Сайтқа кіру Тіркелу

Әліппе - білім бастауы

Тақырыбы: «Әліппе - білім бастауы»
Мақсаты:
а) Сауат ашқан «Әліппеге» деген өлең, тақпақтарын мәнерлеп айту, «Әліппеден» алған білім - білік дағдыларын көрсету.
ә) Пәнге деген қызығушылығын арттыру, тілін дамыту сауаттылығын жетілдіру және шапшаң оқуға жетелеу.
б) Отанын, туған жерін, мектебін сүюге, Қазақстан Республикасының білімді азаматы мен азаматшасы болуға жетелеу.
Көрнекілігі:
«Біз ХХІ ғасырдың ұрпақтарымыз» ұраны, интерактивті тақта (слайдтар), шарлар, нақыл сөздер, Абай, Ыбырай суреттері, Алфавит, «Сандар құрамы»- буклеті, т. б
Жүру барысы:
Ж о с п а р ы:
1. Кіріспе сөз
2. Әліппеге арнау. Әдеби - монтаж.
3. «Мен не үйрендім» бөлімі.
а) «Әдемі етіп жазамын» (оқушылардың көркем жазуы)
ә) «Есептеуге кім жүйрік» (есептер, сан құрамын айту)
б) «Кім шапшаң оқиды» (оқушылардың оқуын шапшаңдығын байқау)
в) «Менің шығармашылық жұмыстарым» (оқушы қоржыны)
4. Қорытынды бөлім.
(Марапаттаулар, құттықтау сөздер)
Кіріспе сөз:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Елдігіміз ескеріліп, еңсеміз көтеріліп, тәуелсіз мемлекет болғанымызға да 18 жылдай уақыт өтті. Еліміз 50 елдің қатарына қосылу үшін елбасымыз Н. Ә. Назарбаев білім беру саласына да көп міндеттер жүктеді.
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Сондықтан жас ұрпақ білімді, сауатты болуы үшін ата - аналарға да жүктелер міндеттер аз емес.
Күні кешегі ойын баласы болған сіздердің балаларыңыз, бүгінде бойларына үлкен міндет, жауапкершілік арқалап отыр. Сауат ашу мақсатында қолға алғаш ұстаған кітабы - Әліппе оқулығы.
Енді оқушылармен бірге білім бастауы болған Әліппе оқулығымен қоштасу мақсатында «Әліппе - білім бастауы» атты ертеңгілігін ұйымдастырып отырмыз. Баршаңыз да қош келдіңіздер!
Ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
1 «а» сынып оқушылары дайындаған «Әліппе - білім бастауы» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
1 - оқушы
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппемен қоштаспақ
Ой білімі жаңғырып
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш балдырған
Құтты болсын тойларың
2 - оқушы
Шашу, шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық
Шашу шашу шашайық
3 - оқушы
Армысыздар аналар
Бармысыздар балалар
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр әніміз
4 - оқушы
Ұқсатпа мені басқаға
Есейдім 7 жастамын
Қош айтысып бақшаға
Мектепке жолды бастадым
5 - оқушы
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды мейіріммен
Қадамымды құп алып
6 - оқушы
Еркесі едім атамның
Еркесі едім анамның
Толып биыл 7 - ге
Мен де оқушы атандым
7 - оқушы
Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені әріптердің бәрін танып,
сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. Енді өзіміз оқып, жаза алатын болдық..
Мұғалім: Сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.
- Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар:
Болашаққа жол бастар,
Ол сүйікті Әліппе!
8 - оқушы
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат ашып тойладық
Мұғалім: Олай болса ортаға Әліппені шақырайық!
хор: Әліппе, әліппе!
Әліппе:
Армысыздар, жас достар
Армысыздар ата - ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық
Не үйреніп не білдік
Кәне ортаға салайық!
Жүргізуші:
Армысыздар, жас достар
Болашаққа жол бастар
Әліппесін меңгерген
Әріптер әлеміне саяхатқа шақырамын.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Тасшағыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Молдағалиева Бақтыгүл

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×