Сайтқа кіру Тіркелу

Қош, сүйікті әліппе!

Мақсаты:
1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін көрсетуге көмектесу.
2. Мәнерлеп өлең, қара сөздерді айтуға, үйренген білім, білік, дағдыларын ары қарай жетілдіруге жағдай туғызу.
3. Оқуға, білім алуға, қоршаған ортаны аялауға, достық қарым - қатынас орнатуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: шарлар, ленталар, плакаттар, "Алтын кілт".
Құрылымы: Сахнада "Ерте, ерте, ертеде... әуені ойналады" / балалар музыкамен кіреді/
Жүргізуші: Ал, қанеки, балалар, ата - аналар, құрметті қонақтар! Жайғасып отырыңыздар! "Ертегілер еліне аттанамыз.. Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын!
Хор: «Мектеп»
Шырша жанында кескен томар үстінде ертегіші отырады.

Ертегіші: - Балалар, бұл дүниеде мен бармаған жер, баспаған тау қалмаған шығар сірә. Көпті көрдім, ойға түйдім, бірақ мұндай ғажайыпты бұрын сонда көрмеген емеспін.
Күндердің бір күнінде таңғажайып Күн елінде " Сиқыршы қыз" бар дегенді естіп, алыс сапарға аттандым. Бетбақ даладан өтіп, орман ішіне кіргенім сол екен, қарсы алдымнан ғажайып сұлу қыз шыға келді. Үстіндегі киімі ақ, өзі сондай әдемі. Ай десе аузы, күн десе көзі бар, шашы беліне түседі. Сенбесеңдер қазір өзі де келіп қалар.
Сиқыршы қыз шығады: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге ертегі айтып берсем қалай қарайсыңдар?
Оқушылар: Айтыңыз
Сиқыршы қыз: Ерте, ерте ертеде, әліппе деген хан болыпты. /Әліппе шығады./
Әліппе: Армысыңдар, жас достар
Армысыңдар ата - аналар
Болашаққа жол бастар әліппең келді ортаға /иіліп амандасады/
Сиқыршы қыз: Ханның 15 ұлы 12қызы болыпты. / қыздар, ұлдар орындарынан тұрады./
Әліппе: Білім деген ғажаптың
Әліппеден меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
1 Оқушы: Жақсы кітап әліппе,
Үйретеді әріпке.
Қуыршақпен қоштасып,
Әліппемен достастық.
А - дан бастап әріпті,
Теріп бізге үйретті.
2Оқушы: Үйретті бізді Әліппе,
42 дербес әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен,
Лайық болды дәріпке.
0 - Оқушы: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппемен қоштасқалы отырмыз.
Әліппе: Сұлу бикеш, қолыңыздағы таяқшаның сиқырын балаларға көрсетпейсіз бе?
Сиқыршы қыз: Әрине, осы таяқшаның көмегімен бұл кешке мен де өзімнің достарымды шақырғым келеді.

/ Осы кезде таяқшаны жоғары көтеріп сілтеп қалғанда, Желаяқ, Таусоғар, Дымбілмес келеді/.
0 - Оқушы: Сәлеметсіздер бе, сіздер кім боласыздар?
Желаяқ: Мен аяғыма шаң жұқпас жүйрікпін. Ұшқан құс, жүгірген аңның менен құтылғаны жоқ. Өз екпінімен тоқтай алмайтын болғандықтан, аяғыма қазандай қара тас байлап аламын.
Таусоғар: Ал мен, жұрттан асқан алыппын, жердің үстінде де, астында да, маған шақ келетін адам жоқ. Қайратым ішіме сыймаған соң, тауларымды көтеріп, ермек қыламын. Таусоғар деген ермін.
Дымбілмес: Ал мен, мен, мен... Мен ештеңе де білмеймін. Менің атым Дымбілмес.
Желаяқ: Бұл не жиын?
0 - Оқушы: Сүйікті Әліппемен қоштасып, ана тілімен достасуға келдік..
3 Оқушы: Мен енді өзім - ақ оқып, жаза аламын.
4 Оқушы: Мен кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендім.
Дымбілмес: Балалар, мен де сендер сияқты оқып үйренгім келеді.
0 - Оқушы: Дымбілмес, қорықпа, біз саған үйретеміз.

Желаяқ: Міне ғажап, сендер не, өздерің оқып, әріптердің бәрін білесіңдер ме? Мен сияқты жүйріксіңдер ме? Дәл қазір маған өз өнерлеріңді көрсете аласыңдар ма? Көрейінші.
/Сәл ойланып/ Мен сендерге жұмбақтар жасырайын, шешуін таба аласыңдар ма?
1. Екі сиырдың мүйізі нешеу? /4 - еу/
2. Сырты жаз, іші қыс. Бұл не? /тоңазытқыш/
3. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады. /қарлығаш/
- Бәрекелді, жарайсыңдар.
Дымбілмес: Маған өлең оқып беріңдерші.

