Тақырыбы: Құштарлық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға кітаптың шығу тарихы, жасалу жолы туралы, ғұламалар, сонымен қатар Ж.Аймауытовтың шығармалары туралы оқушыларға білім беру.
Тәрбиелік: оқушыларға кітапты күте білуге, таза, ұқыпты ұстауға, кітапқа құштарлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: өз ойын ашық білдіруге, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденісін арттыруға дағдыландыру.
Сабақтың технологиясы: ДОТ элементтері
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдіс - тәсілі: көрнекілік әдіс, сұрақ - жауап әдіс, әңгімелесу әдіс, сөздік әдіс.
Сабақтың көрнекілігі: ғұламалар суреті, кітап, сөзжасам, білім елі, сөздік, кітаптар көрмесі.
Сабаққа пайдаланылатын әдебиеттер:
1.«Әдебиеттік оқу» 2 - сынып, Алматы кітап 2009, Б. И. Иманбекова
2. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі
Астана «Фолиант», 2007. Р. Ж. Тұрдалиева
3. Қазақ тілін оқыту методикасы Ана тілі, 1991ж. С. Рахметова
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралдарын дайындатып, назарларын сабаққа аудару.
Сабақтың мақсат - міндетін қою:
Түсіндіру, әңгімелесу әдісі;
Түрлі мақсатқа жету.
Түрлі мақсат: Білімділер еліне жету.
Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)
Қуанасын сен де, (жанындағы досын көрсетеді)
Қуанайық, достарым, (бір - бірінің қолдарынан ұстайды)
Арайлап атқан күнге!(қолдарын жоғары көтереді)
Танымдық операцияналдық кезең
II. Үй тапсырмасын сұрау
Ойын: «Білімділер еліне саяхат»
Шарты: «Білімділер еліне» барар жолдағы бірнеше ауылдарға соғып, ол ауылдағы ғұламалардың қойған сұрақтарына оқушылар жауап беруі тиіс.
Жүргізу ережесі: Балалар бүгін біз Тапқышбекке «Білімділер еліне» баруғв көмектесейік. Бірақ барар жолда ауылдар кездеседі. ол ауылдарда ғұламалар өмір сүреді. Біз «Білімділер еліне» жету үшін ғұламаларың тапсырмаларын орындауымыз керек.
- Балалар, Тапқышбекке көмектесеміз бе?
- Иә.
- Жарайсыңдар! Олай болса барлығыңа іске сәт!
Абай ауылының тапсырмасы:
«Керемет баға» мәтіні бойынша түсінік айт.
Ыбырай ауылының тапсырмасы:
Айжарық неге көңілді болды?
Айжарықтың орнында болсаң не істер едің?
Мәтін неліктен «Керемет баға» деп аталған?
Ахмет ауылының тапсырмасы:
«Керемет баға» туралы эссе оқу.
Әбу Насыр Әл - Фараби ауылының тапсырмасы:
«Сөз сиқырын ұғайық» өлеңін оқы
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл болу себебі неде?
- Жарайсыңдар, балалар! Сендер үй тапсырмасына ұқыпты, тиянақты дайындалып келгендеріңнің арқасында Тапқышбек «Білімділер еліне» жетті.
Балалар көмектескеніміз үшін Тапқышбектің сендерге бере сыйлығы бар екен. Тапқышбек бізге білген білімімізді әрі қарай жетілдіріп, ақылды да білімді болу үшін «Кітап» сыйға беріп кетті.
III. Жаңа сабақ
- Иә, балалар, бүгінгі өтетін сабағымыз кітапа байланысты болмақ. Балалар, кітап туралы не білеміз?
Кітап
- Дұрыс айтасыңдар! Кітап алғашқы кезде ежелгі Мысырда, Шығыс елдерінде,
Грецияда тақта тастарға жазумен басталған. Ал кейін келе кітаптарды ағаштардан яғни, ағаштарды цехта өңдеу арқылы жасаған. Бірақ цехта тек парақшалары ғана дайын болған. Ал кітап жасау үшін көптеген ғұламалар өз еңбектерін сіңірген. Сондай - ақ бүгін біз кітапқа еңбегі сіңген ұлы ғұламалардың бірі - Ж. Аймауытовтың «Құштарлық»әңгімесімен танысамыз. Балалар Ж. Аймауытов туралы не білеміз?
драматург аудармашы
Ж. Аймауытов
зерттеуші жазушы
Автор туралы мәлімет беру.
Сергіту сәті
Ал балалар тұрайық,
Алақанды соғайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Орнымызды табайық. (Оқушылар қимыл - қозғалыс арқылы көрсетеді)
Оқулықпен жұмыс
1. Мәтінді өзім мәнерлеп оқып беріп, мазмұнын түсіндірдім.
2. Оқушыларға іштей оқыттым.
3. Сынып ішіндегі жақсы оқитын оқушыларға тізбектей оқыттым.
4. Оқушыларға мәтін желісі бойынша сұрақтар қойдым.(Жақсы жауап берген оқушылар «Кітап» бағалау фишкасы таратылды).
- Қартқожаны не нәрсе қуантты?
- Ол өзіне қандай серт берді?
- Құштарлық дегенді қалай түсінесің?
Сөздік жұмыс.
Көзі жайнап - қуанып.
Қаңтарып тұсап - аттың басын көтере байлау.
Мидай жазық - айдала.
Есіл дерті - бар ойы, зейіні.
Тапсырмалар бойынша жұмыс жасау
1. Мәтін мазмұнына сай мақал айтқызу.(яғни кітапқа байланысты)
2. Қартқожаның оқыған кітабының мазмұны жөнінде өз ойларын айтқызу.
Дәптермен жұмыс
Оқушыларға сөздік жұмысындағы сөздер мен мақалдарды дәптеріне жазғыздым.
Қорытынды рефлексия кезең
IV. Сабақты бекіту.
Ойын: «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Мақсаты: оқушының ойау қабілетін, шапшаңдығын дамыту.
- Балалар, мен тақтаға «Сөзжасам» ілемін. Ал сендер шашылып орналасқан әріптерден әртүрлі сөздер құрастырыңдар.
Мұғалім түйіндемесі: оқушылардың сөздік қорлары молайды. Кітап туралы оқушыларда термин қалыптастырды.
V. Сабақты бағалау.
Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау жинаған «кітап» фишкасы арқылы:
Қызыл түсті «5»
Жасыл түсті «4»
Сары түсті «3»
VI. Үй тапсырмасы.
Теориялық: Мәтінді түсініп оқып келу.
Шығармашылық:
1. Кітапқа байланысты мақал, жұмбақтар азу.
2. Ж. Аймауытов туралы реферат.
Құштарлық
- Гү
- 9 мам 2013
- 6986
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, сабақ жоспары, Ж.Аймауытов
Ұқсас жаңалықтар:
Кітап туралы мақал-мәтелдер
Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол. Кітап - алтын қазына....Кітапты күте білесің бе?
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Кітапқа байланысты сөздік қорын байыту. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін ажырата білгізу. Дамытушылық: Оқушылардың...Кітап қайдан шығады?
Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосы, Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Утенова Қалия Ғинаятқызы...Кітап дүкенінде. Кітап оқу - өнер
Қарағанды қаласы, №20 орта мектебі, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Асанова Гульмира Сейсембаевна Сабақтың мақсаты: Білімділік – кітап туралы...Әдебиеттік оқу "Адамның досы" 2- сынып
Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Әдебиеттік оқу 2-сынып Тақырып: Адамның досы Сабақтың мақсаты:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.