Математика
Тақырыбы: Бекіту жаттығулары
Сабақтың мақсаты: Көп таңбалы санды үш таңбалы санға бөлу, көбейту, амалдарына есептеу дағдысын қалыптастыру, оқушылардың білімін тексеру.
Сабақтың типі: Саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Жыл мезгілдерінің атаулары,(қыс, көктем, жаз, күз), аққала макеті, қайық, балықтар, өзен, ағаш, құстар суреттері, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатын хабарлау.
2. Табиғат мезгіліне саяхат.
А) Қыс мезгілі. Аққала жасау керек.
Төменгі бөлігі: 21760: 32
Ортасы: 14112: 28
Басы: 7872: 123
Шелегі: 71400: 204
Ілгегі: 43722: 347, 17150: 175
Ә) Көктем мезгілі.
Көктемде бірнеше бала жиналып, тақтайдан қайық жасап суға жібермекші болады. Олардың тақтайының ұзындығы 265 см. Тақтайды 25 см-ден бөліктерге бөліп қиды. Қанша бөлік алынды? Ұзындығы қандай тақтай қалды?
(Қайық суретін көрсету ).
Б) Жаз мезгілі. «Балық аулау» ойыны.
Өзенде мынадай өрнектер тұр.
6548*а. Ал балықтарда осы а-ның орнына қойып шығаратын сандар бар. Олар: 9; 12; 45; 62; 78. Орнында отырған оқушылар суға шомылып жатырмыз. Өз бетінше шығара береді (тақтаға сандарды жазып қою).
В) Күз мезгілі.
Аюдың құлпынайы күзде өте көп шығыпты, қане, соны теруге көмектесейік.
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп бәрін алайық
Қалтамызға салайық
Құлпынайдың артында тапсырмалар бар. Соларды ауызша орындау.
Өрнек құр және оқу.
1) 805 пен 5-тің көбейтіндісін 1756-ға қосу.
2) 40025: 5 есе артырып 568-ге қос.
Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ағаштағы қонып отырған құстардың жылы жаққа ұшуына көмектесейік. Әр құстың артында есептер берілген.
1. 190*х 2456
2. 2456*а 3456
3. 879: д 5678
4. 8697: а 5544(жылы жаққа ұшатын құстар ғана алынады).
Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерінің бір шумақтан айтып, «Құстар қайтып барады»әнімен аяқтау.
Бекіту жаттығулары
- Гулмиар
- 26 ақпан 2013
- 3600
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бекіту жаттығулары, математика, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайту
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайту есептерін шеше білуі және тиімді тәсілдерді таба білуі; Дамытушылық:...Құстардың көктемгі тіршілігі
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы № 41 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Дусенбаева Рауза Ареновна...Кім зейінді? ойын сабағы
Мақсаты: білімділік: Санды санау, пішіннен бейне құрастыру алған білімдерін бекіту, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру,. Дамытушылық: Балалардың...Жыл құстары
Жыл құстары және қыстап қалатын құстар туралы әңгімелейді: Күннің суытып, жәндіктердің көпшігі қырылып қалады, кейбір жәндіктер ағаштардың қуыстарына...Әріпті өрнектің мәнін табу
Атырау қаласы, №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Махимова Раушан Мубаракқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.