Тақырыбы: Қос сөздің жасалу жолдары (ашық сабақ)
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушылардың қос сөздер туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың жасалу жолдары жайлы мәлімет беру
2. Дамытушылығы: Күрделі сөздер ішінен қос сөздер туралы түсінік бере отырып, олардың жазылу емлесіне және жасалу жолдарын ажырата білетіндей жұмыс түрлерін Еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толу мерекесімен байланыстыра жүргізіп, оқушылардың ой - өрістерін дамыту, сөздік қорлары мен танымдық қабілеттерін жетілдіру
3. Тәрбиелігі: Зейіндерін тоқтатып, дұрыс, әрі сауатты сөйлеуге, ойлауға, ұқыпты жазуға, өз еліне деген мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Көркемділігі: суреттер, интерактивті тақта, Қазақстанның физикалық картасы,
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (сабақтың мақсатымен таныстыру)
- Бүгінгі сабағымыз ерекше өтпекші. Мына бір цифрлар сендерге қандай ой әкеледі?
- 1991 жыл 16 - желтоқсан (оқушылар жауабы)
- 1986 жыл 16 - 18 желтоқсан ше? (слайд. 20 жыл - 25 жыл) 25 жыл нені білдіреді? Ендеше, бұл күнді тағы қандай күн деп атауға болады? Мерекелі, әрі қайғылы. Бұл мерекеге қалай және кімдердің арқасында жеттік? Онда бүгінгі сабағымызда осы күнге жеткізген ата - бабаларымызды, ағаларымызды сәл еске алуға арналады. Бұл мерекені қарсы алу үшін біздің де үлкен үлесіміз қажет. Сабағымызды мынадай ұранмен бастайық:
«Өткеннен өшпес өнеге алып,
Ел болашағын ойлаймын.
Біліммен өрісімді мен шыңдап,
Ата - баба арманын орындаймын»
ІІ. Өткенді қайталау:
- Үй жұмысын тексеру (деңгейлік тапсырмалар)
- Үш оқушыға карточка бойынша жеке тапсырма беріп, тақтада орындату, ережелерімен талдату, яғни асты сызылған сөздер жайлы білетін ережелерді айтып, талдайды.
- 1 - карточка: “Желтоқсан көтерілісі” – ол қазақ халқының тарихында болған ақтаңдақтардың бірегейі.
2 - карточка: Дегенмен, осы оқиғаның ақиқаты әлі күнге жөнді ашылмай келе жатқан сыңайлы.
3 - карточка: Қазақстан ұлтының бостандығын меңзеп көтеріліске топ - топ болып студент жастар шықты.
ІІІ. Жаңа сабақ:
- интерактивті тақтада берілген өлеңді оқу, көшіру:
Мекендеп құз - қияны, Қыран тасқа қонса да,
Шыңға салар ұяны. Мұқалмайды тұяғы.
Проблемалық тапсырмалар:
- Күрделі сөздерді тап; Олардың қалай жасалып тұрғанын бақыла;
- Мағынасын түсіндір;
Ой қорыту: Қос сөздер бір сөздің қайталануы және екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы жасалады. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қос сөздің жасалу жолдары (дәптердің ортасына жазамыз)
IY. Практикалық жұмыс:
Өлеңдегі қыран, мұқалмайды сөздерін желтоқсан оқиғасымен байланыстыруға бола ма? (қыранмен – көтеріліске шыққан жастарды, мұқалмайды – ескірмейді, олардың есімдері ешқашан ұмытылмайды, ескірмейді) Ендеше, осы Желтоқсан құрбандарын орнымыздан тұрып 1мин. еске алып, сол кісілерге арналған естелікті оқып, ондағы қос сөздерді тауып, теріп жазып, олардың жасалу жолдарын ауызша ажыратамыз. (осы кезде слайд көрсетіледі)
ЕСТЕЛІК
Желтоқсан оқиғасының “дүркіреп” өткеніне 25 жыл толып отыр. Әйтсе де, сол бір ызғарлы үш күн әлі де көкейден кетер емес. Кей кезде еске түсе қалса жүрегіміз лүп - лүп етіп шаншиды. Бұл атышулы оқиға қазақ халқының басына қаншама қайғы - қасірет әкелді. Соның ішінде талай ұл - қыздарымыздың қаны судай ақты. Қаншама жап - жас қыршын кетіп осыншасы жазықсыз жұмыстан немесе оқудан қуылды. Талай - талай боздақтарымыз қайғы - қасіретке душар болып, көбі мүгедек болып қалды. Қаһарман ағаларымыздың ерлігін еске алмау, әрине, біздің ар - намысымызға сыймайды. Олар біздің мәңгі жүрегімізде!
Сұрақтар: Халық қаһарманы атанған кімдер екен? (Ләззат, Ербол, Сәбира, Қайрат сынды жастар)
Енді осы Желтоқсан құрбандарын орнымыздан тұрып 1мин. еске алайық.
Y. Оқулықпен жұмыс:
1. 83 - беттегі 56 - жаттығу
Проблемалық тапсырмалар:
• Қос сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрып жазу;
• Жасалу жолдарына көңіл аудару.
2. Ұжыммен жұмыс: 57 - жаттығу (қос сөздерді теріп жазып, жасалуына көңіл аудару)
Мөп - мөлдір, тап - таза, сап - сары, мап - майда, ап - анық, тіп - тік, судыр - судыр.
VI. Ойларын жинақтап, қорыту
Сөйтіп, қос сөздер қалай жасалады екен? (слайдқа көңіл аудару)
VII. Рефлексия: «Пэзия минуты» (көп нүктелердің орнына тиісті қос сөздерді қойып, өлең жолдарын толықтырады)
Ызғарлы сол бір күндері,
...-... болып уыздай.
... -... бұлақ суындай,
Алаңға шықты ағалар.
Алаулап жанған жүздері
... -... болып көздері,
«Елім!» деп соғып жүрегі,
Тұрды ғой біздің әпкелер.
Тәуелсіз Туын көтерген,
Ағалар мен әпкелер!
Сіздер салған сара жол,
Мәңгіге кетер өмірлік!
VIII. Қорытынды.
IX. Бағалау. Үйге тапсырма: 1деңгейге – 58жаттығу; 2, 3 деңгейлерге 56 - жаттығу
Қос сөздің жасалу жолдары
- мака
- 19 ақпан 2013
- 9247
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, қазақ тілі, қос сөздің жасалу жолдары
Ұқсас жаңалықтар:
Қосарлама қос сөздер
Мақсаты: Қайталама қос сөздерді қайталата отырып, қосарлама қос сөздерді меңгерту, сауатты жазуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге, қосарлама қос...Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың жабдығы: Кесте, тапсырмалар жазылған үлестірмелер Жалпы мақсаттар: Зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын,...Қосарлама қос сөздер
Алматы қаласы, Қ. А. Яссауи атындағы №123 мектеп - гимназиясының қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Ешмагамбетова Гүлбахрам Сейткәрімқызы...Спорт жеңімпаздары
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: етістің түрлерін, реттік сан есімнің жасалу жолдарын қалай меңгергендерін бақылау, мысалдар арқылы бекіту....Күрделі сөздерді қайталау
Мақсаты: Күрделі сөздер түрлерін қайталау. Өткен сабақты толықтыру. 2. Оқушылардың қабілетін арттыру сауатты жазуға дағдыландыру, ой-өрісін дамыту....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.