Сыныбы: 2 - сынып
Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер
Мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін кеңейту, адамға кім? кімдер?, жануарлар мен заттарға не? нелер? сұрақтары қойылатынын еске түсіру;
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдықққа, топпен бірлесе жұмыс жасап, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу, мамандық иелеріне деген құрмет пен алғыс сезімдерін ояту;
Дамытушылық: Заттың атын білдіретін сөздерді ажырата алу біліктерін, танымдық қабілеттерін, сауаттылықтарын және көркем жазу дағдыларын дамыту; Оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін, ой - өрісін дамыту, түрлі тапсырмаларды орындау барысында іскерлік, танымдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға машықтандыру.
Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақтың технологиясы: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ - жауап, ой қозғау, салыстыру, талдау - жинақтау, ойын, топтау
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе - қызығушылық кезеңі
1. Амандасу
2. Оқушыларды және құрал - жабдықтарын түгендеу
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
4. Оқушыларды топқа бөлу, топ аты мен басшысын тағайындау.
5. Сабақтың мақсат - міндетін түсіндіру: сабақ өтілу формасы – ұжымдық және топтық екенін түсіндіру.
ІІ. Танымдық - операционалдық кезең
Күннің ретін жазу
Көркем жазу минуты: бота
Тірек білімдерін жетілдіру
І. Заттың атын білдіретін сөздер туралы не білеміз?
Интерактивті тақтада сюжетті сурет көрсетіледі. Сол суреттен оқушылар бұрын алынған білім негізге ала отырып, заттың атын білдіретін сөздер тауып айтады. (Жұмыс формасы - ұжымдық)
Қателер болса жөнделеді, түзетулер мен толықтырулар енгізіледі.
ІІ. Заттың атын білдіретін сөздерді тауып оқы:
Орман, күлді, жасыл, қалақ, сұлу, мектептер, үшінші, әжелер, ойнады, көше, санау, тас, бес. (Интерактивті тақтадан көрсету).(Жұмыс формасы - жеке)
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу. Көп нүктенің орнына мамандықты білдіретін сөздерді тауып жаз. Ол үшін не? деген сұраққа жауап беретін сөздердің мағынасына сүйен. (Жұмыс формасы - ұжымдық )
Не? Кім?
Қой қойшы
Ұшақ ұшқыш
Көмір кенші
Қылқалам суретші
Машина жүргізуші
Кітап кітапханашы
Сабақтың тәрбиелік мәні: мамандық иелеріне деген құрмет пен алғыс сезімдерін ояту.
Сергіту сәті
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Әдемі етіп жазамыз
Күнде бестік аламыз.
ІҮ. Деңгейлік тапсырмалар: (Жұмыс формасы – жеке )
І деңгей – Артық сөзді тап: Жаңбыр, бұршақ, ойын, боран.
ІІ деңгей – Сөздерден сөйлем құрап жаз: Болат, оқиды, жақсы, сабақты.
ІІІ деңгей – Сәйкестендір: гүл тәтті
алма хош иісті
Айман қызықты
кітап ақылды
2 – жаттығу. Мәтінді оқы.(Жұмыс формасы – ұжымдық )
Күздің басында күн суыта бастайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жапырақтар сарғаяды. Шөп солады. Диқан егінін орады. Бақшада көкөністер жиналады. Бақта жемістер піседі. Адамдар жемістерді жинайды.
Заттың атын білдіретін сөздерді теріп жаз:
Кім? – диқан.
Не? – күн, шөп.
Кімдер? – адамдар.
Нелер? – құстар, жапырақтар, көкөністер, жемістер.
ІІІ. Қорытынды - рефлексия кезеңі
1. «Ойлан, тап» ойыны
Әр топқа әріптер беріледі. Топ мүшелері тізбектей сол әріптен басталатын заттың атын білдіретін сөздер жазады. Уақыты – 1 минут. (Жұмыс формасы – топтық )
1 – топ: Ш
2 – топ: Б
3 – топ: П
2. Семантикалық кесте толтыру (Жұмыс түрі - жеке)
Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Жапырақтар
Жылы
Сауысқан
Орманшы
Ойланды
Табиғат
Арбалар
Елуінші
Інілер
3. «Мен саған, сен маған» әдісі: топ басшылары заттың атын білдіретін үш сөз жазады, келесі топ басшысы сол сөздің ішіндегі бір сөзге дыбыстық талдау жасайды. (Жұмыс түрі – жеке )
4. Мақалдың мәнін ашу: Бақа көлінде – патша,
Балық суында – патша,
Ер жігіт елінде – патша.
5. Бағалау
Фишкалар арқылы бағалау
Үй тапсырмасын беру
3 - жаттығу
Ереже жаттау
Заттың атын білдіретін сөздер
- Гү
- 14 сәуір 2013
- 27245
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, заттың атын білдіретін сөздер
Ұқсас жаңалықтар:
Сөз таптары 2 сынып
Сабақтың мақсаты: Сөз табы ұғымымен таныстыру және сөз таптары туралы түсінік беру....Алты түлкі. Заттың санын білдіретін сөздер
Павлодар қаласы, №33 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Олжаева М. О...Не қылды? Қайтті? сұрағына жауап беретін сөздер. Ара адамды неге шағады?
Бастауыш сынып мұғалімі Жаннат Сандибаева...Баланың тапқырлығы. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Қысқа мерзімді жоспар (Блум таксономиясы бойынша құрылған) Ана тілі (1 - сынып) Тақырыбы:Баланың тапқырлығы. Заттың қимылын білдіретін сөздер.у....Заттың қимылын білдіретін сөздер
Сабақтың мақсаттары: Білімділігі: Заттың қимылын білдіретін сөздер оның сөйлемде атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Заттың атын білдіретін...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.