5 Оқушы: А деген ол - Аналар ғой ардақты.
Ә деген ол - Әкелер ғой салмақты.
Б деген ол - Балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі.
6 Оқушы: Алфавиттің А тұрады басында,.
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші?
7 Оқушы: А әрпіне Т әрпін
Қосып едім Ат болды.
Қосып едім атқа А - ны
Атам оқып шаттанды.
8 Оқушы: Екі тіреу,
Басшы біреу
Бұл қай әріп? "Н"
9 Оқушы: Сақинаға қарайық
Ұқсайды оған қай әріп? "О"
10 Оқушы: "Қайда?"- десең қалған әріп,
Олар да ауыл, аудан барып,
Еңбек етіп жатыр екен,
Әріп біткен батыр екен.
Хор: "Әліппе"

Таусоғар: Желаяқ, Дымбілмес, сендер өте жеңіл тапсырмалар беріп отырсыңдар. Қане, менің тапсырмаларымды орындап көріңдерші.
- Сендер не үйрендіңдер?
11 Оқушы: Оқуды, жазуды, ән айтып, би билеуді.
Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды.
Жерімізге, елімізге жақсылық жасауды.
Таусоғар: Сендер нені сүйесіңдер?
12 Оқушы: Отанды, ата - ананы, достарымызды.
Табиғатты, ұстазымызды, алтын ұя мектебімізді.
Таусоғар: Нені ажырата білесіңдер?
13 Оқушы: Жақсылық пен жамандықты,
Ақ пен қараны.
Таусоғар: Сендер өскенде кім боласыңдар?
14 Оқушы: Адал азамат, оқымысты ғалым.
Елін сүйген ер, нағыз Адам боламыз.
0 - Оқушы: Біздің ата - аналарымыз да өте тапқыр

Сиқыршы қыз: Олай болса Тамерланның анасы, мына жаңылтпашты айтып көріңізші./ оқушының ата - анасы өзінің баласының жаңылтпашын қайталап айту/
15 Оқушы: Айта - айта жақ талды,
Қайта - қайта жатталды.
Қайта - қайта жақ талды,
Айта - айта жатталды.
16 Оқушы: Қаштым қатты - ақ,
Ұшты қалпақ.
Балық сатпақ,
Аяқ батпақ.
Көрініс: «Әке мен бала»
/Әкесі үйде кітап оқып отырады, баласы даладан жүгіріп кіреді/
Бала: Әке, әке Мен 5 алдым
Әкесі: Кәне, әкелші күнделігіңді, көрейін./ әкесі күнделігін қарайды/ Математикадан екі, денешынықтырудан үш. Кәне бесің?
Бала: Туу, әке. Соны да білмейсің бе? Үшке екіні қосқанда бес болмай ма?
Әке: Мен саған көрсетейін, бесті................/ әкесі баласын қуып кетеді/
Сиқыршы қыз: Ойын ойнату Ортаға 2 ата - ана шығады. 1 ана – кластағы қыз балалардың атын айтады, 1 ана - кластағы ұл балалардың атын айтады.
0 - Оқушы: Біздің жақсы оқуымызға көмектескен аяулы аналарымызға мың алғыс!
17 Оқушы: Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
Таусоғар: Қандай ғажап! Міне керемет! Мұның бәрін кім сендерге үйреткен?
0 - Оқушы: Біздің ұстаз
18 оқушы: Ең алғаш қолға алған әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
19 Оқушы: Әліппемен аштым мектеп есігін,
Тербетемін білім бөбек бесігін.
Өмір деген өрлі өзенге шашылып,
Жаттап өстім Ұстазымның есімін.
20 Оқушы: Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
"Әліппе" сырын ұқтырған,
Рахмет, ұстаз алғашқы!
Хор: " Мұғалім ол біздің"
0 - Оқушы: Мектепке келгенімізге 4 ай ғана уақыт өтті. Осы уақыттың ішінде біраз нәрсені үйрендік. Осының барлығын үйреткен "Әліппе!"
21 оқушы: Қош бол, Құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
22 Оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты, міне, балаңыз!
Хор: «Үйретеді мектептерде»
- Осымен, құрметті қонақтар, ертегіміз аяқталды. Келесі мейрамда кездескенше күн жақсы.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Әліппемен қоштасу

Әліппемен қоштасу

Әр оқушының сабақтан тыс уақытта айналысатын іс–әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкінділіктерін ашу;...
Қош бол, сүйікті Әліппем

Қош бол, сүйікті Әліппем

Қымбатты аталар мен ақжаулықты аналар! Бүгін 1 - сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр. Міне, бүгін біз барлық ғылымның...
Рахмет саған, Әліппе!

Рахмет саған, Әліппе!

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Айымжан ауылы, Айымжан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаметкалиева Жақсылық Қазезқызы...
Әліппемен қоштасу

Әліппемен қоштасу

Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың...
Әліппемен қоштасу

Әліппемен қоштасу

Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×