Сайтқа кіру Тіркелу

Табиғатты аяла да бағала

Тақырыбы: Табиғатты аяла да бағала
Мақсаты: 1. Табиғатты қастерлеу, жасыл даланың көркемдігін сақтау, табиғатқа жанашырлықпен қарау, оқушыларды табиғатты қорғауға, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
2. Оқушының тілін, ойын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекілікті: интерактивтік тақта, табиғат туралы суреттер, нақыл сөздер, балалар шығармасы.
Жүру барысы (музыка ойнап тұрады).
Кіріспе сөз. Мұғалім: Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген. Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «әулие - бұлақ», «әулие - ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т. б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.
1 - оқушы: Аманғали
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің.
2 - оқушы: Ақгүлім. Иә, туған жер, өскен ел жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар, аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.
3 - оқушы: Аружан. Табиғат - адам баласынын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы орта.
4 - оқушы: Рысбек. Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлем. Табиғат - әлем денсаулығының сақшысы, жаңға дауа шипагер.
Кең дала көремісің сонау жатқан
Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.
Асқар тау, айдын шалқар, көл, өзен,
Әке, сол анам еді мені туған.
5 - оқушы: Айдос. Табиғаттың басты байлығы - жер. «Күте білсең, жер - жомарт» деген халық мақалы тектен - текке айтылмаған. Жер бетіндегі тіршілік атауы қоректік нәрді топырақтан алады.
Топырақтан өмір исі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесінен беретін.
Жақсылықта топырақтан шығады.
6 - оқушы: Ақжол. Тіршілік атаулының өмірлік өзегі, арманы - таза ауа.
Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
7 - оқушы: Жанарыс. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі - су. Су - адамзаттың тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Су – адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.
Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе?
8 - оқушы: Диас. Табиғат - ол өсімдік. Өсімдік - бүл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл - жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда тамақ, шөлдегенде - сусын, ыстықта көлеңке сая, суықта пана, ауырғанда - дәрі, ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі - гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті - жасыл - желек орман.
9 - оқушы: Назерке. Табиғат – ол жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, ән мен сәннің иесі - бұлбұл, орман - тоғай емшілері - тоқылдақ болса, дала ажары - ақ бөкен.
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақбөкенді,
Адамның баласынан кем көрмедім. ( Сәкен Сейфуллин)
10 - оқушы: Бейбарыс. Ал, су аруы - аққу. Аққу табиғатымыздың сәні емес пе?
Аққулар, аққулар мойын сүмбе қанат,
Алансыз тарануда күнге қарап.
Тарақ етіп тұмсығымен тарайды кеп,
Тарайды кеп, тарайды қауырсынын.
Аққулар, аққу мойын сүмбе қанат.
Көрініс.
(Мылтық асылған аңшы жан - жағына қарайды, ұшып келе жатқан 2 аққуды көреді де біреуін атады. Тосыннан бір адам шығады).
- Ей, кімсің?
- Тірісің бе? Жаның бар ма?
- Аққуды неге атасың, арың бар ма?
- Таста қаруыңды!
- Кел бері, кеудеңде жаның бар ма?
- (екінші адам) Тиме аққуға!
- Мендейлердің атын ал, түйесін ал.
- Тиме аққуға! Аққудың иесі бар.
- Мендейлердің затың ал, биесін ал.
- Тиме аққуға! Аққудың киесі бар.(Аққуды көтеріп алып кетеді).
(бірінші адам) Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалқып.
Құшақтап бір өзіңді туған далам,
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
11 - оқушы: Дамир. Табиғат сенде бәрі ортақ,
Аспаның, күнің, айында.
Тегінде жаның жомарт – ақ,
Ізгілік жатыр бойында
12 - оқушы: Айсана. Табиғат қызығам сенің суретіне,
Бас ием сенің құдіретіне.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып.
Тұтқасы тіршіліктің бетінде.
Мұғалім сөзі: Сонымен біз табиғат туралы білгенімізді, білетінімізді ортаға салдық.
Енді табиғатты қалай қорғап қаламыз?
Осы төңірегінде ой қозғасақ
Ой - қозғау. Қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған келелі де, күрделі де мәселелердің бірі – табиғат ананы қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдаланып, кейінгі ұрпаққа қалдыру. Халқымыз ата заманнан бері жерін, суын қадірлеп, қасиет тұтқан. Кейінгі ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбиелік мұрағат боларлық мына жолдарды есте сақтайық.
Сұраусыз суын бұзғызбай – суын қорғаған.
Жөнсіз жерін жыртқызбай – жерін қорғаған.
Көк майса шөбін таптатпай – шөбін қорғаған.
Ұшқан құс, жүгірген аң, жыбырлаған жәндігінің берекесін
кетірмей – жануарларын қорғаған.
Ал, біз болашақ ұрпақ табиғатты қалай қорғап, сақтап қаламыз?
-«Бір ағаш кессең, он ағаш ек» - «Жасыл ел» бағдарламасына ат салысамыз.
-«Судың да сұрауы бар»- суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз, ластамаймыз.
- Орман, тоғайды, бақтарды күл - қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.
- Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.
Табиғатқа байланысты қандай ырымдар мен тыйымдар сөздерді білесіңдер?
Ұя бұзба
Суға түкірме
Жас шыбықты кеспе
Құмырсқаның илеуін бұзба
Аққуды атпа
13 - оқушы: Райымбек. Табиғат - адам баласының дүниеге келтірген аяулы - ана, бүкіл тіршілік атауының алтын үясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өніп - өсер мекені.
Табиғатты сүйіңдер
Сүю үшін біліңдер.
Қамқорлық жасау жолында
Жанды салып күйіңдер.
Апаттан оны сақтандар
Ебін тауып баптаңдар.
Шығармашылық жұмыс:
- Егер сен ақын болсаң, оңда...
- Егер сен суретші болсаң...
- Егер табиғатқа тіл бітсе... деген тақырыптарға өз ойларыңызды ортаға салайық. Мен қазір алғашқы жағын бастаймын сендер жалғастырасыздар.
- Егер сен ақын болсаң, оңда...
- Егер мен ақын болсам, табиғат, табиғат сұлулығын түсіне білуге, қорғай білуге үйрететін, табиғат ананы қорғауға шақыратын өлеңдер жазар едім.
- Егер сен суретші болсаң...
- Егер мен суретші болсам, жиі өртеніп, құрып бара жатқан орман даланы, ластанған ауа, бүлінген жеріміздің кескінін суреттер едім. Адамдарға ой салып табиғатты қорғауға шақырар едім.
14 - оқушы: Альбина. 2030 - дың барысының
Еш нәрседен саспайтын арысымыз.
Өркениетті елімізді гүлдендіреміз
Алға қойған негізгі парызымыз.
Бәрі хормен:
Табиғаттың панасымыз -
Түйіп айтар сөзіміз.
Табиғаттың панасы -
Біздің м ына өзіміз.
Қорытынды:
Ертеден қалған өсиет сөздерде «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр – жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр» деген сөздерде өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрпағыңа өлмейтін мұра қалдыр, сонда «сенің қолдан көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің – шырағың, ал жасыл орман – құнарың болмақ» деп өсиет қалдырған.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×