Сайтқа кіру Тіркелу

Дауыссыз дыбыстың жуан айтылуы

Тақырыбы Дауыссыз дыбыстың жуан айтылуы.
Елтаңба. 78 - 79 жаттығу
Білімдік мақсаты:
Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылатындығын мысалдар арқылы түсіндіру. ҚР рәміздері, соның ішінде елтаңба туралы түсінік беру, елтаңба авторлары жөнінде мағлұмат беру.
Дамытушылығы:
Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, қиялын, сөздік қорын, өтілген тақырыптар бойынша білімдерін анықтай отырып, пәнге қызығушылығын арттыру, білімін - дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні:
ҚР рәміздерін қорғауға, Отанын, елін сүюге, төрт - түлікті бағып - қағуға, ҚР білімді азаматтары мен азаматшалары болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдталған суреттер, тірек - сызбалар, ойын бетшелері, деңгейлік үлестірмелер
Әдістері: Көрнекілік, ойын, сұрақ - жауап, баяндау, ізденушілік, модульдық оқыту (М. Жанпейісова), деңгейлеп оқыту, оза оқыту, кіріктіре оқыту
Пән аралық байланыс: дене шынықтыру, саз, әдебиет, құқық, дүниетану

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру.
Тренинг түрінде
- Ойға толып санамыз,
«5»- тік баға аламыз.
Баласындай әр үйдің
Тату болсын арамыз.

2. Өтілгенді пысықтау.
«Ой қозғау!» Ойын: «Кім мерген?»
(Канаданың Ванкувер қаласында болып жатқан қысқы ХХІ олимпиада ойындары туралы айтып өту.)
1 Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
3. Жуан дауысты дыбыстарды ата?
4. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?
5. Сөз қалай айтылады?
6. Сөздің жуан айтылуы неге байланысты?
7. Сөздің жіңішке айтылуы неге байланысты?
8. Жуан айтылатын сөздерге мысал келтір.
9. Жіңішке айтылатын сөздерге мысал келтір.
10. Сәйкестендіру парағы

3. Жаңа сабақ
А) Түсіндіру(Слайдтар арқылы түсіндіру)
- Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, ондағы дауыссыз дыбыстар да жуан болады. Мысалы: (Слайд)
Б) Ережені оқып, таныстыру.

4. Дәптермен жұмыс
А) «Мағынаны тану» (Слайд)
1936 жылы дүниеге келген, халық жазушысы. Невада - Семей қозғалысының жетекшісі
О. Сүлейменов
Алғашқы жинағы «Арғымақ» (1961 ж)
Ордендер мен медальдармен марапатталған.

Ә) Проблемалық сұрақ?
- Арғымақ деген не?
- Ол туралы не білесіңдер?
- Ал жылқы туралы не білесіңдер? (Слайд)

б Көркем жазу 78 - жаттығу
в) Мәнерлеп оқу, талдау (Жылжымалы тақта)
5. Оқулықпен жұмыс ( Т. Молдағалиев «Елтаңба»)
А) Ситуация туғызу. Сұраққа – жауап
- Т. Молдағалиев кім?
Т. Молдағалиев
1935 ж Алматыда облысында дүниеге келген. Лирик, ақын, зерттеушісі өлеңдері 40-тан асқан әдебиет кітап болып шыққан.

- Мемлекеттік рәміздерді ата?
- Мемлекеттік тудың авторы?
- Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Алматы қаласының бас суретшісі.
- Мемлекеттік елтаңбада нелердің бейнесі бейнеленген? (Слайд)
- Ондағы шаңырақ - Отан отбасынан басталады дегенді білдіреді, шаңырағың биік, босағаң берік болсын деген мағынада.
- Ал уықтар елшілес ел - жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.
- Қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, еліктің шапшаңдығын білдіреді.
- Бес бұрышты жұлдыз бағымыз ашылып жұлдызымыз жарқырай берсін деген асыл арманды арқалап тұр.
- Мемлекеттік елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шот - Аман Уәлиханов
ә. Мәнерлеп оқып беру.
Б) Тізбектей оқу

6. Сергіту сәті. Ән:«Мемлекеттік елтаңба»
музыкасын саз пәнінің мұғалімі Ж. Құралбек ағай жазған.
7. «Галереяны аралау» «Елтаңба сыр шертеді»
(Елтаңба тұратын мемлекеттік орындарды слайдтар арқылы көрсету)
8. «Есіңе сақта!» айдары
34 - бап. Әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті.
9. Қорытынды.
10. Үйге тапсырма 79 - жаттығу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×