Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушыларға түбір сөздегі дауыстылардың жуан не жіңішке болып келуіне орай оған жалғанатын қосымшалардың да жуан не жіңішке болып жалғанатынын байқату. Сауатты жазуға үйрету.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, мәтінді талдау, тапсырмалар мен сұрақтар арқылы танымдық, шығармашылық қабілетін байқау, оқулықта берілген жаттығуларды өз беттерімен орындау, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазуға үйрету арқылы ой - өрісін дамыту.
3. Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, белсенділікке, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сызбанұсқалар, үлестірмелер, плакаттар, мазмұнды суреттер, интерактивті тақта, оқулық т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды түсіндіру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойын, шығармашылық тапсырмалар, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары т. б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушы назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру. 11 - жаттығу.
3. Жаңа сабақ. «Кім жылдам?»ойыны
Ойынның шарты – берілген сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап сөйлем құрау.
Мысалы: Балалар алаң жүр.
- Сөйлем дұрыс болу үшін не істейміз?
- Ол үшін алаң сөзіне – да жалғауын жалғаймыз. Сонда «Балалар алаңда жүр» деген сөйлем шығады.
- Осы ретпен «Айнұр мектепке келді. Кеше тауға барды» деген тәрізді бірнеше сөйлем құрастырылып, түбір сөзге қосылған неліктен солай жалғанғанына назар аударылады. Бұл тұста түбір сөздегі дауысты дыбыс қандай болса, қосымшада сондай дауысты дыбыстан болатыны оқушыларға түсіндіріледі.
4. Оқулықпен жұмыс:
13 - жаттығу. Берілген сөздерді буынға бөліп көшіріп жазып, соңғы буындағы дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке екенін айту.
Үлгі: Дос – тық, е - тік - ші, т. б.
5. Топтық жұмыс.
Санау арқылы топқа бөлу.
1 - топ. «Білгіштер» 14 - жаттығу. Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді бағанның оң жағына, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді бағанның сол жағына көшіріп жаз.
2 - топ. «Тапқырлар» Өлеңді оқып, жатқа жазыңдар.
Кім сүймейді атасын,
Асқар таудай көрінген.
Бөбекке айтар батасын,
Жаттап алған едім мен.
- Қарамен жазылған сөздерге жалғанған буындар қандай буын екенін және себебін айт.
- Өлеңнің мағынасын түсіндір.
3 - топ. «Алғырлар» Берілген сурет бойынша сөйлем құрап жазу.
6. Ұжымдық жұмыс.
15 - жаттығу. Жатқа жазу. Шарты бойынша жаттығуды орындау. Дәлелдеу.
Көркем жазу.
16 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, жіңішке қосымша жалғанған сөздердің астын - бір. жуан қосымша жалғанған сөздердің астын екі сызу.
Құрамында жуан. Жіңішке буын аралас келетін сөздердің де болатынын айтып түсіндіру.
17 - жаттығу. Ұжымдық жұмыс. Сөздерге қосылған буындардың неліктен жуан. Неліктен жіңішке екенін дәлелдеу.
7. «Ой қозғау» әдісі
17 - жаттығу. Ребус шешу. Шешуі: достық. Достық деген сөзді тақырып етіп алып, әңгіме жазу.
8. Жинақтау. Үлестірмелермен жұмыс.
№1. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жаз.
Неліктен сол қосымшаны жалғағаныңды түсіндір.
Ақыл – жас..., асыл тас...,
№2 Берілген сөздерді буынға бөліп жаз. Әр буындағы дауысты дыбыстың жуан не жіңішке екенін айт.
Өнерлі, өнерпаз, көкжиекте, шаңырақтың.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
№3 Түбір сөздерге тиісті жалғауларды теріп жаз.
құрылыс... - тер
аң... - шы
көбелек... – дар
- Сонымен, балалар, қазақ тіліндегі сөздердің біріңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келу себебі неде екен?
- Оның себебі: түбір сөздің соңғы буынында жуан дауысты дыбыс болса, оған жалғанатын қосымша да жуан, жіңішке болса, қосымша да жіңішке болып жалғанады.
8. Үйге тапсырма: 18 - жаттығу.
9. Бағалау.
Буын үндестігі
- Ақөрік
- 1 шілде 2013
- 31509
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, қазақ тілі 4 - сынып, буын үндестігі, сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Түбір мен қосымшаның жазылуы
Сабақтың мақсаты: 1) білімділік: оқушылардың түбір мен қосымша туралы білімдерін кеңейту. Сөздердің түбірін қосымшаларынан ажырата алуын дамыту....Фонетика. Дауысты дыбыстар
Тіл дыбыстары және олардың жіктелуін меңгерту, жаттығу жұмыстары арқылы дауысты дыбыстарды ажырату. Сынып оқушыларын ұйымшылдыққа, бірлесе жұмыс...Дыбыс және әріп
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп Сабақтың мақсаты: Тиянақты білім беру дағдысын берік орнықтыру; оқушыларға дыбыс туралы, оның түрлері, жіктелуі,...Жуан дауыстылар. Ақ бұзау
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жуан дауыстылар туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен жуан дауыстыларды таба білуге үйрету. Төрт түлік туралы мағлұмат...Әке мен бала
Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы №26 мектеп-гимназиясының, бастауыш сынып мұғалімі Қабенова Тәттігүл Кәкенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.