Сабақтың тақырыбы: Бөрте лақ. Ботақан. Құлыншағым.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру, қарсы мәндес сөздер туралы білімдерін тиянақтау, нақтылау.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Қызығушылығы мен танымын арттыру.
Тәрбиелілігі: Төрт түлікке деген сүйіспеншіліктерін ояту, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, сахналау.
Сабақтың көрнекілігі: Жайлауда жүрген мал суреті. жұмбақтар.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:( Оқушылардың ойын жинақтап, назарларын сабаққа аудару)
ІІ. Қызығушылықты ояту. Еске түсір.
- Балалар біз ертегілерді жасы білеміз. Ертегілер қалай басталушы еді?
- Ерте ерте ертеде...
- Ерте заманда
- Баяғы заманда
- Сол ертегілер елінен ақыл айла тапқырлығымен өтірік өлең айтып ханды жеңіп шығатын халық өкілі кім еді?
- Тазша бала.
- Мінекей сол Тазша бала ертегілер елінен бізге келіп отыр. Ол сендердің білімдеріңді бағалауға келіпті. Өзімен бірге сый қоржыны да бар екен. Ал енді Қоржындағы сыйлықтан алу үшін сабаққа жақсы қатысайық.
- Үйге қандай тапсырма берілген еді?
- «Жылқы» өлеңін мәнерлеп оқу. Түсіну.
(Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту)
- Балалар Тазша бала бізге мынадай сұрақтар береді.
-
1. Жылқының қандай пайдасы бар?
2. Жылқы Биенің төлін қалай атайды?
3. Бие сүтінен қандай сусын жасайды?
4. Жылқы етінен қандай тағамдар жасалады?
5. Жылқы малына байланысты қазақтың ұлттық ойындарын ата.(Бәйге, аударыспақ, кыз қуу, көкпар.)
6. Қылынан не жасайды?
(Қылынан арқан, жіп ескен.)
Қыл – жалдың, құйрықтың жіңішке ұзын талы.
(Тақтада малдардың суреттерінен аттарын атау)
Қой, сиыр, түйе, құлын, бұзау.
- Балалар қазақ халқы шаруашылыққа қандай малдарды пайдаланған?
- Өгіз, түйе, ат.
- Оқушылар біз жайлауға саяхат жасаймыз. Осы малдардың қайсысын көлік етіп аламыз?
- Атты.
- Олай болса, қане кім жылқының дауысын салып береді?
- Қалай шақырамыз?
- Құрау-құрау, мох-мох
- Хормен шақырып көрелік.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар тақтада суретте не берілген?
- Жайлау, малдар, төлдер, киіз үй, тау.
- Суретке қарап тақырып қойып алайық.
- Жайлауда.
Малшылар көктем шығысымен малын айдап жайлауға көшеді. Жайлауда шөп мол болады. Малшылар жайлауға апарып киіз үй құрады. Қойшылар қойларын шөбі мол жерге бағады. Қойды қойшы атпен бағады. Жайлауда көже, шұбат, сүт, құрт - май көп болады. Жайлау көк шөбімен өте әдемі болып жатады. Жайлауда өте көңілді болады.
- Балалар, мал бағу ата бабамыздың ертеден келе жатқан кәсібі. Төрт түлікті кисе киім, жүрсе көлік, ішсе сусын, жесе тамақ қылды. Іштеріңде естіп жүргендерің бар ма үлкен кісілер амандасқанда «мал жаның аман ба?» деп амандасады. Сонда бірінші нені сұрап тұр байқадың ба?
- балалар мал мына суретте қалай жайылып жүр?
- топ – топ болып
- малдың бұлай топ болып жайылуының да аттары бар.
Қойды отар – отар, сиырды табын – табын, жылқыны үйір – үйір, түйені қадау – қадау дейді екен.
Қадау – қадау деген – бұл жалғыз дегенді білдіреді.
Енді осы суреттен малдар төлдерін атап жіберейік.
- Қозы, лақ, бота, құлын, бұзау.
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы төлдер жөнінде болмақ.
ІV. Оқулықпен жұмыс. 179 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Төлдерді атау
3. Өлеңді оқушылардың тізбектей оқуы.
V. Сөздік жұмыс
Секектеме – секірме
Деміңді ал – тынық
Құстай қанат қағады – жүгіреді
VІ Ойын ойнайық!
«Мен бастайын, сен аяқта»
Қой баласы қоңырым
Қойдай жуас момыным
Шопан ата түлегі
Қошақаным қайдасың
Пұшайт, пұшайт!
Жауын жауса, бақырған,
Ешкі атасын шақырған.
Өрісте өткен жануар,
Шөкетайым қайдасың
Шөре, шөре!
Жолға шықсам, көлігім,
Жапанда жүрсем, серігім.
Қамбарата өсірген,
Құлыным менің, қайдасың?
Құрау, құрау!
Тілімен мұрнын жалаған,
Тілімен бойын тараған.
