқулықтағы 350 - жаттығуды орындаймыз.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлең кім туралы?
2. Сөздік жұмыс. Шекарашы - шекара күзетшісі.
3. Шекарашы, сақшысы сөзін сөз құрамына талда.
3 - тапсырма. Батыс өңірдің қалалары: Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбеге жеткізу үшін 351 - жаттығуды орындаймыз.
1. Мақалды жатқа жазу. Мағынасын ашу.
2. Алғашқы екі жолындағы сөздерден жұрнақ пен жалғауды тиісті белгімен белгіле.
Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең.
4 - тапсырма. Солтүстік өңірдің қалалары: Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Павлодарға жеткізу үшін 351 - жаттығуды орындаймыз.
1. Баян сабаққа әзірленді. Мұғалім сыныпқа кірді.
2. Жалғаулар сөйлемде қандай қызмет атқарады?
5 - тапсырма. Шығыс өңірдің қаласы Өскеменге жеткізу үшін «Сергіту сәті»
6 - тапсырма. Талдықорғанға жеткізу үшін. «Сөз құра» ойынын ойнаймыз. Бұл ойынға бәріміз қатысамыз.
Өз бетімен жұмыс.
7 - тапсырма. Қарағанды, Теміртау қалаларына жеткізу үшін «Пікір ағашын» толтырамыз.
Жұрнақ - сөз мағынасын өзгертеді, жаңа сөз жасайды, сөзді түрлендіреді.
Жалғау – сөз бен сөзді байланыстырады, жұрнақтан соң жалғанады.
8 - тапсырма. Астанаға жеткізу үшін ребус шешейік. (Азиада)
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсырма: 354 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрату.
Жұрнақ пен жалғауды пысықтау
- Бейбитова
- 5 қазан 2013
- 7615
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жұрнақ пен жалғауды пысықтау, бастауыш сынып сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы ұғымдарын тереңдете түсу. Сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру. Сөзге қосымшаны дұрыс жалғай білуге...Жұрнақ және жалғау
Жамбыл облысы,Байзақ ауданы, Мырзатай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джантаева Кулзахира Магзымбековна...Жұрнақ пен жалғау
Мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін қалыптастырып, бір - бірінен ажырата білуге дағдыландырып, ой – өріс қиялын дамыту және сонымен қатар..."Жұрнақ пен жалғау" ашық сабақ
Ақтөбе облысы. Темір ауданы Бабатай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әкімғалиева Ағарыс Кәдірқызы...Сөз және оның құрамы
Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Элеонора Дузжасаровна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.