Балақан өсіру - балапан өсіру емес
Жанұя – қоғамның ең маңызды тобы, бірлестігі.
Жас баланы жанұяда тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім - тәрбиелердің, төлтума халық педагогикасының орны зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана сезім, қадір - қасиет, ар - ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік, қайырымдылық және т. б. жататыны, олардың өмірдегі маңызы сараланады. Жанұяда жас баланы ерлікке, жігерлікке, батылдық пен батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің орны ерекше.
Жанұяда, әсіресе, ата - ананың, туған - туысының айтқан сөздері, қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар, саяси - әлеуметтік өмірдегі өзгерістер жөнінде оларға айтқан пікірлерді, қабылданып жатқан шешімдерге берген бағаларды жас бала арнайы тыңдап, мән бермегенімен, ойын арасында естігенін біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Жанұяда негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналуы мүмкін.
Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру - Балапан ұшыру емес» деген мақал – мәтелдерден көруге болады. Ал «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Ұлың өссе - ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе - қызы жақсымен ауылдас бол» мақалдары халықтың бала тәрбиесіне, оның қалай өсіп - өнуіне, болашағына үлкен көңіл бөлгендігі байқалады. Яғни, бала ата - анаға, өскен ортаға қарап тәлім алады.
Баланың адам ретіндегі қалыптасуында тәрбиенің негізі ата - анадан деп есептегенмен, жүрген ортаның, ағайын - туыстың, жора - жолдастың, ең әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас. Бұлардың бәрін ержетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласақ, көгеріп, көркейіп өскен жастың жанына азық, қуат, өнеге беретін аялы алтын діңгегі - әке – шешесі.
Ата – ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың тәрбиелік мәні бар. Атақты, белгілі педагогтардың ойларыңша, жанұядағы ата - ананың тәрбиелік жұмыстары өз - өздерін тәрбиелеу. Олай болса, әрбір ата - анаға, біріншіден, баламен қарым - қатынаста жетекшілік ету керек.
Ата - ананың балаға деген махаббаты - әрбір азаматтың Отанға, досқа, туыстарға деген махаббатының жетекшісі, көшбасшысы деп түсінуге болады. Өмірдегі небір сырлы махаббаттар ата - ананың балаға деген мейірім махаббатынан тараған. Сол ата - ананың өзі еккен махаббаты қартайғанша тозбай, ондай ата - ана өткен өміріне өкінбей, еңбегінің жанғанына риза болады.
Ата - ана балаға өз басының жақсы қасиеттерімен, спорт жүлдегерлерінің, жақсы көршілердің, тәрбиелі жандардың да жетістігін дер кезінде айтып, соған қызықтыра білгені де дұрыс.
Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шеге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
Жанұяда балалардың тәрбие барысында табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мына мәселелер жатады:
1. Жанұяның этникалық құрамы және құрылымы: толық, емес жанұя, бір балалы, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық жанұя.
2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: жанұя мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіпшілік құрамы, бюджеті, жалпы материалды әл - ауқаты, ауылдық және қалалық жанұя.
3. Жанұяның мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн режимі, демалыс және оның нысаналары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысуы, жанұяның дәстүрлік мерекелері т. б.
4. Жанұяның ішкі қатынастары: жанұя микроклиматының сипаттамасы, жанұядағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, оның мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы, жауапкершілігі.
5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысты.
6. Жанұяның тәрбиелік жағдайы: жанұя тәрбиесінде қолданылған әдістер ата - аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Қорыта келе, жанұя тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата - ана борышы. Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік, әдеп - инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата - анасын жан - жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым - қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.
Балақан өсіру - балапан өсіру емес
- Гү
- 18 сәуір 2013
- 6428
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, балақан өсіру, балапан өсіру емес, жанұя
Ұқсас жаңалықтар:
Ата-аналармен жұмыс жүргізу жолдары
Мақсаты: Балабақшамен ата - ана арасындағы қарым - қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата - ананың ықпалын арттыру. Бала тәрбиесінде ата -...Ана отбасы - ұйытқысы
Мақсаты: Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Көрнекіліктері: Тақырып,...Баланың бас ұстазы - ата-ана
Баланың бас ұстазы - ата - ана «Баланы әуелі мейір - шапағатқа, Онан соң ақыл - парасатқа, ақырында Еңбек пен ғылымға баулуы» Халық даналығы Баланың...Мен және жанұям (тренинг сабақ)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 мектептің педагог-психологы Әбіл Гүлназ Базаралықызы...«Мен отбасыммен мақтанамын» атты өнегелі отбасыларының жастарымен кездесу к ...
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы орта мектебінің педагог - психологі Әбіл Гүлназ Базаралықызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.