Зеңгібаба өсірген
Әукешім менің, қайдасың?
Аухау, аухау!
Екі көзі танадай,
Екі өркеші баладай,
Ойсылқара баласы,
Ботақаным, қайдасың?
Көс, көс!
Малды қалай шақырады? (Оқушылардан жеке жеке сұрау)
Қошақанды пұшайт, пұшайт
Лақты шөре шөре
Құлыншақты құрау құрау
Бұзауды аухау аухау
Ботақанды көс, көс
VІІ Енді осы төл атауларына дыбыстық талдау жасап жіберейік.
Лақ – 3д, 3ә, 1б. Бота – 4д, 4ә, 2б. Бұзау – 5д, 5ә, 2б.
Дыбыс деген не?
Әріп деген не?
Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
Сөз неден құралады? Мысалы:
Сөйлем неден құралады? Мысалы:
VІІІ Дәптермен жұмыс.
1. Мағынасы жуық сөздерді сызықпен қос.
Әдемі ажарлы көрікті сұлу
Шыдамды төзімді мықты
Жуас момын ынжық
2. Жоғалған сөзді тап.
Сүт, құлын, момын, ертегіні (Оқушыға тақтаға жазғызу)
3. Көркем жаз.
ІХ. Сергіту сәті.
Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың
Секең секең ей лақ
Жүрмін саған кейіп ақ
Тыным тапсаң болмай ма
Секірмей ақ кей уақ
Мұғалім:
Балалар біз өткен сабағымызда айтқандай әр түліктің бақташы, пірі, иесі болады дедік, атап жіберейікші
Қой атасы – Шопаната
Жылқы атасы – Қамбарата
Ешкі атасы – Сексеката
Түйе атасы – Ойсылқара
Сиыр атасы – Зеңгібаба Ата деп отырғанымыз сол малды бағып күткен адам. Сол аталарымыз сендерге мынадай сөзжұмбақ береді.
Х. Сөзжұмбақ шешейік.
1. Кішкене ғана бойы бар
Айналдыра киген тоны бар
2. Сиыр малының төлі.
3. Тастан тасқа секірген
Ұзын салпақ құлақты
Қойдан маза кетірген
Кім біледі (лақты)
4. Қамбар атаның алдына салып бағатын жануары?
5. Сыңар өркешті шөлге төзімді мал.
қ ұ л ы н
ХІ. Сабақты қорытындылау.
Сахналық көрініс. «Төлдердің айтысы»
Төлдердің айтысы
- Иеміз қайсымызды жақсы көреді?
Лақ:
- Әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді, мамықтай түбітімізді пайдаланады
Құлын:
- Лақ сен орынсыз мақтанасың. Малда бізден ешқайсың аспайсыңдар. Біз майданның да еңбектің де тұлпарымыз. Біздің етіміз азық, қымызымыз ем.
Бұзау:
- Сендер босқа мақтанасыңдар. Ием мені жақсы көреді. Адамның тіршілігіне ең пайдалысы мен. Шелек - шелек сүт, қарын – қарын май, қап – қап құрт, ірімшік бізден шығады.
Қошақан:
- Бәрің де босқа мақтанасыңдар. Ием бәріңнен де мені жақсы көреді. Сақылдаған сары аязда тоңдырмайтын жылы пима, тондар менің жүнім мен терімнен жасалады.
Бота:
- Бәріңнен кем біз бе екенбіз? Малдың ен қадірлісі бізбіз. Адам біздің шұбатымызды, мамықтай жүнімізді пайдаланады. Ерте кезде күш көлігі де біз болғанбыз.
Адам:
- Сендер босқа таласпаңдар. Бәрің де адамға пайдалысыңдар. Әрқайсыларыңның өз орындарың бар.
ХІІ. Сөздерді орнына қойып, сөздерді айту.
1. Өріске, мал жайылды.
2. Шоп, қозы жеді.
3Ішті құлын су.
4Тасқа, лақ, секірді.
Бөрте лақ. Ботақан. Құлыншағым
- Жанаргул
- 14 ақпан 2013
- 27672
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бөрте лақ, сөзжұмбақ, ертегі
Ұқсас жаңалықтар:
Төлдер айтысы
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру, қарсы мәндес сөздер туралы білімдерін тиянақтау,...Малсақ бала. Өтебай Тұрманжанов
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Өтебай Тұрманжановтың өмірі және шығармашылық жолын таныстыра отырып, өлеңнің мазмұны мен идеясын түсіндіру. 2....Төрт түлік мал
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 "Айгөлек" балабақша әдіскері Жалмагамбетова Кунасыл Исламовна...Түлік төлден өседі
Құрметті ұстаздар және ата - аналар! Бүгінгі 1 «г» сыныбындағы «Түлік төлден өседі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Осы жерде тәрбие...Төрт түлік малдар
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы "Горный ЖББОМ" КММ бастауыш класс мұғалімі: Ахметқалиева Камалия Мұқанқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.