Сайтқа кіру Тіркелу

Әдепті қыз. Әліпби

Сабақтың тақырыбы:Әдепті қыз. Әліпби.
]Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға әліпбидегі әріптердің ретін меңгерту, мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға төселдіру.
ә) Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне жетелей отырып, сөздік қорын молайту, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Әліпби кестесі. Әдептілікке байланысты суреттер.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топтастыру.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың ойын жинақтап, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақ бойынша:
Балалар бүгін біз сендермен «Білім еліне» саяхатқа шығамыз.
- Балалар білім деген не?
- Білімді қайдан алады?
- Білім – бұл оқу, білім кітапта. Алғаш білім алу балабақшадан, мектептен басталады. Білім – кітапта, оқулықта болады.
- Қане, енді білім туралы қандай мақал білеміз?
«Білім таусылмайтын байлық», «Білім теңіз түбі де, шегі де жоқ», «Кітап оқығандікі, білім тоқығандікі», «Білегіңе емес, біліміңе сен» т. б.
ІІІ. Енді, «Білім еліне» бару үшін бізге оқу құралдары керек болады.
Олай болса, мына сөз жұмбаққа қараймыз. Мына жолдарға оқу құралдарының атын қойып жазып көрелік.

д Ә п т е р
қ а Л а м
к І т а п
П а р т а
с а Б а қ
кан И к у л

Сөзжұмбағымызды шешіп келгенде ортада қандай сөз пайда болды.
ІV. Үй тапсырмасы «Әліпби» өлеңін жатқа айту.

Әліпбиде әліппе оқулығынан танып білген әріптердің ретті тізімі орналасады.
Сұрақтар:
1. Әріп деген не? Дыбыс деген не?
2. Әліпби неше әріптен тұрады?
3. Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
4. Дауысты дыбыс деген не?
5. Дауысты дыбыс неше түрге бөлінеді?
6. Дауыссыз дыбыс деген не?
7. Дауыссыз дыбыс неше түрге бөлінеді?
8. Буын неден құралады?
9. Сөз неден құралады?
10. Сөйлем неден құралады?

V. Фильмнен үзінді.
Оқушылар назарымызды экранға аударайық.
- Бұл фильмді көргендерін бар ма? Кім бұл кинонын атын біледі?
«Менің атым Қожа» фильмі. Бұл балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың жазған кітабы желісі бойынша шығарылған кино.
- Осы көріп отырғандарыңыздай фильмдегі Қожаның мінез - құлқы, тәртібінен не байқадыңдар балалар?
Қожаның жасаған іс әрекеті әдептілікке жата ма?
- Жоқ, әрине. Жасап жүрген ісінің бәрі тәртіпсіздік, әдепсіздік.
VІ. Оқулықпен жұмыс.
107 - жаттығу. «Әдепті қыз» мәтінін ашамыз.
1. Мәтінді оқу.
2. Жалғастыра тізбектеп оқушыларға оқыту.
VІІ. Мәтінмен жұмыс.

1) Мәтін кім туралы?
2) Маржан қандай қыз?
3) Маржанды әжесі неге үйреткен?
4) Әжесі Маржаннан не деп сұрады?
5) Маржан әдептілігін кімдерге көрсетіп жүрді?
6) Ол атасына таңмен не деп айтады?
7) Атасы не деп жауап қатады?
8) Ертеңгі астың алдында атасына не дейді?
9) Атасы қандай бата береді?

Сонымен, әдептілік деген - ең әуелі сәлемдесіп, амандасудан басталады. «Сәлем – сөздің анасы» деп бекер айтпаған. Қандай орындарда болмасын, өзіңнен үлкен адамға сәлемдесу керек.
Ал өзіңнен кішіге қамқор болу керек. Бұл әдептіліктің ең бастысы.

VІІІ. Сөздікпен жұмыс.

Тілі шыққаннан бастап – сөйлей бастағаннан
Құшып – құшақтап
Әдептілік – ізеттілік, сыпайылық
Тәбет – тамаққа ықыласы

Қане, әдептілік туралы қандай мақалдар білеміз?
«Сіз» деген - әдеп
«Біз» деген – көлік.

Әдепті бала ата анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата анасын қақсатар.

Әдептің не екенін –
Әдепсіз адамды көргенде білерсің.

Әдепті бала, арлы бала
Әдепсіз бала, сорлы бала.

ІХ. Дәптермен жұмыс.
1. Мақалдардың жалғасын тап.

2. Кішіпейілділікті білдіретін сөздерді жаз.
Ғафу етіңіз, кешіріңіз, сәлеметсіз бе? Айып етпеңіз,

Х. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз
Қолды белге қоямыз
Бұрыламыз оңға
Бұрыламыз солға.

ХІ. Тақтамен жұмыс. 108 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөздерді әліпби ретімен жазу.
Аңшы, бұтақ, жылға кептер, құмырсқа, толқын.

ХІІ. Топпен жұмыс.
1. «Өз орныңды тап» ойыны бойынша екі топқа үлестірме қағазда сөздер беріледі. Сол сөздер ішінен 1-ші топ әдепті балаға қатысты әрекет мінездерді, 2-ші топ әдепсіз балаға қатысты әрекет мінездерді өз орындарына апарып ілу керек.

Әдепті бала. Әдепсіз бала.
Ізеттілік ақылсыз
Сыпайылық тәртіпсіз
Сәлемдесу салақтық
Ақылды жалқау
Білімді өсекшіл
Тәртіпті өтірікші
Ұқыпты мақтаншақ
Сыйлау еріншек

2. Кестеден жуан және жіңішке айтылатын сөздерді белгілеу.
І - топ
Әдепті қасиеттер Жуан жіңішке
Ізеттілік
Сыпайылық
Сәлемдесу
Ақылды
Білімді
Тәртіпті
Ұқыпты
Сыйлау

ІІ - топ
Әдепсіз қасиеттер Жуан жіңішке
Ақылсыз
Тәртіпсіз
Салақтық
өсекшіл
өтірікші
Мақтаншақ
Еріншек
жалқау

ХІІІ. Сабақты қорыту.
1. Тілек айту. Біз бір сынып оқушыларымыз. Мектеп біздің екінші үйіміз. Біз бір отбасы балалары сияқтымыз, бір бірімізді сыйлап әдептен озбай достықта, бірлікте боламыз. бір – бірімізге қамқор боламыз. Сондықтан сабағымыздың соңында бір - бірімізге тілек айтып, тілектеріміз жүректен орын алсын.
Оқушылар бір бірінің қолдарынан ұстап, сабағыңды беске оқы, денсаулығың жақсы болсын, бақытты бол, ата ана айтқанын тыңда, сен менің досымсың, сыпайы бол, ұқыпты бол, оқуды жақсы аяқта деген тілектер айтады

2. «Мен әдепті баламын» әні орындау.
ХІV. Үйге тапсырма. «Әдепті қыз»мәтіні оқу, мазмұндау.
109 – жаттығу орындау.
ХV. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×